Түйіндеме.
Қазақ халқынан шыққан халық ағартушыларының бірі, ірі жазушы , ұстаз, қазақ балалар
әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиеті тарихында ғана өзіндік сара жолын салып қоймай,
орыс, парсы-тәжік, араб жалпы айтқанда әлем әдебиетімен аралас-құралас болып, жан-жақты байланыс
жасаған. Ы.Алтынсарин өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып-тәрбиелеу мәселесін
ең негізгі, басты мәселе деп есептеп, соның жолында ел мен жер аралап, әлемдік әдебиетпен тереземізді
тең ету жолында қажымас қайсарлық танытып, есте қаларлықтай еңбек етті. Бұның бәрі келешек ұрпақ
үшін еді. Сондықтан жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып тұрған Ыбырай Алтынсариннің
артында қалған мол мұрасын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру біздің басты міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |