1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет109/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Abstract: 
One of the outstanding educators of the Kazakh people, a great writer,a wonderful teacher, grandfather of 
Kazakh children's literature Ibrai Altynsarin not only built his way into the history of Kazakh literature, but also talked 
with Russian,Persian-Tajik, Arabic literature in General and talked with the world literature. In connection with his 
teaching activities,Ibrahim Altynsarin believed that the problem of training and education of Kazakh youth is one of the 
main tasks on the way to which he visited the country and the land, showed inexhaustible dedication and memorable 
work on world literature and the window. All this was for future generations. Therefore, our main task is to instill in the 
minds of future generations the rich heritage of Ibray Altynsarin, which legally occupies a place in the history of our 
written literature.
Иә, қазақ халқынан шыққан халық
ағартушыларының бірі, ірі жазушы , тамаша ұстаз, 
қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтын-
сарин қазақ әдебиеті тарихында ғана өзіндік сара
жолын салып қана қоймай, орыс, парсы-тәжік, араб
жалпы айтқанда әлем әдебиетімен аралас-құралас
болып, жан-жақты байланыс жасаған. Оған себеп, 
Ыбырайдың заманында қазақ халқының әдебиеті
бүгінгі күндегідей тамырын кеңге жайып, өсіп-
өркендеп, романтизмдік, постмодернизмдік бағытты
ұстанбаған еді. Сондай-ақ, қазақ әдебиетіне Ыбырай
атамыз әлем әдебиетімен байланыс жасау арқылы
өзінің әдеби таным-түсігін кеңінен дамытуды көздеді. 
Осы қарқынмен Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы
Шығыстану ғылымымен шұғылданушы Ильминский-
ге хат-хабар жазады. Ильминскийдің шақыруымен
1867 жылы Ресейге табан тіреп, біраз уақытқа Пе-
тербург, Қазан қалаларында аяндайды. 19 ғасырда-
ақ өзінің белгілі бір білім жүйесін қалыптастырған
орыстардан көптеген әдіснамалық принциптерді 
санаға сіңіріп, үйрену жолында көп уақыт бойы
еңбектеніп жүреді. Ресейдің «қазақ халқын ілім-
ғылымнан хабарсыз дүбара санауының бір себебі, 
қазақтардың әлі күнге дейін оқу құралының жоқ
екендігінен» деген талай сыпсың сыбыстардан ха-
бардар болып жүрген Ыбырай Алтынсаринді на-
мыс қысып, оқу құралды жасау жолдарын орыс 


129
көкелерімнен үйреніп алады да, елге келіп кітап
шығару мәселесіне толықтай кірісіп кетеді [1,474б]. 
Талай ұйқысыз түндермен, күлкісіз күндерді 
атырғаны нәтижесінде Ыбырай атамыз 1879 жылы
Орынборда алғашқы Қазақ хрестоматиясын дүниеге
әкеледі. Дәл осы жыл, қазақ халқының білімге қарай
бір емес бірнеше баспалдаққа көтерілуінің ең үлкен
бір себепшісі болған еді. Қазақ хрестоматиясының
ішінде орыс алфавиті негізінде жасалған , балаларға
арналған новеллалар мен шағын ғана өлең-жырлар
жазылған еді. Ұлы ағартушы оқулық жазу барысын-
да орыстың талай «мен» деген ғұламаларымен та-
нысып, әдебиет пен мәдениетке қатысты пікір алма-
сып, Паульсонның «Книга для чтения и практических
упражнений в русском языке, К.Д. Ушинскийдің 
«Детский мир», «Родное слово», Л.Н. Толстойдың 
балаларға арналған кітаптарынан мәтіндерді тұңғыш
рет қазақ тіліне аударып, қазақ хрестоматиясына 
енгізеді. Орыстың ұлы педагогтарымен тәжірибе ал-
масып, халық ағарту қызметкерлері – Я.П.Яковлев,
А.А. Мазохинді Қазақстанға қонақ етеді. Сол күннен
бастап олар «Біз қазақтар жайлы қате пікірде бо-
лыппыз. Шын мәнісінде олар өнерлі әрі өте білімге
құштар жандар. Тек үйретсем, оқытсам (оқытушылар) 
деген жандар аз» деп жанға жағымды субьективті
көзқарастары мен ыстық лебізін білдіріп кеткен 
екен [2,226б]. Осыдан-ақ, Ыбырай Алтынсариннің
Ұлы Ресейге қуыста жатқан Қазақтың жәй халық
емес екендігін дәлелдеп кеткендігін аңғара аламыз.
Осы тұста Ыбырай Алтынсарин шығармашылығының
тәжік-парсы әдебиетімен байланысы үдей түсті. 
Фердаусидің «Иусиф вә Зулайха», Низами «Ескендір 
намасында», «Қисас-и Рабғузи» кітабындағы Лұқман 
дастандарын өзінше өңдеп, қайта жырлаған Ыбырай
Алтынсарин қазақ әдебиетіне жаңа леп, тың серпіліс
әкелген болатын. Ы.Алтынсарин Құрандағы, Шығыс
аңыз-әңгімелеріндегі адамгершілік идеясын балалар 
санасына сіңіруді көздеп, «Өсиет өлеңдерінде» енді
Ескендір жайында әңгімелейді. Мәңгілік өмір сүруге 
себепші болатын өмір сусынын іздеген Ескендірдің
шарасыз күйге түскенін Низамиден сәл бұрмалап
аударып кішкентай ғана оқырмандарға ұсынады. Ал 
Абай Ескендірді өзінше аударады. Естіген құлаққа,
көрер көзге сенсек Абай мен Ыбырайдың тәжік, 
парсы, араб елдерімен әдеби тығыз байланы-
ста жүрген бірден-бір ұлы ақындар екенін тілге
тиек етеді. Алайда екеуі бір-бірімен кездесіп
сөйлеспеген, шығармаларымен де таныс емес Ыбы-
рай мен Абайдың Ескендір туралы жырларындағы
ой-пікірлерінің бір жерден шығып, тоғысуы таң
қалдырады [3,112б]. 
Фердаусидің «Иусиф вә Зулайха» дастанында
Ыбырай өзіндік ой-өрнегімен аударып, басылым
беттеріне жариялайды. Кейіннен Қазақ халқының
басына қиын күн туған тұстарда отаршыл ел
Ыбырайдың Жүзіп-Зылихасын тарих сахнасынан
күштеп алып тастайды. Әйтпегенде, бүгінгі күні
Ыбырайдың кіршіксіз, пәк, махаббат дастаның жатқа
оқып отырар едік. Әттең...
Ал, «Қисаси Рабғузи» кітабындағы Лұқманың
Ыбырай араб тілінен қазақ тіліне тәржімалайды.
Қазіргі мектеп бағдарласында оқытылып жүрген, 
Лұқман хәкім Ыбырайдың аса ірі туындыларының
бірі әрі бірегейі болып саналады. 1310 жылы жарық
көрген Бур Ханеддинұлы қазы Несреддиннің
Лұқманынан ешбір кемшілік байқалмайды. Есесіне 
өзіңдік бір рең, түрлі палитралды бояуын қосқан ба
деп қаласың... 
ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болған Көрғұлы
қиссасының Ыбырайда кейбір үзінділері үзік-үзік
кездессе, атақты «Шахнама» шығармасының сырлы
сюжеттері мен ауырлау тілі Ыбырайда ара-тұра, 
астыртын байқалады. Бұл оның әлем әдебиетімен
сусындап өскенінің айқын көрінісі. 
Ыбырай Алтынсариннің тәжік әдебиетімен
байланысының бірден -бір дәлелі ретінде тәжік со-
вет энциклопедиясын айта аламын. Себебі, тәжік со-
вет энциклопедиясының 8-ші томында Қазақстанға 
арналған мақаласында Алтынсариннің де есімі ата-
лыпты. Онда «Қазақтарда Ыбырай деген ұлы адам
бар. Ол ең алғашқы оқулықты қазақ халқына тар-
ту етіп, қараңғы халықтың көзін ашты. Бабалардың 
жүрегіне нұр септі» деп жазылған көрінеді 
[1,468б]. Соған қарағанда Тәжіктердің де арасында
Ыбырайдың мәшхүр аты танымал болғанын байқай
аламыз. Ал ұлы Араб әдебиетінің байланысының
бір көрінісі ретінде, Ыбырайдың мына бір жыр-
дастанын назарларыңызға ұсынайын. 
«Иманды ер құдайынан ұялады, 
Ұялып иесінен сый алады...
Нәпсіге баспаса яки қор болмайды.
Аллаға сыйынады, ар жинайды»
Ыбырайдың осы бір өлең жолдарына үңілсек
«иман», «нәпсі», «Алла», «ар» деген сөздер жиі
кездеседі[4,16б]. Бұл Ыбырайдың Ислам әдебиетіне 
жақындығы ғана емес, Араб әдебиетін ерекше
ықыласпен құрметтейтінінің боямасыз болмысы. 
Тіптен бәрімізге танымал «Кел, балалар, оқылық! Бір 
аллаға сыйынып» деген тармақтары осыған дәлел. 
Жоғарыда берілген «Нәпсіге баспаса яки қор бол-
майды» деген жолдар қасиетті Құран кәрімде, әр 
аятта, әр хадисте берілген. Әрине, Ұлы ұлыны алы-
стан таниды емес пе?! Ыбырай Алтынсарин Араб
әдебиетімен байланыс жасамады, қызықпады дегенді
естісем өз құлағыма өзім сенбейтін едім. Шығыс
шайырларын қазақша тәржімалау жұмысын Абай
Шәкәрім, Ыбырайдан кейін Т. Ізтілеуов, Қ. Бекхо-
жин, Қ. Шаңғытбаев, Ж.Нәжімеденов, М.Әлімбаев, 
Х.Ерғалиев, С.Әліпбайлар жалғастырды. Осы орйада
басқа да әлем халықтары әдебиетімен тығыз қарым-
қатынас орнатқан Ыбырай Алтынсарин «Мейірімді
бала» әңгімесін аудару барысында жеке азаматтық
пікірін қосты. Ғафиз ғазалдарын мәнер-мәйегімен, 
сын-сипатымен, таза сұлулық болмысын сақтап
оқырмандарға ұсынды. Мұндағы өрнек, сөз өнерінің
иірімді тұстары, үлгілі тіл мәдениеті Ыбырайдың
атының әлем арасында кеңінен танымал болу-
ына септігін тигізді. Дейтұрғанмен Ыбырайдың
аудармашылық қасиетіне қарап, аударма өнері оңай
екен деп баға беру қате болар еді. Себебі, аударма
өнері тіл білушілікпен қана шектеліп қалмайды. 
Басында білімін, тіл байлығын әрі шалқар шабытың 
да болуы тиіс. Әртүрлі елдердің рухани әлемін
бір-біріне жақындата білген пәрменді құрал аудар-


130
ма өнері қазақ халқы үшін ең керегі еді. Өмірінің
соңғы жылдарында Ыбырай Алтынсарин осы аудар-
ма саласында тағы екі-үш рет қалам тербеген еді. 
Ол Түрік әдебиетімен де үлкен байланыс жасап, 
алдымен түріктердің тілін меңгеруге тырысты. Түркі
тіліне толықтай арқа сүйерлік дәрежеге жеткеннен
кейін, атақты ақындарынан біраз аудармалар жасаған
екен. Бірақ, өкінішке орай уақыт кеңістігіне жұтылған
құнды шығармалардың қатарында Ыбырайдың Түркі
тілінен тәржімалаған шығармалары да кеткен екен. 
Иә, қамқау көңілімізге аздап қимастық ұялатады...
Қорытындылай келе, Ыбырайдың софылық
түсініктерімен іліктес ой-сарындары, күрмеуі қиын
ғылыми зерттеулері, өсиетке негізделген өшпес өлең-
жырлары мен қатар, әр баланың көңіліне жағатын
әңгімелері, қарап отырсаң бәрінің әлемнің түкпір-
түкпіріндегі әдебиетпен байланысы бар екенін
аңғаруға болады. Жалпы айтқанда, Ы.Алтынсарин
өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жаста-
рын оқытып-тәрбиелеу мәселесін ең негізгі, басты 
мәселе деп есептеп, соның жолында ел мен жер ара-
лап, әлемдік әдебиетпен тереземізді тең ету жолын-
да қажымас қайсарлық танытып, есте қаларлықтай
еңбек етті. Бұның бәрі келешек ұрпақ үшін еді. 
Сондықтан жазба әдебиетіміздің төрінен заңды
түрде орын алып тұрған Ыбырай Алтынсариннің
артында қалған мол мұрасын шашауын шығармай,
болашақ ұрпақтың санасына сіңіру біздің басты
міндетіміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет