1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет105/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Key Words:
local history, association, native land, creative direction, excursion.
Жас ұрпақтың әлеуметтік ортадағы іс-әрекетін 
ұйымдастыру барысында халықтық тәжірибе мен ізгі 
қасиеттерді олардың бойына дарыту қашаннан ба-
сты мақсат болып келеді. Бүгінгі таңда оқушыларға 
жан-жақты білім мен тәрбие беру мектепте 
ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар арқылы 
жүзеге асады.
Мектепте әдеби-өлкетанушылық жұмыстар сабақ 
уақытында және сабақтан тыс уақытта бір-бірімен 
тығыз байланыста жүргізіледі. Қатысушылардың 
өлкетанымдық 
қызығушылықтары 
сыныпта 
әдебиеттерді зерттеу барысында, сыныптан тыс әдеби-
өлкетанушылық жұмыстардың кезінде қалыптасады. 
Осы екі бағытты біріктіру нәтижесі мектептің әдеби-
өлкетану жұмыстарының ерекшеліктерінің бірі болып 
табылады. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сы-
ныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. 
Әдебиет – өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін 
арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін 
қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз 
жоқ, оқушының икем-дағдысын дамыту, тәрбиелеу, 
қабілетіне, дарынына әсер ету істері білім берумен 
қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ 
процесінде жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушыларды 
сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген 
қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын 
дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-ба-
сты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді 
ұйымдастыру арқылы жүргізіледі
Мектептегі әдеби-өлкетанушылық жұмыс жоғарғы 
сыныптарда көп таралған. Жетекшінің болуы
жұмыстың нәтижелі болуына септігін тигізеді. Әдеби 
өлкетанымдық бірлестіктер туған өлкенің өміріне, 
табиғатына, тұрмысына, тарихы мен мәдениетіне 
қызығатын орта және жоғары сынып оқушыларын 
біріктіреді. Бірлестіктің жұмысына қатысу туған 
жердің әдебиетін зерттеу мен жинау жастардың 


127
шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Әдеби-өлкетанушылық бірлестіктің жұмысына 
арналған П.Г.Воробьевтың кітабында келесі тапсыр-
малар көрсетілген:
I) сыныпта алған әдебиет білімі бойынша білімді 
бекіту және тереңдету;
2) осы алған білімдерді туған өлкенің әдеби өмірін 
зерттеуде қолдану 
3) жергілікті және жалпы халықтық әдебиеттің өзара 
байланыстарын түсіну;
4) туған өлкенің өткені мен қазіргі уақыттағы 
әдебиетін сынып жұмыстарында байланыстарын іздеу;
5) қоғамдағы жазушылардың рөлін анықтау;
6) зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын көрсету 
және ашу; пән бойынша фактлермен жұмыс жасау 
және іздемпаздылықтарын арттыру»[1, 90 б.].
Әдеби-өлкетанушылық бірлестіктер қатысушыларға 
туған әдебиет шығармаларына деген махабатты оятып, 
көркемдік талғамдарының қалыптасуына көмектеседі. 
Жас өлкетанушылар жергілікті фольклорды жинап, 
жергілікті жазушылардың шығармаларын оқып, 
талқылайды, әдеби-өлкетанымдық материалдарды 
іздейді. Әдеби-өлкетанушылық бірлестіктер фоль-
клор, тарихи-әдеби, әдеби шығармашылық бағыттары 
бойынша тығыз байланыста болады.
Бірлестіктің 
жұмысы 
сөйлеу 
қабілеттерін 
тереңдетіп, шығармашылық қабілеттерін аша түсіп, 
әдеби білімдерін жетілдіріп, балалардың жеке бас 
қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік береді. Негізі 
бірлестіктерде бір не паралель не аралас сыныптардың 
оқушыларынан біріктірілген 20-30 қатысушы бола-
ды. Бірлестік жұмысының бағыты қатысушылардың 
бейімділігі 
мен 
белсенділігіне 
байланысты. 
Балалардың өз қалауларымен таңдап, қатысулары 
бірлестік жұмысының ролін арттыра түседі. Бірлестік 
жұмысының жоспарлары негізінен жарты жылдыққа 
немесе айына 2-3 жұмыстан тұратындай құрылады. 
Әдеби-өлкетанушылық 
бірлестіктің 
жұмысы 
жергілікті халықтың жұмысымен байланысты бо-
луы керек, ұйымдастырушылар қойылымдар, әдеби 
тақырыптарға арналған әңгімелесулер, прозадан 
үзінді, олеңдерді мәнерлеп оқуды ата-аналардың 
жиналыстарында да ұйымдастырулары керек. 
Бірлестіктің жұмысына әдеби кештерді дайындау, 
кештерге көрмелерді, қабырға газеті, альбом сияқты 
дүниелерді ұйымдастыру жатады. Бірлестік жұмысына 
әдебиеттанушылармен, тілшілермен, жазушылармен 
кездесу кештерін ұйымдастыру жатады. Бірлестіктің 
жиналыстарында қатысушылардың шығармашылық 
жұмыстары, қабырға газетке арналған мақалалар, 
шығармалар, өлеңдер мен әңгімелер талқыға салы-
нады. Ең жақсы материалдар қабырға газетіне не 
журналға жарияланады.
Әдеби-өлкетанушылық бірлестіктер туған өлкенің 
өміріне, табиғатына тұрмысына, тарихы мен 
мәдениетіне қызығушылықтары бар ортаны және 
жоғарғы сынып оқушыларын біріктіреді. Бірлестіктер 
жұмысына қатысу туған жердің әдебиетін зерттеуші 
мен жинаушының ролін сомдауға мүмкіндік береді, 
жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Әдеби-өлкетанушылық бірлестіктің жұмыстарының 
мақсаты: 
1) сыныпта алған әдеби білімі бойынша білімді 
бекіту және тереңдету;
2) осы алған білімдерді туған өлкенің әдеби өмірін 
зерттеуде қолдану;
3) жергілікті және жалпы халықтық әдебиеттің өзара 
байланыстарын түсіну;
4) туған өлкенің өткені мен қазіргі уақыттағы 
әдебиетін сынып жұмыстарындағы байланыстарын 
іздеу;
5) қоғамдағы жазушылардың ролін анықтау;
6) зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын көрсету 
және ашу;
7) пән бойынша деректермен жұмыс жасау және 
ізденімпаздылықтарын арттыру[2, 90 б.].
Өлкетанушылық ізденістер негізінен ұстаздардан 
бастама алады. Бұл жұмыстар қатысушының туған 
өлкеге және оның мәдениетіне деген құрметін 
қалыптастырады.
Әдеби- өлкетанушылық бірлестікте келесі жұмыстар 
атқарылады:
1.Қатысушылардың республика өмірінен әңгімеге 
арқау болатын материалдар немесе қазақ тілі мен 
әдебиетінен жазу жұмыстарын жинау мақсатындағы 
өзіндік жұмысы; 
2.Республика жазушыларымен хат алмасу немесе 
кездесу;
3. Жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарымен 
байланысты жерлерге топтық серуен жасау;
4.Жазушылардың туған жерлеріне арналған 
шығармаларын зерттеу[3, 74 б.].
Мектептің 
әдеби 
үйірмесіндегі 
әдеби-
өлкетанушылық сапарларының алар орны орасан зор. 
Қатысушылардың әдеби-өлкетанушылық сипаттағы 
сапарларын келесі түрлерге жіктеуге болады: 1) 
қосымша әдебиеттерді жинақтау, әдеби жұмысты 
зертеуде зерттелетін дүниені іздестіру мақсатындағы 
серуендер; 2) экскурсияны сипаттайтын әдеби 
ескерткіштері бар жерлермен танысу мақсатындағы 
серуендер; 3) жазушының шығармаларын зерттеу 
мақсатындағы серуендер.
Әдеби-өлкетанушылық жұмыстар тәжірибиелеріне 
сүйенетін қатысушылар бір ғана мақсатты ұстана оты-
рып, жолға шығады. Бірақ серуен кез келген әдеби 
экспедицияда негізгі болып саналады. Бірлестіктер 
тарихи-әдеби және әдеби шығармашылық бағытта 
өтулері мүмкін. Тарихи-әдеби бірлестіктер туған 
өлкенің әдебиеті мен мәдениетіне қызығушылық 
танытқан жоғары сынып оқушыларын біріктірсе, 
әдеби шығармашылықтағы бірлестіктер туған өлкенің 
табиғаты мен әдебиеті қызықтыратын жас ақындар 
мен прозашыларды біріктіреді.
Өлкетанымдық клубтар үлгі бойынша бірлестіктерге 
ұқсас, алайда бір айырмашылығы қатысушылардың 
санының көп болуында. Клуб жұмысының түрлері: 
әдеби-өлкетанушылық экскурсияларға, серуендер-
ге, экспедицияларға қатысу болып келеді. Олар онда 
жазушылар, ақындар жайлы материалдар жинай-
ды, олардың болған жерлерімен танысады, табиғат 
ескерткіштеріне барып қайтады. Көрген-білгендері 
бойынша, қатысушылар баяндама жазып, не аль-
бом шығарып, не әдеби-өлкетанушылық карталар 
құрастырады. Жасалған жұмыстарды қорытындылау 


128
мақсатында, кештер, кездесулер немесе өз беттерімен
мұражай 
немесе 
концерттік 
бағдарламалар 
ұйымдастырулары мүмкін.
Қорыта айтқанда, осы айтылғандармен мектептегі 
бірлестіктің немесе клубтың жұмыстары бітпейді. 
Бұлар – тек қана тәжірибие жүзінде тексерілген таны-
мал түрлер мен үлгілер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет