1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет134/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Keywords:
assessment, creative profession, qualification, rating, criterial assessment.
«Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді иге-
руге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны 
күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. 
Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы 
жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» - деп Елбасы 
жолдауында айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің ең 
басты мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Қазіргі жаһандану заманында әр пәннің оқытулы 
студенттің жан-жақты дамуын, құзыреттілігінің 
жоғары болуын талап етіп отыр. Осыған орай 
студенттің шығармашылық пәндерден қабілетін 
байқап, оны дамытып, дербестігі мен белсендігілігіне 
дұрыс бағыт беріп, бағалау жүйесін жетілдіру қажет. 
Бүгінгі заман талабына сай білім берудегі шынайы 
мақсат студентке белгілі бір білімді жеткізу ғана болып 
табылмайды, ол оның рухани, адамгершілік тұрғыдағы 
тұлғасын дамыту. Шығамашылық студенттердің 
өмірден өз орнын табуы үшін бойындағы дары-
ны мен қабілетінің ашыла түсуіне де көмектесу 
қажет. Студенттердің шығармашылық пәндер бой-
ынша бағалауын жетілдіру оның өзін-өзі жетілдіріп, 
басқадан үлгі алуға, өз бетінше шешім айта алуына, 
әр іске жауапкершілікпен қарауға ұмтылдырады. Осы 
жолда оқытушыға үлкен шығармашылық пен ізденіс 
қажет етіледі. Онсыз оқытушыға шығармашылық 
пәндерден студент жүрегіне жол табуы мүмкін бол-
майды. Бүгінгі таңда қоғам шығармашылық қабілеті 
бар, дарынды мамандарға зәру болып отыр. 
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу 
қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның 
нәтижесінде өзіндік іс-әрекетке енуге және жеке 
өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байла-
нысты қалыптасады. Қазіргі заманғы оқытушы оқуға 
үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Студенттердің 
шығармашылық 
пәндерден 
теориялық және практикалық жұмыстарын жүргізу 
барысында, олардың шығармашылық қабілеттерін 
айқындау, шыңдау қызметі ерекше орын ала-
ды. Оқытушы студенттердің сабақ барысында 
шеберліктерін шыңдап, жан–жақты білім мен тәрбие 
саласын тереңінен меңгертеді. Олар болашақ үлкен 
өмірге дұрыс қадам жасаудың бағытын меңгереді, 
ұлтжанды ұрпақ деген ұғымның қандай екенін біліп, 
соған жетуге ұмтылады [3]. 
Біздің тәуелсіз мемлекеттіміз қазір толығымен 
кредиттік жүйе бойынша оқиды. Кредиттік жүйге 
өтуде бастапқыда біршама қиыншылықтар болды. Ең 
маңызды мәселенің бірі – студенттерді оқу-әдістемелік 
кешендермен, яғни силлабусбен қамтамасыз етілуі. 
Одан кейін мамандықтарға сәйкес базалық және 
кәсіптендіру пәндері бойынша оқулықтардың аздығы 
бұл әсіресе шығармашылық пәндерден қиындықтар 
туғызды, оқулықтардың мүлдем жоқтығы оқу-
әдістемелік кешендерді дайындауға кедергі болып тұр.
Сонымен қатар, студент білімін бақылау және тексе-


153
ру кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ажырамас бөлігі 
болып табылады. Студенттердің оқудағы жетістіктерін 
бағалау рейтинг жүйесі бойынша: ағымдағы, аралық 
және қорытынды бақылаулар арқылы жүзеге аса-
ды. Бұл жерде студенттерді шығармашылық пәндер 
бойынша бағалаудың да өзіндік ерекшеліктері мен 
қиындықтары да кездеседі. 
Рейтинг жүйесі – білімді бағалаудың жаңашы 
көрсеткіші болып табылады. Бұл жаңа жүйе арқылы 
оқытушы студенттердің жеке, дара шығармашылық 
қабілеттерін, мүмкіндіктерін және жеке тақырыптарды 
игерудегі де кемшіліктерін нақты бақылай алады. 
Рейтинг жүйесін қолдануда оқытудың барлық кезеңі 
аралығында студенттердің тұрақты өзінің жұмысын 
қамтамасыз етеді, материалды терең және сапалы иге-
руге ықпал ете алады [2].
Ағымдағы 
бақылау 
ол 
әр 
пәннің 
оқу 
бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың күнделікті 
жүргізетін сабақтарын студенттің меңгеруін тексеру 
болып табылады.
Шығармашылық пәндерден студенттің пәнді иге-
ру дәрежесін және білімін тексеру үшін күнделікті 
бақылаудың келесідей түрлерін қолданылуға болады:
•бақылаудың ауызша түрі, (тараудың бір немесе 
бірнеше тақырыптарын өткен соң, оның меңгерілуін 
тексеру мақсатында теориялық тұрғыда сұрақтарға 
жауап немесе ситуациялық талдау түрінде өткізілуі 
мүмкін);
•жазбаша бақылау, (курстың белгілі бір тарауын 
өткен соң, оның меңгерілуін тексеру мақсатында 
мысалы, суретші-әрлеуші мамандығына белгілі бір 
тақырыпқа сурет салу, практикалык тапсырманы 
орындау арқылы жүргізіледі);
•ауызша және жазбаша бақылау (бір немесе бірнеше 
модуль бойынша ауызша және жазбаша түрде жауап 
беру түрінде жүргізіледі);
•үй тапсырмасын қорғау және презентациялау (үй 
тапсырмасының меңгерілуінің дұрыстығын, өткізілген 
тақырыптарды қорыта алуын, олардың арасындағы 
логикалық байланыстарды анықтап, оны көпшілік 
алдында дәлелдей алуын тексеру мақсатында жеке не 
топ болып орындау);
•дискуссия, тренинг, дөңгелек стол т.б. (студенттің 
жеке көпшілік жағдайында немесе ойын түрінде 
проблемалық сұрақтарды талдай, ойлай және шешім 
қабылдай алуын, сонымен қатар, оның меңгерген 
дағдыларын тексеру мақсатында өткізіледі);
Білімді тексеруге дайындалған құжаттар алдын–ала 
сараптан өтіп, мазмұны сол пәннің бағдарламасына 
сәйкес болуы керек.
Шығармашылық пәндерді жүргізу барысында 
оқытушыға сабақ барысында қойылатын талаптар:
•эстетикалық талғамы жоғары және студенттерге 
шығармашылық пәндерді қазіргі заманауи технологи-
яны пайдалана отырып үйретуге қабілетті;
•шығармашылық 
пәндерден 
педагогикалық 
шеберлігі Қазақстан Республикасы халықтарының 
этномәдени дәстүрлері негізінде құра алатын;
•оқытушы өзінің шығармашылық қабілетін сабақ ба-
рысында қандай да бір іс әрекетімен көрсетуі қабілеті;
•әр студенттің шығармашылық қабілетін, талантын 
оның жеке, дара өсуі үшін пайдалана білуі.
Тәуелсіз еліміздің ең басты мақсаты дамыған ел-
дер қатарына қосылу болып табылады. Ал, ондай 
дамыған елдер қатарына қосылу үшін біз болашақ 
ұрпақтарымызды жан-жақты дамыған, рухани бай, та-
лантты тұлға тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі білім беру 
саласының да басты мақсаты, ұстанған мүддесі де, 
оқытушыға қояр талабы осындай болып отыр. 
Шығармашылық 
пәндерді 
оқу 
барысында 
студенттердің ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, 
шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, 
адамгершілік және сұлулық сезімі дами түседі. Бұл 
қасиеттер жеке тұлғаның дамуына, талантының ашы-
луына негіз болады. Сонымен қатар, шығармашылық 
пәндерді оқу барысында студент өзінің ұлттық та-
рихы терең, мазмұны әр қилы рухани, эстетикалық, 
тұлғалық қасиеттерін де дамыта түсері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет