1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет125/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Key Words:
fairy-tale, fairy tales, teaching methods, literature, child psychology, imagination.
Бала тәрбиесінде елеулі орын алатын, бала-
ны әдептілік пен адамгершілікке, ақылдылық 
пен батырлыққа, қайырымдылық пен адалдыққа 
тәрбиелейтін ауыз әдебиетінің озық үлгісі – ертегілер.
Қазақ халқының ертегілерінде халықтың мақсаты, 
мүддесі, оның армандары мен мұраты, тұрмыс-
тіршілігі суреттеледі. 
Ертегінің тәрбиелік мәні жөнінде М.Әуезов: 
«Табиғатты баурап, танып алғанша адам қиялымен та-


142
нып меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен 
ол ертегі, аңыз, әңгіме түрінде туындап тараған... 
Ертегілерде қоғамдық тартыста, күштілерлің 
көпшілікке көрсеткен қиянатын, зорлық-зомбылығын 
және халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы 
түгел жинақталған... Біз ауыз әдебиетін зерттей 
отырып, халық санасындағы отаншылдық сезімді, 
халық ұғымындағы халықтың үміті, оптимизмді... 
сол халықтың өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-
ғұрпын, халықтың коллективтік тәрбиесінің жемісін 
көреміз» – дейді. [1, 249]
Ертегілерді этнографиялық мұра ретінде көпшілікке 
танытқан ғалым – Әбубәкір Диваев. Ә.Диваев 1920-
1921 жылдары Сырдария мен Жетісу аумағында 
фольлорлық экспедицияда болады. Сондағы жазып 
әкелген материялдарының бір толқыны қазақтың 
ертектік эпосының этнографиялық материалдары 
екенін айтып, ертегілерді тақырыптық жағынан:
- ақыл, алғырлық;
- әйелдер;
- шындық және әділеттілік;
- сараңдық және жомарттық;
Байлық және жомарттық туралы ертегілер деп бес 
топқа бөледі [2, 25]
Ал қазақ ертегілерін топтастыруда алғаш еңбек 
сіңірген ғалым Мұхтар Әуезов ертегілерді мазмұндық 
жағынан мынадай топтарға бөледі:
- аңыз ертегі;
- салт яки үлгі ертегісі;
- мысқыл-мазақ ертегілері;
- өтірік әңгімелер. [3, 68-70]
Фольклортанушы ғалым Едіге Тұрсынов аталған 
ғалымдардың 
топтастыруындағы 
ертегілердің 
өзара жігінің ашылмауы, жанрлық сипаты мен ішкі 
мазмұнының ескерілмеуі секілді кемшіліктерді атап 
көрсетеді. Бірақ, зерттеулердің қазақ фольклористи-
касы тарихындағы алғашқы қадам екенін ескере келе 
және ғалымдардың ертегілерімізді қазақ халқының 
қадім заманнан келе жатқан төл туындысы ретінде 
қарастыруы құптарлық жәйт екенін айтады. Осылай-
ша П.Фалевтің «қазақ ертегілері қазақтың төл туын-
дылары емес, олар өзге халықтардың фольклорынан 
енген сюжеттерден келіп құралады» деген пікіріне 
қарсылыған танытады. [4, 77-78] Зерттеушінің бұл 
пікірі өте орынсыз екені даусыз. Себебі әр халықтың 
дәстүріне, тұрмысына қарай туындаған даналығы бо-
лады. Ал халықтардың өзара қарым-қатынасқа түсуінің 
нәтижесінде ертегілердегі кейбір сюжеттерінің алы-
нуы мүмкін.
Осы турасында Б.Кенжебаев: «Халық біткеннің 
қай-қайсысы болсын, азды-көпті, жаманды-жақсылы 
ертегі жасайды, әр халықтың өзінің қолтума, байырғы, 
өз өмірінен алып жасаған ертегі легендалары, эпо-
стары, тағы басқа өнерлері болады. Ертегі деген 
нәрсе халықтың қоғамдық тұрмыстіршілігінің жемісі, 
нәтижесі. Сондықтан әр халықтың өзінің тарихтық, 
экономикалық-әлеуметтік дамуы дәрежесіне, соған 
мәдениетінің, салт-санасының дәрежесіне лайық бо-
лады... Халықтар өзара қарым-қатынас жасай жүре 
ертегілердің де сюжеттерін бірінен-бірі қабылдай 
берген. Және де әр халық өзіне ұнаған, рухани 
тілегіне, мақсат-мүддесіне сай келген сюжеттерді 
ғана алып отырған. Ол сюжеттер кейін сол халықтың 
фольклорлық дәстүріне бағынып, өзіндік түр-таңба та-
уып төлтума шығармаға айналып кете берген» – дейді. 
[5, 79-80] 
Кейінгі кезеңде М.Әуезов Л.Соболевпен авторлық 
бірлестікте жазған «Қазақ халқының эпосы мен фоль-
клоры» деген көлемді мақаласында ертегілерді қиял-
ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, 
тұрмыс-салт ертегілері, балаларға арналған ертегілер, 
аңыз-әңгімелер, күй аңыздары деп жіктеді. Ертегітану 
ғылым саласының біртіндеп дамуына өз септігін 
тигізген ғалымдар біртіндеп арта берді. Аса көп 
назарға ертегілердің түрлері және өзара байланы-
сы, көркемдігі, ертекшілер және ертегілердің да-
муы секілді мәселелер болды. Осы тақырыптарды 
ой қорытып, өзіндік жіктеуін, пайымын ортаға 
салған Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, 
М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Г.Потанин, Ш.Ахметов, 
Қ.Жанпейісова, С.Қасқабасов және т.б. ғалымдар бол-
ды.
С.Қасқабасовтың 1972 жылы шыққан «Қазақтың 
қиял-ғажайып 
ертегілеріндегі 
көне 
дәуірдің 
қалдықтары» атты мақаласында қазақ ертегілердегі
анимизм, тотемизм, магия, шаманизм белгілерін 
шолып, «қазақ ертегілері туған кезде, адамдар 
мифологиялық (анимистік және магиялық) түрде 
ойлау қабілетінде болған; соның әсерінен алғашқы 
қауымда пайда болған көптеген мотивтер, образдар 
мен сюжеттер мифологиялық сарынға келтірілген» де-
ген қорытынды жасайды. [6, 12]
Ә.Қоңыратбаевтың жоғары оқу орындарының фило-
логия мен журналистика факультеттеріне арналған 
«Қазақ фольклорының тарихы» атты оқу құралын 
студенттерге бастапқы білімді меңгертудегі құнды 
еңбектің бірі деп айтсақ болады. Ғалым фольклор және 
фольклористика ғылымының мәні, фольклористика 
тарихы туралы айта келіп, тұрмыс-салт жырларына, 
аңыздар мен ертегілерге, батырлар жыры мен лиро 
эпостық жырларға, тарихи жырлар мен айтыс поэзия-
сына жеке-жеке тоқталады. Соның ішінде ертегілерді 
мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер, хайуанаттар 
(жан-жануарлар) жайындағы ертегілер, реалисттік 
(тұрмыс-салт) ертегілер деп бөледі. 
Қазақ фольклорының тарихында ертегілердің 
халық қорында жинақталуы, мазмұнына қарай 
түрлерге жіктелуі, «сюжет сіңіру» және т.б. мәселелер 
төңірегінде біршама пікір қайшылықтары кездеседі. 
Дегенмен, қазіргі таңда ертегітану ғылымы қалыпты 
жүйеге түсіп дамып келеді.
Ертегі баланың оқуға деген қызығушылығын ту-
ындыратын балалар әдебиетінің ең озық үлгісі. 
Ертегілерді оқытуда оның жанрлық ерекшелігі мен 
сюжеттік құрылымын басты назарға алған жөн. Осы-
дан кейін баланың ертегілерді өздігінен аударып, 
түсіне білуге және түсінгенін ауызша баяндай білуге 
дағдыландыру қажет. Балаға берілген сөз еркіндігі, ой 
еркіндігі ертегідегі қаһарман кейіпкерлерді ақтап, өз 
мұратына жеткізеді.
Қазақстандағы орыс тілді мектептерде 1958-1959 
оқу жылынан бастап «Қазақ әдебиеті» пәні енгізілді.
Оның басты мақсаты оқырманды халықтың көркем 
әдеби мұраларымен, салт-дәстүрімен таныстырып, 


143
эстетикалық талғамын қалыптастыру болды. Бүгінгі 
таңда өзге ұлтты мектептерде ертегілер 5-9 сыныптар 
аралығында оқытылып келеді. Әдебиет сабақтарында 
әдеби теориялық ұғымдарды сөз өнерінің озық 
үлгілерімен қатар алып жүреміз. Осы тұрғыда оқушы 
біріншіден ертегілердің тақырыптық, жанрлық 
ерекшелігі туралы білімді меңгеруі қажет.
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында жасалған
жаңалықтың бірі - оқу бағдарламасы Қазақстан Ре-
спубликасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 
1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (баста-
уыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі 
міндеттері: 
1)шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын 
тұрғысынан ойлауға дағ-дыландыру; 
2)білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға 
қалыптастыру; 
3)туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы 
өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
4)оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін 
әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
5)оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін 
дамыту;
6)оқушыны 
қазақ 
халқының 
мәдениетімен, 
әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен танысты-
рып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, 
мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу 
делінген. Осы бағдарламада ертегілердің бала 
тәрбиесіндегі мәні ескеріліп «Қазақстандағы жан 
жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тарауында жан 
- жануарлар туралы ертегілер, «Ең үлкен байлық» 
ертегісі, жұлдыздар туралы аңыздар, ертегілер оқу 
жоспарланған. 
Қазақ ертегілерінде әртүрлі мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар, өлең-жырлар мен нақыл сөздер кездесіп 
отырады. Көп жағдайда өлең жолдары жиірек 
кездеседі. Олардың барлығы ертегінің көркемдігін, 
әсерлілігін арттырып, жандандыра түседі. Ертегілік 
прозадан халық өмірінің әр сатысы көрініс тапқан. 
Әр елдің басынан кешкен оқиғалары мен тұрмыс-
тіршілігінің негізінде бір-біріне ұқсас сюжеттер 
және мотивтер туындаған. Мұндай типологиялық 
ұқсастықтар – заңдылық. Себебі, ешбір ел бір-бірінен 
алшақ, әдеби, мәдени байланыссыз өмір сүрмек емес. 
Өзге тілді аудиторияға ертегілерді оқытуда оның 
мазмұнын, ондағы айтылатын ойды, идеяны жеткізуде 
диалогтың орны ерекше. Ертегідегі диалог балалардың 
тіл байлығын дамытуға көмектеседі. Бала дайын мәтін 
арқылы қарым-қатынасқа түсіп, ертегі кейіпкерінің 
рөліне енеді. Ертегіні рөлге бөліп оқыту – оқушыларға
мазмұнды меңгертудің ең тиімді тәсілі. 
Ертегі мазмұнын меңгертіп, оқушылардың оқуға 
деген қызығушылығын арттыратын, өздігінен оқуға, 
ойлануға жетелейтін тағы бір құрал – сұрақ тапсыр-
малары. Жаңа сабақты өту барысында мәтін бой-
ынша бірнеше сұрақ берілуі тиіс. Сұрақтар баланы 
ойландыратын, жауабын тауып, шығарма мазмұнын 
ашуға итермелейтіндей болуы қажет. Мысалы, ертегі 
кейіпкерлерінің ерекшелігі қандай? Олар қалай бейне-
ленген? Ертегідегі сөз қолданыстары қандай? Ертегі 
кейіпкерінің мақсаты қандай? Ертегідегі жағымды және 
жағымсыз кейіпкерлердің бойынан қандай қасиеттерді 
байқадыңдар? Ертегідегі бас кейіпкер мақсатына жету 
үшін қандай әрекет жасады? Сен ертегі кейіпкерінің 
орнында болсаң қандай шешім қабылдар едің, қандай 
айла қолданар едің, деген секілді сұрақ тапсырмалары 
баланы ойландыры анық.
Ертегілерді оқыту арқылы әсемдікті, адам-
дар арасындағы қарым-қатынасты ұғындыру бала 
тәрбиесіне, олардың қоршаған ортаны қабылдауына 
көп көмегін тигізеді. Жеңілден ауырға қарай берілген 
ертегі мәтіндері өмір шындығымен бірге беріліп отыр-
са, баланың дүниетанымы дұрыс қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет