туралы: «Әдеби шығарманың мазмұны – өз эстетикалық идеалының тұрғысынан сурткер таныған
ақиқат өмір, пішін (форма) – осы шындық түтастырыла жинақталған көркем образдар жүйесі, яғни
әдеби қаһармандар өмірі», – деп анықтама береді.
Бекіту сұрақтары
1.
Көркем шығарманың мазмұны дегенді қалай ұғасыз?
2.
Шығарманың пішімі неге өзгермелі сипатта болады?
3.
Мазмұн мен пішіннің байланысы қандай?
4.
Көркем шығармаға аналитикалық талдау жасағанда негізге алынатын талаптар қандай?
5.
Зейнолла Қабдолов мазмұн мен пішіннің бірлігі жөнінде қандай тұжырым айтады?
Әдебиет
1.Райан М. Әдебиет теориясы. Кіріспе: оқулық. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 292
бет. - ISBN 978-601-7943-37-0.
2.Ривкин Д., Райан М. Әдебиеттеориясы. Антология. 1-4том: оқулық. - Алматы:
Ұлттықаудармабюросы, 2019.
3.Жарылгапов Ж.Ж., Такиров С.У. Әдебиет теориясы: оқу құралы. - Алматы : Отан баспасы, 2018.
- 172 бет.
4.Нұрғали Р. Жеті томдық шығармалар жинағы. Т.5. Әдебиет теориясы. Нұсқалық. - Астана:
Фолиант, 2005. - 536 б.
Тақырыбы
: Композиция. Сюжет пен фабула.
Сағат саны
1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.
Көркем шығармадағы сюжет желісі.
2.
Сюжет пен фабула туралы ой-пікірлер.
3.
Сюжет түрлері, сюжеттік желілер.
4.
Сюжет және көркем тартыс.
5.
Қазақ әдебиетіндегі сюжет түрлері (М.Атымов).
Дәріс тезисі:
Композиция – латын тілінде құрастыру, тәртіпке келтіру деген ұғымды білдіреді.
Әдебиет теориясында композиция – көркем шығарманың құрылысы деген сөз.Көркем
шығармадағы негізгі әңгіме адамдар жайында болғандықтан, олардың сырқы пішіні, кескіні,
мінез-құлқы, іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, сөйлеген сөзі, қысқасы, өмірдегі адам қандай болса,
көркем шығармада кездесетін оқиғаның осылар тәрізді, әр алуан бөлшектердің қалауын тауып,
жазушы шебер қиюластырып, бір бүтін нәрсе етіп шығарады. Сюжет дегеніміз – шығармадағы
кейіпкерлердің бір-бірімен байланысы, қарым-қатысы, күрес-тартыстары, яғни шығармадағы
оқиғаның дамуы.Ендеше, оқиға қалай болса солай суреттелмейді; белгілі бір тәртіппен дамиды.
Бір оқиға себебі болса, екіншісі оның нәтижесі. Адамдардың арасындағы күрес-тартыстар тек
кездейсоқ нәрсе емес, өмір шындығы, өмірге екі түрлі көзқарас, екі түрлі мінездің түйісуі екендігі
аңғарылады. Оқиғаның белгілі бір мекенде, белгілі бір мезгілдерде болғандығы көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: