1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет131/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Keywords:
training, information technology training. 12 year education
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен 
сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Білім беру 
саласында білім беру сапасының әлемдік деңгеймен 
сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік 
сұранысқа ие бола алатын мамандарды даярлау және 
бәсекеге қабілетті білім беру негізгі міндеттерді 
құрайды. Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің 
үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат 
– жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-
танымы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке 
тұлғаны қалыптастыру. Тәуелсіз елді өркениетті 
әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін 
тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. 
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің 
тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр ұстаздың, әрбір мектептің 
ең басты міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында 
білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер 
өрістеуде. Білім беру барысында жаңа технология-
лар мен әдіс-тәсілдерді жан-жақты, тиімді әрі жүйелі 
түрде қолдана білу – заман талабы [1]. 
Бүгінде еліміздің білім жүйесінде қолданылып 
жүрген көптеген технологиялар бар. Олар: «Тірек 
сигналдары арқылы оқыту», «Деңгейлеп оқыту», 
«Модульдік оқыту», «Сын тұрғысынан ойлау», «Са-
ралап оқыту» т.б. технологиялар. Әр технологияның 
өзіндік ерекшелігімен қатар айырмашылығы бар. 
Соңғы кезде мектептерде кеңінен қолданысқа енген 
технологиялардың бірі – Н.А.Оразахынованың «Саты-
лай кешенді оқыту» технологиясы. «Сатылай кешенді 
оқыту» технологиясы бүгінгі таңда балабақшаның 
мектепалды даярлық топтары мен мектептерде, 
жоғары оқу орындарында қолдану өз нәтижесін беру-
де.
Бұл технологияның маңызы – оқушылардың жазба-
ша және ауызша сөйлеуінің жоғарғы деңгейде даму-
ына үлесін қоса алады. Оқушылардың ауызша сөйлеу 
мәнері мен оның сөйлеу мәдениеттілігіне тәрбиелей 
отыра, тіл байлықтарының молаюына септігін тигізеді. 
Сондай-ақ, ғылыми – теориялық жағынан білімін 
кеңейтуге мүмкіндік береді және теориялық білімдерін 
практикалық тұрғыдан дәлелдеуге көмектеседі [2]. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының бір 
ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп 
бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу 
қабылдауына қарай тапсырманы оң деңгейге икем-


151
деп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдайды 
туғызуды мақсат тұтады [3]. 
Енді «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы мен 
«Ақпараттық-коммуникативтік» технологияның бай-
ланысына негізгі нысан ретінде қазақ тілі мен әдебиеті 
пәндерін ала отырып тоқталайық. Жоғарыда аталған 
технология бойынша біз оқушыларға белгілі бір 
сөзді не сөйлемді немесе автор шығармасын береміз. 
Оқушыға қойылатын талап – тізбектелген сатылар 
бойынша талдау жасау.
12 жылдық білім беру бағдарламасына сәйкес 
танымдық 
іс-әрекеттің 
тыңдалым, 
жазылым, 
айтылым, оқылым түрлері де «Ақпараттық-
коммуникативтік» технологияның аясында жүзеге 
асады. Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау 
жасату үшін оқушыларға автордың өмірбаяны немесе 
шығармаларын бейнежазба, аудиожазба, электронды 
оқулық, таспалар арқылы көрсетеміз не тыңдатамыз. 
Бұл тұрғыда іс-әрекеттің тыңдалым түрі жүзеге асады. 
Бейнежазбадан я аудиожазбадан тыңдаған дүниесін 
оқушы ойын жүйелеп, сатылай талдау жасайды. 
Сонда интербелсенді тақта арқылы көрген немесе 
естіген шығармасын баяу қабылдайтын оқушының өзі 
композициялық құрылысына талдай алады.
Іс-әрекеттің екінші түрі – жазылым. Бұл іс-әрекет 
бойынша интербелсенді тақтамен жұмыс жасату 
ұсынылады. Интербелсенді тақтамен жұмыс жасау 
уақытты үнемдеу мүмкіндігімен және оқушыларды 
жаңа заманауи техникаларды басқара білуге 
бейімдеумен тиімді. Сатылай сызбаны дайын күйінде 
интербелсенді тақтаға шығарып қою, оқушының ойын 
тез жинақтауына, сондай-ақ көз алдында тізбектеліп, 
орындалатын тапсырма реті айқын көрініп тұрған соң 
белсенді болуына септігін тигізеді. 
Айтылым іс-әрекеті бойынша оқушылар талдаған 
сөйлемдерін, шығармаларын бір біріне оқып, 
түсіндіріп ақпарат алмасады. 
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы не үшін 
қажет? Қазіргі білім беру жүйесінде оқу бағдарламасы 
да, оқулықтар да жаңа өзгерістерге ұшырады. Өз іс-
тәжірибемде жаңа формат бойынша сабақ барысында 
қазіргі оқулықтар бойынша грамматикаға көп көңіл 
бөліне бермейтіндігін байқадым. Жаңа бағдарлама 
оқушылардың 
танымын 
арттырып, 
әлемдік 
ақпараттарды бере алады. Оқушы грамматикалық 
тақырып бойынша ғана жұмыс жасамай, өз ойын 
қорытып, пікірін ашық білдіре алады. Бұл үшін 
де оқулықта арнайы сұрақтар, сілтемелер немесе 
мәтіндер берілген. Мәтінмен жұмыс жасау барысында 
да негізгі тапсырмалар беріледі. 
Атап айтқанда: 
– мәтінге ат қой; 
– мәтінге жоспар құр; 
– мәтін бойынша бірнеше проблемалық сұрақтар 
дайында; 
– мәтіннің идеясының негізінде диалог құрастыр.
Алайда, оқушы 9-сыныпқа келгенде ОСЖБ (ВОУД) 
жүргізіледі. Осы сәтте оқушылар ақсап жатады. Сол 
үшін де бір мезгілде барлық ұғымдар мен теорияларды 
қарастыру үшін сатылай кешенді оқытудың маңызы 
бар. Сатылай оқытуда оқушы әр сатыға түсе оты-
рып талдағанда, сөзді, сөйлемді немесе шығарманы 
неліктен дәл солай талдағандығын себебін айту 
арқылы түсіндіреді. Бұл дегеніміз әр талдауда оқушы 
ережені қайталап, есінде сақтай алады деген сөз. Де-
мек, сабақтың бір бөлшегінде ғана қарапайым талдау 
жасату арқылы ережелерге шолу жасата аламыз. Де-
генмен оқушының жас ерекшелігін ескере отырып, 
талдау деңгейін және талдауды түрлендіре беруді 
назардан тыс қалдырмау қажет. Сайып келгенде тал-
дауды оқушыға түрлендіре беру үшін «ақпараттық-
коммуникативтік» 
технологияны 
қолданамыз. 
Төмендегі кестеден дәстүрлі оқыту мен сатылай 
кешенді оқытудың нәтижелерін салыстырмалы түрде 
көре аламыз.
Дәстүрлі талдау 
СКТ АКТ
– Оқиды
– Мағынасын түсінеді
– Мазмұнын айтады
– Есте сақтайды 
– Оқиды 
– Тақырыбын, идеясын табады
– Түсініксіз сөздерді анықтайды
– Құрылымын үйренеді
– Мәтінді құрап тұрған тірек сөздерді табады
– Қанша сөзден, сөйлемнен, абзацтан тұратындығын 
анықтайды
– Есте ұзаққа сақталады
Білім беруде оқытушы екі маңызды жүйеден 
ауытқымауы қажет. Олар грамматика мен ақпарат. Әр 
мұғалім осы екі технологияны негіз қылып алса, қос 
жүйеден ауытқымайды. Яғни оқушыға грамматиканы 
меңгерте отырып, жаңа, тың, әлемдік мәліметтермен 
де таныстырады [4].
Ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы 
сатылай кешенді оқытудың тиімді жақтары:
Мұғалім үшін: 
• Жаңашыл мұғалім тұлғасын қалыптастырады
• Мұғалімнің жұмысы жеңілдейді
• Ақпараттарды көбірек бере алады
• Уақытты үнемдейді
Оқушы үшін:
• Ынтасы, белсенділігі, қызығушылығы артады
• Тапсырманы мұқият орындайды
• Интерактивті тақта, компьютерлік талдау арқылы 
оқушылардың 
ақпараттық-коммуникациялық 
сауаттылығын жетілдіріледі
• Ести отыра жазуға үйренеді
• Тыңдай білуге үйренеді
Қорыта 
келгенде, 
оқыту 
үрдісінде 
жаңа 
педагогикалық
технологияларды қолдану білім сапасын жақсартуға 
көмектеседі. Технологияларды біріктіре отырып 
білім берсек, бірінің толмас жерін бірі толықтырып, 
оқушыға жүйелі әрі толық білім беріледі. Қазіргі 12 
жылдық білім беру жүйесі бойынша қолға алынып 
жатқан лексикалық тақырыптар мен грамматикалық 
тақырыптарды оқушыға қатар меңгертуде жоғарыда 
аталған технологиялардың пайдасы зор деп есептеймін. 
Себебі, «Ақпараттық-коммуникативтік» техноло-
гия арқылы оқушыға тың әрі қызықты мәліметтерді 
беретін болсақ, «Сатылай кешенді оқыту» технологи-


152
ясы арқылы теориялық білімдерін жаңғыртып отыра-
мыз. Ал қос технологияның бірігуінен баланың зейінін 
сабаққа аударып, белсенді жұмыс жасауына түрткі бо-
ламыз деп ойлаймын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет