147
Жақсы болсаң, шынында,
Қартаймас деп айта алам.
Жаңа оқу жылында,
Жасарады қайтадан.[2;237]
Жас пен кәрі жатқа оқитын бұл өлеңінде автор
мұғалімді бар кластың анасына теңейді.Бар ғұмырын
шәкірт шырағын жағуға арнаған ұстаздық қызметтің
қиынын бала тіліне жеңіл әрі түсіндіре жеткізген
шумақтардан жас шәкірттің санасында ұстазға
құрмет қалыптастыра жатталатыны сөзсіз.Француз
жазушысы, философ Ж.Ж.Руссоның «Ұстаз болу
-өз уақытыңды аямау,өзгенің бақытын аялау» деген
қанатты сөзінің мәні ақын өлеңімен үндесетіндей.
Қадыр ақын тек поэзия жанрында ғана емес, проза-
да да тың дүниелер жазды. «Жазмыш», «Иірім» сынды
туындылар қазақ әдебиетіндегі ерекше естеліктерге
толы, эссе жанрының қалыптасуына үлес қосты.Ақын
«Иірімінде» өткен күндерінен естеліктер жазып өзінің
ұстазға деген құрметінен шығарманы бастайды. Уни-
верситетке түсу үшін емтихан тапсырған жас абиту-
риентке жақсы білген тарих пәнінен « төрттен» артық
баға қоймай, орысшаға шорқақ ауыл баласының жау-
абынан ертеңіне үміт артқан орыс тілі мұғалімінің «
бестік» қойған сәтін оқырманымен бөліседі.
«Маған ойламаған жерден « бес» қойған жомарт
мұғалімнің кім екенін де кейін білдім.Қыз күніндегі
фамиялысы беймәлім. Сол кездегі фамилиясы Поссе.
Аты –жөні Татьяна Владимировна...Саяси қуғынға
ұшыраған қазақ, орыс және еврей интеллигенция-
сына батыл ара түсіп, біразын аман алып қалыпты.
Жовтистің осы әңгімесінен кейін мен ол туралы өлең
жаздым.Біраз жылдардан кейін « Қылыш пен қвнжвр»
кітабыма кірді.Өлең «Тұсаукесер» деп аталады.»[3;8]
деп осы өлеңнің толық нұсқасын кітабына енгізеді.
...Жақсы ойларды тілімдеп
Жатса-тілім кінәлі.
Көзәйнегі күлімдеп,
Сөйлеп берді мұғалім:
-Әріптестер еншілес
Мүмкін маған тағар сын:
Орыс тілің онша емес
Оны түзеп аларсың!
Күндердің бір күнінде
Ұғатындар ұғады.
Жаңылмасам
Түбінде
Сенен кадр шығады!
Адаммын мен сыйлаған
Апа мен ағаны...
Қазақтарым қимаған
Қиды ол үлкен бағаны.
Мен зымырай жөнелдім,
Көңіл әбден өскесін.
Дана қызы ұлы елдің
Тұсауымды кескесін![3;9]
Ақын орысшаға нашар екендігіне қарамай,қойылған
сауалға дұрыс жауап айтқанынан жақсы әдебиетші
шығатынына сенім білдірген ұстазын еске ала отырып,
«Осы бір азамат әйелдің, көрген ұстаздың алдында
мен адам ретінде, ақын ретінде де мәңгі қарыздармын.
Мен оны ешқашан ұмытқан емен.Өмірдің әр белесіне
шыққан сайын Татьяна Владимировнаны бір еске
алам. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа
ұсынылып, сайлаушыларыммен алғаш кездескенде де
мен ол кісіні есіме алып. Қарыздар адам ретінде атын
атап өттім.»[3;9]-деп өз алғысымен естелігін аяқтайды.
Естелік кітабынан алынған осы бір оқиға ұстаздың
ұлығы шәкірт шығар шыңды бағдарлап, бейімін тани
білу екендігіне дәделі сынды.
Ұлттық поэзияны тың белестерге көтерген Қадыр
Мырзалиевтың өзі де өнегелі ұстаз болғанын біреу
білсе, біреу біле бермеуі мүмкін. «Ал бізге келген-
де Қадекең ел мойындап, жұрт қол қойған шешен-ді.
Шешен болғанда да, Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы
«білімір шешен» еді. Оның үстіне бізге оқитын пәні
ақынға, ақындыққа қатысты болған соң, ол шешілмей
кім төгілсін!»[4]-деп есіне алады ақынның дәрісін
тыңдаған Ө.Әбдиманұлы.«Әрбір сабағын тақырыпқа
сай құрып, одан ауытқымай, тақырыптың жан-
жақты ашылуына күш салатын.Махамбет жайлы көп
білетіні соншалық, тақырып аясы кеңейіп, кемелінен
асып төгіліп жататын.Қоңыр дауыс, күмбір үн де
небір деректер мен дәйектерді санаға тоғыта есе-
лей құйып, айтар ойды шегелей бекітіп жататын.
Қадекең Махамбеттің бар өлеңін жатқа біледі десем,
өтірік айтқандық емес, 90 минуттық бір сабақта сан
өлеңнен үзінді оқып,оларды тақырып танымын ашуға
шешуші дәлелдер ретінде келтіріп отыратын.»[4].Бір
тақырыпқа әңгіме айту бір бөлек, ғылыми дәріс оқу
бір бөлек дүние екені белгілі.Осы орайда ақынның
ұстаздық қырын ғана емес, зерттеу мен зерделеудің
нәтижесінде «Махамбеттануға» бастау болған еңбегін,
ерекше атап өткен жөн деп білеміз.
Қадыр поэзиясы кішкене балдырғаннан ба-
стап, бірнеше толқынды тәрбиелеген құрал.Адамзат
саналы, білімді меңгерген шақтан бастап, ұстазға
әрдайым қарыздар.Жас ұрпақтың бойында ұстазға
деген , мектепке деген құрметтен, білім алуға
құлшыныс, отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікке
бастау алады.Дана Абай « Адамның адамшылығы
жақсы ұстаздан болады» деп бекер айтпаса керек.
Қадыр Мырзалиев шығармаларынан талданған
туындылардың тәрбиелік мәні бүгінгі педагогтың
тұлғасын қалыптастырып,құрметке лайық, бәсекеге
қабілетті болуында, ұрпақ тәрбиесіне әлі де қызмет
етпек.Ақын шығармаларындағы ұстаз бейнесінің сан
қырынан танылып, оқырманына естеліктері арқылы
жетуі де өзінің біліммен шырағы жанған адал шәкірт,
өнегелі ұстаз болғандығынан деп білеміз.
Достарыңызбен бөлісу: