1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет143/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Key words: 
joint activity, group work, pair work, teaching.
Интербелсенді әдіс – қарым-қатынасқа жағдай жа-
сайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану. 
Интербелсенді оқу/оқыту - әрекет көмегімен және 


159
әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/
үйрету, - дейді А.Әлімов. Шынында, студенттердің, 
білім алушылардың, оқушылардың өзара бірлесе 
жұмыс істеуі, демек, бірге жұмыс жасау барысында 
әрекет ете отырып үйрену.
Дәстүрлі білім беру жүйесінің басты мақсаты 
«нәтиже» болып, мұғалім өзінің барлық күш-жігерін 
«үйретуге» бағыттайды, шәкіртін қорытынды 
нәтижеге ең қысқа жолмен жетелеуге тырысады. Бұл 
білім беру жүйесінде оқытудың нәтижелігі ең алды-
мен ақпаратпен байланыстырылады: үйрету процесі 
оқушыға ақпарат «беруге» бағытталады, оны жаңа, 
тың мәліметпен қамтамасыздандырумен шектеледі. 
Дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда 
оқушының сабаққа «таза парақ» (tabula rasa) күйінде 
келіп (немесе іші қуыс ыдыс секілді), мұғалімнің 
оны сабақта білім мен «толтырумен» айналысатын 
құбылыс деп түсініледі.[1, 31] Оқушы сабақ үстінде 
ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекіту 
жұмысымен ғана айналысуы қажет. Ал интербелсенді 
оқытуда - үдеріс, яғни үйрену үдерісінің өзіне, 
шәкірттердің қалай және қандай әдіс-тәсілдер арқылы 
үйренетіндігіне аса назар аударады. Мұндағы міндет - 
оқушылардың өзара белсенді әрекеттер жасауы арқылы 
өздігімен мәліметтерді игеруінде, оны ізденуінде 
және де құрастыруында. Демек, интербелсенді білім 
беру барысында білім алушылар өзара әрекет ете 
отырып, білім алады, ақпараттарды іздейді, игереді, 
оны сіңіреді, қабылдайды, құрастырады. Мұндай 
сабақтарға оқушылар дайындықсыз келмей, ал-
дын-ала мәліметтермен танысып келеді, кейін 
сабақ барысында тақырып бойынша өз түсініктері 
мен пікірлерін келтіріп, әрі қарай оларды дәлелдеу 
жүйесін құрады, пікірталас жүргізеді, өзге пікірлерді 
тыңдап, балама көзқарастарды үнемі ескеріп отырады. 
Басқаша айтқанда, шәкірт өмірде өзіне қажетті білік-
дағдыларды қалыптастырады. Ол сабақтан кейін сол 
білімдерін өздігімен дамыта түседі. Сол себепті де 
интербелсенді оқыту жүйесінде үйренушілер мынан-
дай әрекеттерді атқаруға дайын болуы керек: 
- бірлескен , яғни жұптық, топтық, ұжымдық 
жұмыстар;
- белсенділік таныту, көшбасшылық;
- кері байланыс жасау;
- проблема шешу;
-шешім қабылдау. 
Біздің оқу орнымызда, яғни Қ. Жұбанов атындағы 
Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде фило-
логия факультетінің біршама оқытушылары дәл осы 
интербелсенді әдісті қолдана отырып, жаңа техноло-
гиялармен жабдықталған аудиторияларда студенттер-
ге білім беруде. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдер 
қолданылады. Атап айтсақ, қазақ әдебиетін, қазақ 
тілі салаларын оқытуға арналған пәндерді үйрету ба-
рысында жұмыстар үнемі топтық жүйеде өткізіледі. 
«Интербелсенді» дегеніміздің өзі біреумен қоян-
қолтық қарым-қатынаста болу,онымент бірлесе әрекет 
жасау деп түсіндіріледі. Интербелсенді оқытудың 
негізгі қағидасының өзі ортаны қалыптастыру болып 
табылады. Сондықтан да оқытушы студенттерді «қағаз 
қиындылары» әдісімен әр түрлі топқа бөліп, «Джиг-
со», «Ақылдың алты ойлау қалпағы», «Insert», «Smart 
мақсат» т.б әдістерімен сабақты одан әрі дамыта түседі. 
Бұл кезде студенттер топ болып, жұп болып жұмыс 
жасау арқылы алған білімдерін игеру барысында түрлі 
әдістерді пайдалана отырып, бірлесе, жұптаса отырып 
жұмыс түрлерін орындап, соны өзгелерге түсіндіреді, 
пікірлерін білдіреді, ортақ пікірге келеді, сұрақтар 
қояды, қорытынды жасайды, өзгелердің айтқандарын 
талдап, өзпікірлерін білдіреді, бағалайды, кері байла-
ныс жасайды (1-сурет).
1-суретте студенттер топ болып жұмыс істеу үстінде.
Интербелсенді оқытудың тиімді жақтары өте көп. 
Бұл білім беру жүйесінде оқушылар қашан да белсенді, 
өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс 
жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас 
жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға 
және онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда 
бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе 
дұрыс жауапты табуда емес, керісінше үйренушінің 
жеке тәжірибесіне негізделген іздену процесінің өзі 
болып табылады. Интербелсенді оқу/оқыту жоғары 
оқу орындарында келесі жұмыс түрлері мен әрекеттер 
арқылы жүзеге асырылады: 
- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл ауди-
ториямен), 
- жеке және бірлескен зерттеу жұмыстары,
- оқу, рөлдік және өндірістік (іскерлік) ойындар, 
- пікірталастар, 
- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, 
лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, т.б.),
- шығармашылық жұмыстар, 
- жағдаяттар (ситуациялар) арқылы үйрену: нақты 
ситуацияларды талдау, кейс-стади,
- презентациялар, 
- компьютерлік оқыту бағдарламалары, 
- тренингтер, 
- интервью,
- сауалнама, т. б. [2, 34]
Интербелсенді оқытуда бірлесе үйрену идеяла-
рын ұстанатындықтан, бұл жерде әсіресе бірлескен 
топтық жұмыс әдістерінің маңызын ашып айту ке-
рек: біріншіден, олар өзін-өзі мен басқа адамдарды 
танудың тиімді құралы болып табылса, екіншіден, 
дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік да-
муы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың 
себептерін түсінуге ықпал жасайды. Топтық жұмыстар 
барлық үйренушілердің жұмысқа белсене қатысуын 
қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыста шәкірттер 
өздерінің коммуникативтік дағдыларын, нақтылай 
айтсақ, тыңдай білу, ортақ шешім қабылдау, жанжал-
дарды болдырмауды іс жүзінде қолданады. Бірлесе 
үйренуде әрбір оқушы немесе студент оқу, үйренудің 
ортақ мағынасына және қорытынды нәтижесіне өзінің 
үлесін қоса отырып, басқалармен өз білгенімен, идея, 
ойларымен алмасып отырады. Сонымен бірге тиімді 
нәтижеге немесе білімге қандай бірлескен үйрену 
әрекеттері арқылы жете алатындығын анықтайды. 
Қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі 
жақтыру, өзара сыйласымдық пен қолдау атмосфе-
расында өтіп, тек қана тың, жаңа білімді игеруге 
жағдай жасап қана қоймай, оған қоса таным процесін 


160
ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, 
яғни қарым-қатынас пен оның негізгі нысаны диа-
логты танымның басты құндылығына айналдырады. 
Сонымен, бірлескен жұмысты еңбек пен танымның 
ең тиімді және өнімді әрекеті деп ұйғаруға әбден бо-
лады. «Егер есек болмасаң» атты сопылардың хикаясы 
да осы жәйтті баса айтады: - Ұстаз, айтыңызшы: адам 
жалғыз жүріп ақиқатқа жете ала ма? - Ақиқатты іздеу- 
құм басқан құлазыған далада мөлдір суы бар құдық 
іздеумен тең. Егер құм ішіне жалғыз аттансаң, мүмкін 
жыртқыш аңдар- дың тырнағына түспей, құдықты 
табарсың, алайда сен жалғыздықтан мол қайғыға 
батасың. Есек те жалғыздан жалғыз құм даланың 
бір шетінен екінші шетіне жете алады, бірақ дұрыс 
бағытта жүруі үшін оны қаншама тепкі мен қамшы 
астына алу керек!Сондықтан да, егерде есек болмасаң, 
сапарға жалғыз шықпа [3, 240]. Студенттер шаршаған 
сәтте топ болып, жұп болып сергіту жасаудың да пай-
дасы бар екені маңызды.
2-сурет. Суретте студенттер сергіту сәтін өткізуде.
Яғни, интербелсенді оқыту барысында, оқушы, 
судент, білім алушылар, жұптық, топтық, барлық 
оқушылар жұмыс істейді, олар да түрліше жеткізіледі.
Топпен жұмыс барысында ақпараттарды іздейді, 
оқиды, оны қалай жеткізу керектігін ойласады. Топтық 
жұмыс жасау барысында топ мүшелері бірлесе жұмыс 
істейді, одан соң пікірлеседі, қорытындылайды, 
кері байланысқа түседі, рефлексия жасайды. Де-
мек, топтық, жұптық және барлық топпен жұмыс 
студенттерді өзара белсенді жұмыс жасаудың нағыз 
мысалы болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет