158
сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл
шешім оқу – әдістемелік бірлестігінің отырысын-
да қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер
бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс. Оқу
бағдарламасындағы пәндер бойынша оқу жоспарла-
ры ұсыныс сипатында берілген. Оқу мақсаттарының
жүйесі мен оқу тәсілдеріне негізделген ұзақ мерзімді
және орта мерзімді жоспарларда мұғалімдер үшін
тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтарды өткізу,
білім алушыларды сабақтарда ұйымдастыру бойынша
ұсыныстар берілген, сондай – ақ оқыту ресурстары (
интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне және аудиома-
териалдары және т.б. ) көрсетілген.
Әрбір оқу пәні бойынша мазмұнын жобалаудың
принципі өзгерген – сызықтық принципі « шиыршық»
принципіне ауысты, яғни білім мен біліктің бірте –
бірте тігінен де, көлденеңінен де ұлғаюы ( дағдылардың
тақырыптары және сыныптар бойынша күрделенуі).
Жаңартылған білім мазмұны өзіндік ерешеліктері
жүзеге асады.
3. Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму
үрдісін басқару қажеттігі айқындалып отыр. Білім
алушының түрлі ақпараттың толасыз ағынында
бағытталуы қиынға түсіп отыр, ол үшін оның тал-
дау, құрылымдау, жүйелеу, мәселені шешу дағдылары
жетік дамытылуы тиіс. Ал бұл, педагог жұмысындағы
тікелей жасалатын әдістерден, бас тартылып, артық
дидактизмнен, ғибаратты сарыннан тежелуді; оның
есесіне бірінші орынға қарым – қатынас жасаудың
сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, сан
алуан шығармашылық әрекетті тәрбиелеуші шарттар-
ды жасау арқылы дамытуда білдіреді.
Қазіргі таңдағы білім мазмұнында біршама
өзгерістер бар екені белгілі.
Жаңа әдіс – тәсілдердің пайда болуы, олардың
оқытуда өз нәтижесін көрсетуі білім беру саласындағы
үлкен жетістік. Жаңа бағдарлама бойынша көбінесе
сын тұрғысынан ойлау, белсенді оқыту, интербелсенді
оқыту технологияларының әдіс – тәсілдері кеңінен
пайдаланылады. Олардың ішінде қазақ тілін оқытуға
арнайы негізделген түрлеріде жетерлік.
Қорыта айтқанда, еліміздің барлық ұстаз қауымы
жаппай жаңартылған білім мазмұнына бейімделу
үшін талмай еңбек етуде. Жаңа білім жаңа әдістерге,
тәсілдерге, технологияларға бастар жол. Қазақ
тілін оқыту ешқашан шет қалмайды, сондықтан
тіл білімін оқытуда жаңаша оқыту жолдары мен
жаңаша идеяны болуы бәріміз үшін үлкен қуаныш.
Оқытушыға, оқушыға да жаңартылған білім мазмұны
өзінің нәтижесін көрсету үшін шебер әдіскерлер
мен мұғалімдер керек. XXI ғасыр – ғылым ғасыры.
Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыра-
тын мәселе. Ал осы жалпы еуропалық стандартқа сай
жаңа білім беру – жеке тұлғаның жан – жақты дамуына
әкелетін бірден – бір жол!
Бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойын-
ша: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа
жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып,
әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің
ұл – қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның
арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел бола-
мыз. Ұстпаздықтың ұлы жолында әрбір білім беруші
бар күш – жігерін салып, еліне пайдасын тигізіп жатса,
бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: