ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ БАЛА ҚИЯЛЫН ДАМЫТУ ҚұРАЛЫ РЕТІНДЕ
П.ғ.к. Бораш Рыскүл Байділдақызы,
2 курс магистранты Байболат фариза Уалиханқызы,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы қ., Қазақстан
Түйіндеме.
Ертегілер халық қазынасының қайнар көзі. Баланың ой-өрісін кеңітіп, қиялы мен ой ұшқырлығын
дамытатын, психологиялық тұрғыда дамып, жетілуіне мол үлесін қосатын фольклорлық мұраның бірі болып
табылады. Ертегілермен жұмыс жасау мәтінді өз бетінше түсінуге, шығармаларды және олардың бөліктерін
мәнерлеп оқуға бейімдейді. Оқушылар авторлық ұстанымды ұғынып, оқиғалар мен кейіпкерлерге жеке көзқарасы
туындап, сондай-ақ мәтіннің бейнелік және эмоциялық мазмұнын ұғыну нәтижесінде оқу міндеттерін түсінеді.
Мақалада ертегілердің бала тәрбиесіндегі басты мақсаты, қазақ тілін оқытпайтын мектептерде ертегілерді
тиімді жолмен оқыту тәсілдері баяндалған.
Достарыңызбен бөлісу: |