Сабақтың тақырыбы : Алдаркөсе мен салт атты. Сабақтың мақсаты



Дата24.04.2017
өлшемі68,27 Kb.
#14559
түріСабақ
Әдебиеттік оқу 12.12.16 ж

Сабақтың тақырыбы: Алдаркөсе  мен салт атты.

Сабақтың мақсаты:

1)  Оқушыларға  аңыздағы  негізгі  оқиғаны,  идеяны ұғындыру,  қызығушылығын ояту , ой түйіндей білуге  үйрету.

2)  Оқушылардың ой – өрісін , шығармашылық қиялын дамыту, танымдық білімін арттыру.

3)  Оқушыларды тапқырлыққа , ақылдылыққа , батылдыққа   тәрбиелеу.



Сабақтың типі : жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:   сұрақ – жауап , түсіндіру , топтастыру , тапсырма.

Көрнекілігі  : Алдаркөсе суреті , сөзжұмбақ , жүмбақтар , сызбалар.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру.   Психологиялық дайындық.

Күй тартамыз күмбірлі , күмбірлі

Ән айтамыз  көңілді , көңілді .

Би – билейміз  ырғақты , ырғақты

Біз бастаймыз сабақты , сабақты .

II.   Үй тапсырмасын тексеру .   «Өз ізі»  әңгімесінің мазмұнын жоспар бойынша  айту.

Жоспары :


  1. Ауыл сыртындағы саяхат.

  2. Әлкеннің әрекеті.

  3. Әлкен мен автордың диалогы.

  4. Автордың тілегі

  5. Оқушылардың ойы.

 

Әр аңның ізінебір сұрақ жасыру.

1.  Қазақша жыл басы қай айдан басталады? ( Наурыз )

2.  Бойына сеніп қай жануар жыл атауына ие болмай қалды? ( Түйе )

3.  «Өз ізі» әңгімесінің  авторы кім ?

4.  Тікен – тікен  тік пісте,

     Қысы - жазы бір түсте . Бұл не ? (Шырша)

5.Аңыз дегеніміз не?



III . Жаңа   сабақ.   «Алдар көсе мен салт атты».

 Ой қозғау.



  • Қазір қандай жыл мезгілі ?

  • Қыста табиғат қандай күйге енеді?

  • Адамдар қалай  киінеді?



Жұмбақтар шешу.

  1. Күндіз басыңда болады,

Түнде ілгішке  қонады.  ( Бөрік )

  1. Қыста кимесең тоңасың,

Жазда кисең жанасың. ( Тон)

  1. Тұрған шақта қар борап, таяп құйын,

Кімдердікі болсада аяп киін.

Оңдырса да, тоңдырмасақ қойлардың

Жүндерінен басылған аяқ киім.(Пима).

Сөзжұмбақ шешу.  

1. Күн мен айдың мекені

2. Ешкінің төлі

3. Не ойнаған тозады.

4. Түлкі қандай аң?

5. Шын, ...

6.Тудың түсі

7. Бес жаман қасиеттің бірі

8.Төрт түліктің бірі

9. Аяқ киім


Ерекше сызық: 
АЛДАРКӨСЕ

5)«Ойлану,талқылау» әдісі

Оқу түрлері:

Оқушыларды екі топқа бөліп, мәтіндерді оқыту;

Берілген сұраққа барлық топ оқушылары ойланып жауап іздейді және оны дәлелдейді

- Алданбау үшін қандай болу керек?

Жалпы қолындағы затты айырбастау дұрыс па?

Бұл жаман әдет екенін дәлелдейді. Сондықтан да мұндай жаман қасиеттерден аулақ болған жөн.



6. Топтық жұмыс:

«Алданып қалмау үшін қандай болу керек?» оқушылар өздері үшін қағидалар құрып, оны сыныптастарымен бөліседі.

- Алданбау үшін қандай болу керек?

Жалпы қолындағы затты айырбастау дұрыс па?

Бұл жаман әдет екенін дәлелдейді. Сондықтан да мұндай жаман қасиеттерден аулақ болған жөн.

6. Топтық жұмыс:

«Алданып қалмау үшін қандай болу керек?» оқушылар өздері үшін қағидалар құрып, оны сыныптастарымен бөліседі.Және



(Алдаркөсеге мінездеме берейік)

7. Сергіту сәті:

Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Жоғары төмен қарайық

Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым. Бір серігіп алайық


8.Толғаныс сәті:

Берілген аңыздардың негізгі ойын анықтату.

а) «Бір сәтке өте көңілді»

ә) «Әркез адалдықты үйрену керек»

б) «Әркімге сене беруге болмайды»

в) «Күлкі адам өмірін ұзартады»

г) «Жаман әдеттен арылу керек (оқушылар кей негізгі ойды өздері ұштайды,кері бағытта сөйлейді,өз ойларын дәлелдейді)



9.Рефлексия


1.Жақсы түсіндім

2.Түсінген жоқпын


- Бүгінгі сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Не ұнамады?

Бағалау.


10. Бекіту:

Оқулықтағы берілген жаңылтпаштарды оқытып, жаңылмай айтуға жаттықтыру.



Сонымен қоса жақсы-жаман қасиеттер туралы мақал-мәтелдер айтады.

Және әр адамға жақсылық тілей отыра,аспаннан жауған қар ақ болғандықтан ақ тілектер тілейік!Тілейік те ілейік.

/Жиналған қарды мақтамен жапсырмалайық яғни тілектеріміз қазіргі қардың қалыңдығындай көп болсын,жақсылық көп болсын!/

Қорытынды:

Сонымен біз бүгін қандай аңыз кейіпкері туралы әңгімемен таныстық? 105-беттегі суретпен жұмыс жасау

Үйге тапсырма: Ой қозғау (Оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау үшін мәтін мазмұнын сахналауға дайындау)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет