1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет129/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мырзалиев Қ.Таңдамалы жинақтар.-Алматы, Ба
-
лалар әдебиеті,2006.
2.Мырзалиев Қ.Үш томдық шығармалар жинағы.-
Алматы,Жазушы,1989.
3.Мырза Әли Қ.Иірім.Таңдамалы туындыларының 
көп томдығы.-Алматы, Қазығұрт, 2010.
4.Әбдиманұлы 
Ө.Менің 
ұстаздарым.-
Алматы,Қазығұрт,2013.


148
ІІІ СЕКЦИЯ 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ
МАЗМұНЫНА ЖАҢА БАҒДАР
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР
 ш.Л. Ерхожина 
Сүлейман Демирел атындағы университет
Қазіргі орта білімнің бағдарламалары жаңартылған 
кезеңде, оқулықтардың да мазмұны өзгеріп, оқыту 
үрдісі де жаңа сипатты иеленіп отыр. Бұл педагоги-
ка теориясы мен оқу-тәрбие үрдісінде қызмет ететін 
педагог қауымының да өз білімін жетілдіріп, әлемдік 
озық үлгілермен қаруланып, оларды өз тәжірибесіне 
көптеп енгізуі басты талап болуда. Білім беру пара-
дигмасы талаптарына сай, жаңа көзқарастар, жаңаша 
қарым-қатынас, оқушы мен мұғалімнің сабақ үдерісі 
тұсындағы іс-әрекеттеріне ерекше назар қойылуда. 
Еліміздің қарқынды дамуы нәтижесінде қоғамдық 
өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру 
саласында жүріп жатқан демократияландыру мен 
ізгілендіру мектепті осы күнге дейінгі дағдарыстан 
шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білім 
беру саласының барлық жағынан жаңаша көзқарас
жаңаша ойлау қалыптасуда. Елімізде терең ойлы, 
жан-жақты дамыған, өзіндік пікірі қалыптасқан, 
ой қорытуға икемді, қоғам өміріне белсене арала-
са алатын жеке тұлға тәрбиелеу міндеті қойылды. 
Сондықтан жеке тұлға тәрбиелеу міндеті мектептен 
басталмақ. Ұрпақты бастан тәлімді етіп тәрбиелеудің 
маңыздылығы осы орайда айрықша рөл атқарады. 
Тәрбие мен білімнің тұтастығы білім ошақтарындағы 
ұстаздардың біліктілігімен ұштасады. Қазіргі таңда 
білім беру саласында оқытудың озық технологияла-
рын меңгермейінше жан-жақты, шебер маман болу 
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің 
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, 
азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамы-
тып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына 
көмектеседі. Озық тәжірибелермен қаруланған 
ұстаздардың шәкірт болашағы үшін үлесі басым болуы 
көзделеді. Осы орайда мұғалімдердің әдістемесінің са-
палы, тиімді, ұтқыр болуы маңызды.
Қазақ тілін меңгертуде оқушының төрт әрекетіне 
құрыла ұйымдастырылған сабақтың нәтижесінен 
тиімділік көрінді. Тілдік дағдылар: айтылым, 
тыңдалым, 
оқылым, 
жазылым 
оқушылардың 
меңгеру жүйесінде ойын жинақтауға, тыңдағанды 
дұрыс қорыта білу, дұрыс сөйлеу, жазу дағдыларын 
қалыптастырады. Әрекеттердің төртеуі де маңызды 
рөл атқарады. Олар бірін-бірі толықтыруы арқылы 
оқушының тұтас білімдік қорын құруға және тұлғалық 
әлеуетін жоғарылатуға себепші болады. Тыңдалым 
әрекеті кез келген ақпаратты тыңдау арқылы түсіну, 
сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы 
тыңдаған ақпараттарынан өзіне қажетті мәліметті та-
уып үйренсе, оны жүйелеп айта алады, оған өз пікірін 
білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жа-
сай алады және тақырыпқа қатысты деректі түсініп 
оқып, мәселеге қатысты өз көзқарасын жазбаша да 
жеткізе алатын болады. Тыңдалым дағдысы бойынша
оқушының
негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін 
практикада қолдана білу, 
ақпаратқа өз көзқарасын білдіру, ой қорыта білу 
дағдыларын игеруге мүмкіндік болады. Айтылым 
дағдысы бойынша белгілі бір тақырыпқа қатысты 
ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, 
қорытынды пікір жасау, зерттеушілік (анализ, син-
тез), ақпаратты өңдеу дағдыларын алады. Оқылым 
дағдысы бойынша мәтіндегі негізгі және қосымша 
ақпаратты ажырата білу, астарлы ойды анықтау, 
шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу, зерттеп оқу, 
сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары берілсе, жазы-
лым дағдысы бойынша тақырыпты аша білуі, өз ойын 
сыни тұрғыда дәлелдеуі, қорытынды шешім шығаруы, 
өз көзқарасын дәлелдеуі, цитатамен жұмыс істеу 
дағдылары бағаланады. Осы төрт дағдыны жүйелі 
қалыптастыра білу – педагогтың алдына қойылған 
оқытудың талабы. Дегенмен дағдының барлық түрін 
бір сабақтың үстіне қалыптастыру мақсаты бала 
жүйкесіне салмақ түсіру мүмкіндігін ескертеді. Осы 
тұрғыдан, әрбір педагогтың алдында тұрған басты 
мәселе – білімгерлердің оқу бағдарламасын сапалы 
игеруін қамтамасыз ететін білім алу құзыреттіліктерін
дамытатын құралдар мен әдістерді іздестіру. М.Ж. 
Жадринаның пікірінше, құзыреттілік оқушының 
мәселелерді өзіндік даму, өзіндік басқару, білім, 
икемділік, дағдыны пайдалана отырып шешумен 
ерекшеленеді [1]. 
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Орта білімге 
кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен 
білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың 
шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне 
және оқушылар денсаулығының нашарлауына 
әкеледі»[2] деп, анықтап берілген білім берудің керағар 
тұстарын ескере келе, олардан алшақтататын тәсілдерді 
жүйелеу мақсат етіледі. Қазіргі кездегі барлық білім 
берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты 


149
мақсаты – білім алушының жеке басының дара және 
дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше 
ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру 
болып табылады. Ал оқу мақсаттары белсенді оқыту 
топтық, жеке, жұптық жұмыс түрлерін қолдану арқылы 
іске асырылады. Мұғалімнің іс-әрекеті оқушыны 
бақылауға, бақылау нәтижесін өңдеуге, бағыт-бағдар 
беруге, күтілетін нәтижені анықтауға арналады. 
Оқушының іс-әрекеті өз көзқарасын салыстыруға, 
топтық, жұптық жұмыста бірлесе шешім шығаруға, 
өз жетістіктерін бағалауға арналады. Білім берудегі 
инновациялық технологиялардың тәжірибеге енуі 
мен оны тиімді қолданудың өзіндік рөлі бар. Әлемдік 
озық үлгілер ғана жинақталып, тиімділігі танылған, 
нәтижелілігі мойындалған әдіс-тәсілдер қолданыстан 
шықпайды. Жаңашыл педагогтар мен шебер ұстаздар 
тәжірибесінде оқыту әдістері өзгеріп отырады. Ұзақ 
уақыт бойында оқыту үдерісінің елеулі бөлігі болып 
табылатын әдістердің алуан түрі жинақталған. Алайда 
олардың ара қатынасы, артықшылығы, нақты толы-
суы мектептің мақсаттық бағыттарына қарай өзгеріп
отырады. Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз 
ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады»[3.68]- 
деген сөзі қай ғасырдың ұстазына болсын, әрдайым 
ізденімпаз, жаңашашыл болуды меңзейді. Мұғалім 
үнемі ізденіс үстінде болу керек. Жаңашыл ұстаз ғана 
заман ағымына ілесе алады. Қазіргі білім талапта-
ры: 
1.Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен ары-
луы керек. 
2.Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім 
беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға 
дайын оқушы болуы тиіс.
3.Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту 
керек
4.Өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет.
5.Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін 
баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде 
айқындау керек.
«Қазіргі сабақ – бұл тану, ашу, іс-әрекет, қарама-
қайшылықтар, даму, өсу, білімге апаратын саты, өзін-өзі 
тану, жетілдіру, қызығушылық, таңдау, кәсіпкершілік, 
алға бастау, сенімділік, қажеттілік сабағы және қазіргі 
сабаққа тән ерекшелік – оқушылардың белсенді 
(өздігінен) оқу қызметі. Ал оқу қызметі – адамның оқу 
міндеттерін шешу үдерісінде теориялық білімдері мен 
тәжірибелік білігін игеруіне бағытталған негізгі қызмет 
түрлерінің бірі»[4.5]. Мұғалімнің жұмысында ең ба-
стысы – сабақтық білім беру, тәрбиелеу және дамыту 
міндеттерін дұрыс үйлестіру арқылы осы қызметтерді 
басқару. 
Сабақтың 
дамытушылық 
мақсаты, 
білімгердің ойлау, қорытынды шығару, қабілетінің 
дамуына ықпал ету, қоршаған ортаға сай мінез-құлық 
дағдысын қалыптастыру, танымдық әлеуетін арттыру 
болып саналады. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті 
белсенділігін арттырудың түрлі тәсілдері бар. Сабақ 
мазмұнына сай ойлаудың түрлерін үйрету, яғни са-
ралау, жинақтау, салыстыру, маңызды ақпаратты 
іріктеп алу, қорыту, тұжырым шығару секілді білік, 
дағдыларды меңгерту білімгердің оқу-танымдық 
үдерісін шыңдайды. Сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат 
қою мен оқу нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа 
және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқытудың 
жаңа әдістерін қолдану; оқушы және мұғалім рөлін 
өзгертеді. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы 
оқушының дағдысын дамыту, танымын кеңейту, ойын, 
сөйлеу тілін дамыту, сыни ойлауын дамыту іске асыры-
лады. Оқушылармен сабақ сайын кері байланыс жасау 
тәсілі – оқушыларға ойын еркін жеткізу мен тұжырым 
шығаруға көп көмектеседі. Оқушылар сабақта өздік, 
жұптық, топтық жұмыс түрлерін игереді. Белгілі 
тақырыпты меңгерту аясында оқушының ойына 
түрткі болатындай сұрақтар қойылады. Мұғалім ылғи 
мәселе туындатады, оқушылар оны постер, кейс-
стади, фиш-боун, пирамидалық талқылау, т.б. әдістер 
арқылы қорғайды. Оқушылардың сабаққа деген ынта-
сы, қызығушылығы оянады. Оқытушы мен оқушының 
іс-әркетін әрекеттестікте ұйымдастыру қазір ба-
сты назарда. Соңдықтан олардың барлық оқулары 
дидактикалық ойын түрінде, өмірлік жағдаяттарды 
сабақтағы қызықты әдістерге айналдыру, тіршілік 
жағдайларымен, мысалдармен кеңейтіліп оқу ба-
рысында меңгерген білімдерін, іскерліктерін және 
тәжірибеде қалыптасқан дағдыларын қолдануларына 
мүмкіндік жасайтын, олардың қызығушылықтары 
артатын жағдайларды және еңбек әрекеттерімен 
толықтырылуы керек.
Оқыту үрдісінің заңдылығы – құбылыстар мен 
үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, 
мәнді байланыс. 
Жалпы заңдылықтар: 
-оқыту талаптарына сәйкес оқыту үдерісін 
сәйкестендіру;
-білім берудің тәрбие және дамыту процестерімен 
байланысы;
-оқыту процесі оқушынының нақты оқу мүмкіндігі
мен сыртқы жағдайына тәуелді болуы;
-білім беру мен оқу процесі заңды түрде өзара 
байланысының болуы;
-оқытудың мазмұны ғылымның даму логикасы және 
деңгейіне, қоғамның талабын көрсететін міндеттеріне 
тәуелді болуы;
-оқытудың әдістері мен құралдары және оқуды ын-
таландыру, оқу іс-әрекетінің бақылау және өзіндік 
бақылауды ұйымдастыру білім беру мазмұнына және 
міндеттеріне тәуелді болуы;
-оқытуды ұйымдастыру формалары оқытудың 
міндетіне, мазмұнына және әдісіне тәуелді болуы;
-үйлесімді жағдайға сәйкес оқу процесін барлап, 
заңдылықтары мен компоненттерінің өзара байланы-
сын оқытуда берік, саналы және іс-әрекетті, нәтижелі 
қамтамасыз ету. 
Оқыту мақсаты мен оның мазмұны және әдістері ара-
сында бір-бірімен тұрақты байланыс бар. Яғни мақсат 
оның мазмұнын, әдісін анықтайды, ал соңғысы мақсатқа 
жетудің шарты болып табылады. З а ң д ы л ы қ т а р 
оқушы мен оқытушыны іс-әрекетінің сипатына, оның 
қолданатын құралдарына, оқыту әдістері және оқу 
материалының мазмұнына тәуелді болады. Белсенді 
оқыту тілдік дағдыларды қалыптастыруда – оқытуды 
дамыту, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай 
алатын, өзін-өзі жетілдіретін тұлға қалыптастыруға
негіз болады. Сонымен қатар, білім алушылардың 
өз бетімен ізденуін арттыру мен шығармашылық 


150
қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Сабақ процесі 
оқушыны белсенді іс-әрекет пен белсенді ойлауға, 
белсенді оқытуға бағытталады. Белсенді оқыту 
арқылы - білім алушының жеке басының дара және 
дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше 
ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру 
болып табылады. Қазақстан Республикасында білім 
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасының басымдықтары, білім 
беру саласында көш басында келетін прогресшіл ел-
дерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар 
жүйесімен барабар. Жаңашыл мақсат әрбір ел үшін 
маңызды болып табылатын рухани, мәдени және 
адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз 
елінің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден-
жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді 
және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары 
мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз 
білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан 
ойлауға үйретуді қамтиды. Білім беру саласында 
жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті 
кәсіби қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің 
қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген 
мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан 
өзгерте алатынын көрсетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.М. Ж. Жадрина. Логико-дидактический подход к 
определению ожидаемых результатов обучения в шко-
ле // Творческая педагогика. - 2005. - №2.
2.ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, -2010
3.Байтұрсынұлы А. VI томдық шығармалар жинағы.
III том. А.1992.
4.Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру.
Оқу-әдістемелік құрал. 
– Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014. – 48 
б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет