132
тоғыз аққу келіп қонады. Қанаттарын қағып-қағып
жіберіп, аққу киімдерін шешіп тастап, тоғызы да
ішкен суы тамағынан көрінген сұлу қыздарға айна-
лады. Жігіт біреуіне үйленеді. Біраз уақыт өткенде
әйелдің аяғы ауырлап, айы-күні жақындайды. Бар-
кая бірде аңнан келсе, қосында жылап бала жатыр.
Әйелі жоқ. Аққу болып ұшып кетіпті. Баланың атын
Құттықия қояды. Аңшы болып өседі. Тоқтамыс
ханның сұңқарларын бағады. Бұл ертектің арғы жағы
басқа варианттағылармен бірдей, Құттықиядан Едіге
туады [5.19-21].
Жалғыз баланың ерекше жағдайда дүниеге келуі,
оның батыр болып, өз тайпасына, руына қызмет етуі-
дүниежүзі фольклорында ежелден бар мотив. Батыр-
лар жырының классикалық үлгілерінде өмірбаяндық
сарындар-батырдың ғажайып болып тууы, ерекше
балалық шағы, тым ерте жасаған алғашқы ерлігі,
үйлену үшін жорыққа шығуы, керемет жағдайда
қайтыс болуы тұрақты түрде әрі кеңінен сөз болса, ел
өміріндегі елеулі саяси қақтығысты бейнелеу алдына
негізгі мақсат етіп қойылған тарихи жырлар дейді.
Қаһармандық эпостағы өмірбаяндық сарындардың
ерекшеліктерін қысқа мақала аясында жан-жақты да
толық ашып көрсету мүмкін еместігін ескере оты-
рып, біз бұл жерде көрсетілген сарынның арнайы
әрі кешенді түрде зерттелуі-қазақ фольклортануының
маңызды мәселелерінің бірі екеніне көпшілік на-
зарын аударуды мақсат тұттық. Бұл сарынның
қаһармандық эпос кейіпкерлерінің образдарын ашып
көрсетуде елеулі қызмет атқарып, жыр арқылы бей-
неленген халық арманын, асыл мұратын қалың
бұқараға ұқтырудың тиімді тәсілі болып табылғанына
зерттеушілердің барлығы да тоқталған. Бүгінгі күннің
басты міндеті сондай ұлағатты пікірлерді жаңа заман
талаптары тұрғысынан қайтадан зерделеп, рухани
жаңғыру мәселелерін шешуге пайдалану деген ойда-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: