от, ыршыған от күшейіп
динамитке айналады.
Әскери-техникалық лексикаға жататын
динамит метафораланып,
жүрекке баланады. Модальділігі біркелкі сөздер шоғыры кейіпкер жанының
ширығуын көрсетеді, бұл орайда қатар келген екі жолдағы мәндес
қасақы, қасақана сөздері, ұйқас қажеттілігіне сәйкес инверсияланған
қыр көрсету фразеологизмі, қимыл-істегі шарттылық
(қуса, көнсең), антогонистік сипат
(жау - сен), ауызекі сөйлеу тіліне тән, эмоционалды
масқара сөзі,
графикалық құралдар (леп белгісі, көп нүкте) жас ұлан жүрегінің жай-күйін
танытады.
Келесі шумақтағы ер ұланның жауға арнауында поэтикалық
қолданыстағы ұлттық нақышты сөздер мағынасының сана сүзгісінен
өткізіліп, қайта жаңғыруы (переосмысление) арқылы қайталанбас символ
жасалған.