155
лады;
Білім беру сапасының артуына жол ашылады;
Оқушылар мұнда нәтижені талдау үшін бағалау
критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға,
яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тап-
сырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ой-
ларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай
білугедағдыланады. Қалай оқу керектігін пайымдай-
ды. “Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған
сайын одан әрі жақсы оқи түседі”- деген Питер
Клайнның сөзін [4] ескерсек, сабақ барысында топтық
әңгіме, зерттеушілік әңгіме, ашық және жабық сұрақ
түрлерін құру сынды т.б. жұмыстар оқушы тарапынан
қызығушылықты тудырып, өз бетінше ұмтылысын
арттырады.
Критериалды
бағалаудың
қағидаттары
(принциптері):
•Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау
оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол
оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін
нәтижелермен тікелей байланысты.
•Шынайылық, сенімділік және валидтілік. Бағалау
дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын
критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жету-
ге, күтілетін нәтижелерді
бағалайтынына сенімділігі
болады.
•Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті,
айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық
оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын,
жауапкершілігін арттырады.
•Үздіксіздік. Бағалау оқушылардың оқу жетістігінің
ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға
мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
•Дамуға бағыттау. Бағалау нәтижелері оқушылардың,
мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму
бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орын-
далу жолдарының айқын, нақты көрсетілген
көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бой-
ынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа
қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Кри-
териалды бағалау жұмыстары барысында оқушылар
өз ойын жеткізу жолдарын, әңгімелерді баяндау және
өздерінің армандары мен үміттері, жоспарлары ту-
ралы сөйлесу барсында айтып,
тілдесім мен ауди-
овизуалды материалды тыңдауда өз көзқарастарын
білдіре отырып жауап беру; әдеби және әдеби емес
мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау және ана-
лиз жасау; қысқа жүйелі мәтіндерді жазу барысында
қажетті және қызықты ақпараттарды пайдалана білу
дағдыларын меңгеруде. Және бұл әлі де тереңірек
зерттеуді, нақтылай түсуді қажет ететін мәселе. [5]
Мысал: Бөлім бойынша жиынтық бағалауға мысал.
8-сынып, қазақ тілі пәні.
« Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар
мен өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқушының аты-жөні, сыныбы: _________________
__________________
1-тапсырма: Мәтінді мұқият оқы, неліктен бөкен
Қызыл кітапқа енгізілген жоқ? Пікір білдір. Қарамен
белгіленген сөйлемді сөйлем мүшесіне және сөз
тіркесіне талда.
Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен
өсімдіктер қырғынға ұшырауда,
соның салдарынан
ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.
Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы
бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды.
1991-1993 жылдарда 800-900 мың бөкендер бар еді.
1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003
жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет кау-
лыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым
салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ
осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде
тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы
салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың
қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп
бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен
ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен
қалды.
___________________________________________
_____________________________________________

______________
2-тапсырма: Қорық дегеніміз не? Қазақстанда қанша
қорық түрі бар? Өзің білетін қорық туралы қысқаша
ақпарат жаз. ___________________________________
______________________________________________

___________________________
3-тапсырма: «Тірі табиғатты бірге қорғайық, до-
сым!» тақырыбында сыныптас досыңа үндеу хат жаз.
Хатыңда Қызыл кітапқа енген құстар мен өсімдіктер
туралы ақпарат бер.
____________________________________________

________________________
Дескриптор: