138
Түйіндеме. Бұл мақалада қазақ шешендігінің өзіндік ерекшеліктері жайында сөз болады. Шешендік сөздер –
ғасырдан-ғасырға ұласып, халықтың игілігіне жарап келе жатқан ұлттық мұрамыздың бірі екендігіне тоқталып
кетеді. Қысқаша айтылған бейнелі, мағынасы терең бұл сөздер тындаушының көңілінен шығып, тыңдаушыны
айтарына сөзсіз иландырады.
Аннотация: В данной статье речь идет о специфических особенностях казахской ораторский искуствий. Ора-
торские слова-это одно из национального наследия, которое сочетается с веком-веком и служит во благо народа.
Эти слова, кратко выраженные, глубокие смысловые, несомненно, заставляют слушателя восхищаться.
Abstract: In this article we are talking about the specific features of the Kazakh oratory. Oratory is one of the national
heritage, which is combined with the century-century and serves for the benefit of the people. These words, briefly
expressed, deep semantic, undoubtedly, force the listener to admire.
Адам баласының қай-қайсысы болмасын шаршы топ
алдында немесе қандай да бір ортада өз ойын шебер де
шешен жеткізуге тырысады. Алайда ондай мүмкіндік
екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Шешендік сөз
өнері өзге өнер түрлеріне қарағанда жасампаз жанр.
Ол үнемі жаңғыру мен жаңарудан тұрады. Өйткені
адам баласының ең басты қаруы – тіл. Шешендік
сөздің астары тек тапқырлықтан тұрмайды. Ол ой салу
мен ойлантудан, насихат пен даналықтан тұрады. Елді
елдік пен бірлікке шақыруда, халық тарихын байыппен
саралап, бүгінгі ұрпақ санасына жеткізуде шешендік
сөздердің маңызы ерекше. Халқымыз "Сөз
қадірін
білмесең, өз қадіріңді білмейсің", "Сөз сүйектен
өтеді", "Шешеннің тілі қылыштан өткір, қылдан нәзік"
деп, сөз өнерін ерекше тани білген.
Қазақ шешендік өнері де, қазақ халқының
қалыптасуымен, оның қоғамдық әлеуметтік өмірінің,
тілінің ауызша және жазбаша әдебиетінің дамуымен
тікелей байланысты болды. «Қазақ шешендік өнерінің
жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар.
Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі ай-
тылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадын-
да сақталған. Сондықтан да олар бастапқы қалпында
емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы
ғана жеткен, бізге олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса
жүріп, өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше ұрпақтың,
талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп,
қысқарып, ұстарып, жалпы халық шығармасына
айналған...» деп жазады Б.Адамбаев.
Шешендік сөздердің қай уақытта шығып, қалай
қалыптасқанын кесіп пішіп айту қиын. Алайда, біз
білетін қазақ шешендерінің атасы –Жиренше. Ел ау-
зында сақталған шешендік сөздердің көнесі де – Жи-
ренше есімімен байланысты» деп жазды Б.Адамбаев.
Бұдан бөлек ғалым Жиренше, Қарашаш,
Алдаркөсе,
Қожанасыр сияқты есімі шешендік сөздермен байла-
нысты аталатын қаһармандардың жиынтық образдар
екенін атап өтеді.
Айтушысы белгілі ең көне шешендік сөздер қазақта
Майқы бидің есімімен байланысты. «Түгел сөздің
түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін ұлағатты осы
жәйтті әйгілеп тұрғандай. Ұлы ақын Абай Майқы биді
Шыңғысты хан көтеруге қатысқан он екі бидің бірі
дейді. Көне шежірелерді байқасақ, Майқы би Шыңғыс
заманында өмір сүрген, ханның сенімді кеңесшілерінің
бірі болған. Әділ билік жүргізгені үшін, болашақты
болжай білетін көріпкел адам болғаны үшін халық оны
әулие деп таныған.
Ғалым Б.Адамбайұлы өзінің «Алтын сандық» атты
кітабында «Аяз би де тарихи адам. Ол қырық жылдай
Хиуа ханының қойын жайған, сауатты, білімді кісі
болған. Хиуа хандығының шежіресін жазып жүргенін
біліп, хан өзіне уәзір етіп алған. Кейін Аяз би Хиуаға
хан болған» деген мәліметтер береді. [1]
Жиренше шешеннің сөздері мен тағдыры да Аяз
биге ұқсас, бұл да ханға түйе жайып жүріп кездеседі,
ханның қырық уәзіріне тапсырған жұмбағын шешіп,
Әз Жәнібекке уәзір болады, қазақ хандығын құруға
қатысады.
Халық оның сөздерін хандарға, өзі
қорлық көрген бай-мырзаларға қарсы қояды. Кей-
де қанаушыларды әшкерелейтін уытты сөздерін,
мысқыл-мысалдарын Жиренше атынан айту да жал-
пы салтқа айналған. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда:
«Жиренше әңгімесінің көпшілігі бұқара санасынан
туған. Мұндағы негізгі әңгімелердің мазмұны – сол
бұқараның шешендікті, тапқырлықты, қоғамдық,
таптық құрал етіп пайдаланғаны көрінеді. [2]
Қазақ шешендік өнері туралы сөз қозғасақ,
ойымызға бірден билер тобы оралады. Өйткені билер
хандарға ақыл-кеңесін айтумен бірге, кез келген даулы
мәселелерді шешуде тапқырлығымен, даналығымен
жұртты таң қалдырған. Қазақ халқының тарихында
«би» сөзі ежелгі түркінің «бек», қырғыздардың «ма-
нап» ұғымдарымен үндес, мәртебесімен ұқсас деген
болжамды көрнекті ғалым Бартольд В.В ұсынды.
Қазақ
қоғамының тарихында би ұғымы, негізінде
төрт мағынада – елге иелік етуші, төреші-сот, батагөй
шешен, ел бітістіруші елші ретінде қолданылды.
Қазақтың тарихында ру-тайпалық қатынастар кең
таралған және ел басқарудың көне түріне жатады. Сол
ру-тайпаларды негізінде билер, батырлар басқарды. Ел
басқарған би-батырлар көп болған және көне дәуірден
өз салт-дәстүрін сақтаған. Талабы таудайлардың міні
аз, жарастығы саз болды. Махамбет айтпақшы, «екі
кісі тең барса, онды төре береді, ақылға жетік би адам»
өмірге келеді. Елдің басында, жақсылықтың қасында
болғандарды «билер» деді. Халық сотының алдын-
да билердің бірі талапкердің, ал екіншісі айыпкердің
сөзін сөйлейді, ал үшіншісі – төбе би болып төрелік
– қатыстық сөзін айтады.
Нағыз билер – жарық дүниенің жарасымдылығын
аңсағандар. Олардың болмысына екі ерекшелік ортақ:
біріншіден, даналыққа толы тағылым, тек түбіне бой-
лай білетін сабақтастық, екіншіден, ойдағы даналыққа
толы толғау, түсінігі терең сын көзқарас. Даналық
– ой дәлдігі мен дәйектілігінде, көңілдегі көкейкесті
сыр мен мұңды ашық жеткізе білуінде. Сын көзқарас
– адамды, оның тұрмысы, қоғамдық өмірді түзетудің,
жөнге салудың пәрменді құралы. Екі түсінікке ортақ
өлшем бар. Оның бірі: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін табу». Екінішісін, Бұқар жырау: «Би
жігітке
жарасар, халқына тиген пайдасы» деп білдіреді. Еліне
қызмет еткен билер хақ жолын күзетті, сол үшін
139
әділетпен жүріп, әдепті іске ақылмен кірісті. [ 3]
Қазақтың шешендері мен шешендік өнеріне қазақ
ауыз әдебиетін алғаш зерттеуші ғалымдар да на-
зар аударған. «Билер сотының ертеден келе жатқан
халықтық түрі» туралы айта келіп, Ш.Уәлиханов бы-
лай дейді: «Би атағын беру қазақта халық тарапынан
бір сайлау арқылы немесе халықты билеп отырған
үкімет тарапынан бекіту арқылы болған емес, тек сот
ғұрыптарына әдбен жетік, сонымен қатар тілге шешен
қазақтар ғана бұл құрметті атаққа өз бетімен ие болып
отырған. Мұндай би атағын алу үшін би болам деген
қазақ өзінің заң ісіне жетіктігі және шешендік қабілеті
бар екендігін халық алдында сан рет көрсетуге тиіс
болған. Ондай адамдардың атағы бүкіл қазақ даласы-
на тез жайылып, олардың аты жұрттың бәріне мәлім
болып отырған. Сонымен, бұл би деген атақ келіп
билік айтуға және төрелік сөз сөйлеуге патент сияқты
нәрсеге айналған. Шоқанның бұл пікіріне қарағанда,
қазақ қауымында би атағын алу үшін екі шарт: бірінші
– әдет-ғұрып заңын жетік білу, екінші – шешендік
қабілеті болу керек. Дәл осыған ұқсас пікірді Абай
да айтады: «Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір
сайланған кісінің қолынан келмейді.
Бұған бұрынғы
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жо-
лын», Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында күнде
кеңес болғандығы «Жеті жарғысын» білмек керек. һәм,
ол ескі сөздердің қайсысы жаңа заман өзгергендіктен
ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның
орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға
жарарлық кісі болса керек». Шоқан мен Абай бұл
пікірлерімен дау шешіп, билік-бітім сөз сөйлеу үшін
әдет заңын білумен бірге шешендк өнер –патент
сияқты маңызды рөл атқарғанын орынды көрсетеді.
[4]
Би, шешендер даулы мәселені түйінді бір ауыз сөзбен
шешкен. От ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара,
әділ билік айтатын шешен билерді халық қадірлеп,
сыйлап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздері
ауыздан-ауызға таралып, халық оны жаттап, жадын-
да сақтап келген. Солардың мысалы ретінде Қазыбек
бидің мына шешендік сөзін келтіруімізге болады:
Өркенім өссін десең,
Кекшіл
болма -
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма -
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма -
Жанашыры жоқ жарлыға
Қайғысы көшер басыңа.
Жәрдемші бол асыға,
Қиын - қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба! [ 5]
Шешендік сөз, шешендік өнер - өнердің кәусар туын-
дысы. Ол халық өмірінің терең және мөлдір қайнарынан
шымырлап шығып, халқымыздың рухани сусынына
айналды. Ата-бабамыздан ұрпаққа мұра болып қалған
бұл өнерде халық даналығының, кемеңгерлігінің
ізі самаладай сайрап жатыр. Бұл өнердің де басқа
өнерлер сияқты жасампаз күші – халық қажетіне жа-
рамды, пайдалы болуында. Менің ойымша, жастар
тәрбиесімен
айналысушы оқытушы-ұстаздар, ата-
аналар бабалар өсиетін келешек ұрпақтың жүрегіне
берік ұялататындай із қалдыруы керек. Шешендік
сөздер арқылы болашақ жастарымыздың бойына
адамгершілік, ізгілік, парасаттылық құндылықтарын
дарыта білу ата-ана, ұстаздар тәрбиесінің басты па-
рызы. Қазіргі таңда жас ұрпаққа адамгершілік пен
рухани тұрғыдан тәрбие беру өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Ғасырлар бойы тарих қойнауында
сақталған шешендік сөз нұсқаларынан халықтың тіл
байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін
үйрену бүгінгі ұрпаққа міндет. Ана тілімізді терең
меңгеріп, оның терең сырларына үңіліп, шешендік
өнерден тәлім аламын деген әрбір ұрпақ қазіргі
шешендер
сөзімен қоса, шешендік толғаулар мен
билер сөзінің көркемдігіне назар аударғаны жөн.
Қорыта айтқанда, қазақтың дәстүрлі шешендігі көп
көріп-білуді, білгенді көкейге берік тоқуды, айтыс-
тартыстарға түсіп, жалықпай жаттығуды тілейтін
өнер ретінде қалыптасқан. Сондықтан да қазақ
шешендерінің даналық сөздері, өткір де кесімді ойла-
ры келешек ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.
Достарыңызбен бөлісу: