1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


toplum o kadar sağlam ve güçlü olur. KAYNAKÇA



Pdf көрінісі
бет18/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

21
toplum o kadar sağlam ve güçlü olur.
KAYNAKÇA
AKSAN, Doğan. (1998). Her Yönüyle Dil Ana 
Çizgileriyle Dilbilim. 1. Cilt, Ankara: TDK Yayınları.
AKSAN,Doğan. (1999). Türkçenin Gücü. 6. Basım. 
Ankara: Bilgi Yayınevi.
BALAMAN, Ali Rıza. (2002). Evlilik Akrabalık Türleri. 
Ankara: Kültür Bakanlığı Yayınları
BİNLER, Mehmet Ziya. (2006). Türk Dünyası Aile ve 
Akrabalık Terimleri Sözlüğü. İstanbul: Selenga Yayınları.
BURAN, Ahmet (2000). Gakgo / Gakgoş Kelimesinin 
Kökeni ve Anlamı. Türk Dili (578). şubat, s.173-178.
 
 
 
ТІЛ ТАҒДЫРЫ – КЕМЕЛ КЕЛЕшЕК КЕПІЛІ
Тухтамурадов Ж.К., Ғазизов Н.С.
Ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор 
Смағұлов Ж.Қ
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласы
Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміздің өзекті 
мәселесінің бірі - тіл мәселесі. Себебі кеңестік кезеңде 
Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақ ұлтының тілі 
өз функцияларының көпшілігінен айрылып қалғаны 
белгілі. Жаһандану үрдісінің Қазақстанға әсерінің 
бірі ағылшын тіліне сұраныстың артуы. Сондықтан 
мемлекеттік тіл саясаты қазіргі қоғамдағы маңызды 
істердің бірі. Конституцияда тайға таңба басқандай 
мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жазылды.2016 жылы 
мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 86% 
жеткенін мәдениет және спорт министірлігі Арыстан-
бек Мұхамедиаұлы Астанадағы үкімет отырысында ба-
яндады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
«Қазақстан - 2050» стратегиясында тілімізге айрықша 
назар аударылуы тегін емес. «Мәңгілік ел» идеясы 
осы құжатта кемелденген ел келешегіне байланысты 
ерекше орынға ие. Бұл идеяның басты жүзеге асыру 
жолы да көрсетіледі. Тілге деген саналы көзқарас, 
жауапкершілік пен ұлттық интелегенцияны күшейту 
басты шарты болып табылады.
Қазіргі таңда үштілділік еліміз үшін өзгеше құбылыс. 
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қатынас – 
орыс тілі, жаһандық тіл – ағылшын тілі. Үштілділікті 
жақсылап меңгеріп, іс жүзінде жүзеге асыру керек.
Жылдар өткен сайын ағылшын тілінің қажеттілігі ар-
туда. [1].
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақ тілі ахуалы 
Ел тәуелсіздігі аясында 1989 жылдың қыркүйектің 
22 жұлдызында тіл туралы заң қабылданды. Сол кезден 
бастап президентіміз «Қазақстанның болашағы қазақ 
тілінде» деп, айтқан еді. Қазақстанның мемлекеттік 
тілі – қазақ тілі деп, конституцияның 7 тармағында 
нақты бекітілді. Сонымен қатар ұлт аралық тіл орыс 
тілі және жаһандық тіл болып ағылшын тілдері баян-
далды. Орыс тілі мемлектеттік тілмен тең қолданылса 
да, халқымыздың көп бөлігі қазақ тілін жітік меңгерген 
жағдайда, орыс тілінің қажеттілі болмай қалатыны да-
усыз [2; 5-6 б].
Мемлекетіміз бойынша жаңа мектептер мен 
балабақшалар салынды. Мектеп қабырғасында білім 
алып жүрген оқушылардың көрсеткіші 70% жетті. 
Ал, енді мектепке қадам басқан бірінші сынып 
оқушыларының саны 89%. Десекте, бұл деректерді 
тексерістен өткізу керек. 2016 жылы білім және ғылым 
министирлігі ҰБТ-ны қазақша тапсырғандар 72%-ға 
жеткетін және 80% грантты мемлекеттік тілдегі ма-
ман өкілдеріне берілгенін Тамыз кеңесінде мәлімдеді. 
Университеттерде оқитын қазақ тобындағы студенттер 
тәуелсіздік алғаннан бері 63% өсті. Көңіл қуантарлық 
нәтиже. Оған қоса бұқаралық ақпараттарда, 
әлеуметтік желілерде қазақ тілі кеңінен өріс алды. Де-
секте, мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы алаңдатады. 
Халықтың көбісі қоғамдық ортада орыс тілінде тіл-
табысып, қазақ тілі екінші орынға түсіп қалуда. 
Көптеген құжаттар, мысалы заңдарымыз орыс тілінен 
қазақ тіліне аударылып, тіліміз бұрмалануда. Шала 
қазақша сөйлейтін әкімдер мен билігі бар басшылар 
екі сөздің басын қоса алмай, орысша сөйлеп жөнеледі. 
Өз тілін білмейтін жандар билік басында отыр [1]. 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
Қазақстан 
Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 
бағдарламасына сәйкес халқамыздың қазақ тілін 
толығымен игерген үлесін 2017 жылы 80%, 2020 
жылға дейін 90% көтеру назарға салынды. «Егемен 
Қазақстан» газетінің 2016 жылдың 1 қазанында басы-
лымына шыққан ақпаратқа сүйенер болсақ, сонау 1991 
жылы қазақ тілін меңгерудің проценттік мөлшері 40% 
десе, 2015 жылы 80% жетіп жығылады деген дерекққор 
көрсеткішіне көз салсақ, ол көңіл қуантарлық сандар. 
Осы ақпарат ақиқатқа жанасса, неге мемлекетіміз 
өзінің төл ана тілінде сөйлемей отыр? деген сұрақ ма-
залайды. Қалған 20%-ды ақ сақалды аталарымыз бен 
ақ жаулықты апаларымыз, яғни зейнеткерлер мен өз 
ойын жеткізе алмайтын жас сәбилер құрауы мүмкім. 
Мемлекеттің жартысынан көбі тілді жітік білсе, оларға 
оны күнделікті қолдануға қандай бөгет бар? 
Олардың тілді меңгергені шын болса, тіл мәселесі өз 
шешімін тапты деуге толықтай негіз бар. Алайда мән-
жәйдің хақына келетін болсақ, жоғарыда жазылған 
ақиқат, ресми фактілермен жанаспайды. Оның себебі 
қазіргі таңда мемлекетіміздің 66,5% таза қазақтар 
құрайды. Ал, тұрғындардың 80% қазақ тілін меңгерген 
мемлекетте тілдік қоғамдық өмірде кез-келген сфе-
расында іске жаратып, еш қиындықсыз қолданылуы 
абзал еді. Сәйкесінше, нақты фактілермен дәлелдеу 
артықшылық болар [3; 110 б. ].
Егерді мемлекеттік тілге нақты сұраныс туын-
дап, қоғамдағы қажеттіліке айналған тұста, барша 
адамдар тілді меңгеруге жұмылады. Сапалы білім 


22
алып, жайлы өмір үшін, жұмыс барысында жоғары 
жетістіктерге жету, қомақы қаржыға иелену үшін ке-
рек екенін аңғарса, толығымен тілді меңгеру бары-
сында ізденіп, соңына дейін оқуға ынтазары ашы-
лып, бір мезгіл ізденеді. Расыменде басына күн туып, 
шын мұқтаждық туындаса, халық нені болсада оны 
меңгереді. Демек ана тіліміздің ахуалына сәйкес, шы-
найы зәру туғызатын заң қажет. 
Еліміздегі үштілділің саясаты
Қазіргі таңда Қазақстан үштілділік саясатын қолға 
алуда. Осы заман ағалшын тілін қатты талап етіп 
келеді. Жаһандық әмбебап тілі екені сөзсіз. Қазақстан 
дамушы ел, сондықтанда ағылшын тілін үйрену, ке-
лешекте бізге көптеген мүмкімдіктер береді. Барлық 
әлем мойындаған ағылшын тілі – дипломатия тілі, 
БАҚ, медицина мен авиацияда кеңінен өріс алған. 
Әлемде 1,5 миллиард адам ағылшын тілінде сөйлессе, 
1 миллиард адам ағылшын тілін үйренуде. Осы үлкен 
сандарға қарап, қорытынды жасауға болады [4].
Үштілділік саясатына кейбір азаматтар өз 
наразылығын білдіруде. Олардың айтуы бойын-
ша, ең алдымен өз ана тіліміздің мәселесін шешіп 
алу керекпіз деген ойды алға тартады. Осының 
кесірінен, жастарымыз қай тілді үйренгенін түсінбей, 
мәңгүрттенеді дегендерде болды. Т.Тәңірбергенқызы: 
«Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. 
Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі 
жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, 
ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес» 
-деді. Әлемдік тілдік коммуникацияда, халықаралық 
қатынаста ағылшын тілі ойып тұрып орын алады. 
Сондықтанда жастарымызға жаппай үйрету за-
ман сұранысы. Елбасымыз ағылшын тілін үйренуге 
үлкен серпіліс жасау керектігін «Қазақстан- 2050» 
стратегиясында нақтылады. Көршілес мемлекеттер-
мен салыстырғанда мемлекетіміз жақсы жетістіктерге 
жетіп, алдыда тұр. Алпауыт мемлекеттермен бір 
дәрежеде тұру үшін ағалшын тілі жітік білген абзал. 
[5].
Ерлан Сағадиев үш тілді оқуға байлайнысты ре-
форма шығарды. Ол реформада химия, физика, био-
логия, 
информатика 
сабақтарыүштілдеоқытылу 
көрсетілді.Оның ішінде анатіліміз де қазіргі заманға 
сай жаңа әдістемелі кқұралмен оқыту көзделіп 
отыр. Осы сәтке орай, 73мың мұғалім арнайы оқу 
оқып, әдістемелікті меңгерді. Мәлімдемені іске асы-
ру барысында, мемлекетіміздегі 2,5 мың бас мектеп 
ғаламтор жүйесінеенеді. Е.Сағадиевтің айтуы бой-
ынша, ғаламтор жүйесі арқылы сапалы білімге қол 
жеткізуге болады. Президентіміздің халқына Жолдау-
ында үштілділік саясатқа басты назарды ұстаздарға ау-
даруды көрсетілді. Жаңаша оқыту, жоғары білім беру 
– мұғалімдердің парызы. Өзіңнің анатіліңді бағалай 
біліп, оны жітік меңгеріп, өзге тілдерді қатар ұстағанға 
не жетсін [6].
Қазақстан ағылшын тілін деңгейі бойынша 63 
мемлекеттің ішінде 54 орынды иеленді. Ол туралы 
EF Education First білім беру бағдарламасының бас-
шысы Эмма Уолтон хабарлады.Бірақ ол 7 жыл бойы 
тіл білімінің деңгейі артқаны жайлы мәлімденді. 
Жобаға 750000 Қазақстан азаматы қатысты. Алматы 
қаласының білім беру ұйымдары қауымдастығының 
президенті Шамшия Қанаева ағылшын тілінің 
әлсіздігі мұғалімдерді оқытуда деген шешімге 
келді.Ғаламторда ағылшын тілін меңгерту және 
студенттердің ынтасын көтеру үшін сабақтан тыс клуб-
тар мен телебағдарламаларды жүйелендіру ұсынылды.
Сонымен қатар, ол, студенттерді шетелге тілді үйрету 
мақсатымен жіберу керек екендігі жайлы айтты [7]. 
SWOT талдау
Күшті жақтары
Тақырыпқа сай тіл мәселесіне байланысты күшті 
жақтары зерттеу барысында анықталды. Біріншіден, 
соңғы жылдары басқа ұлт өкілдерінің қазақ тілін 
меңгеруге ынтасының артуы. Көптеген өзге ұлттар 
арасында мемлекеттің тілдің маңызды екенін 
көрсететін үгіт-насихаттар жүргізілу үстінде. Мыса-
лы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген 
дөңгелек үстел өткізілуде. [8].
Сонымен қатар, ұлттық бірегейліктің және 
ынтамақтастықтың сақталуы. Барлық азаматтар 
біртекті қазақ тілінде сөйлей білсе, олардың арасында 
жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. 
Үшіншіден, БАҚ қазақ тіліндегі ақараттар легінің 
көбеюі. Қазақ тілінің мәртебесінің артуы арқылы БАҚ-
та өзгерістер орын алады. Мысалы қазақша ақпараттар 
мен эфирдегі қазақша телебағларламалар саны артуда. 
БАҚ адамды қызықтыру арқылы кеңінен өріс ала ала-
ды. 
Әлсіз жақтары
Әлсіз жақтарына тоқтала кетсек, ең алдымен, қазақ 
тілін үйрене алмаған азаматтардың шетел асуына 
бірден бір себеп болуы; Еліміздің кей азаматтары 
қазақ тілін үйренуге ынта білдірмеу себебінен өзінің 
тіліне қолайлы мемлекеттерге кетіп қалып жатады.
Екіншіден, 
үштілділіктідамытуүшінөтекөптег
енқаражаттың жұмсалуы; 2018 жылға арналған 
республикалық бюджет жобасында мемлекеттік білім 
беру ұйымдарының кадрларының біліктілігін арттыру 
және қайта даярлау көзделіп, соған орай 6,9 млрдтеңге 
қаражат жұмсалды.[9].
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет салаларында тілді 
меңгерген білікті мамандардың аздығынан тиімсіз 
жұмыс істеуі. 
Оған қоса, орыс тілін білмейтін ауыл адамдарының 
жеке өміріндегі қиындықтары (оралмандар мәселесі). 
Қазіргі таңда ауылда тұратын азаматтар және 
оралмандардың орыс тілін білмеу мәселесі бар. Қалада 
орыс тілді сөйлейтін азаматтармен түсініспеушілік 
пайда болады. 
Мүмкіндіктер
Осы тақырыптың күшті жақтарына сәйкес, оның 
мүмкіндіктері бар. Біріншіден, жас ұрпақ ағылшын 
тілі арқылы өзінің ой-өрісін кеңінен дамытады, 
әлемдік аренаға толықтай үңіле алады. Ағылшын тілін 
меңгерген жас буын өкілдері өзінің мүмкімдіктерін 
көптеген салаларда арттыра алады. Мысалы білім 
саласында жақсы жетістіктерге жету мүмкімдіктері 
ашылады.
Бір қызығы, әлемдегі 10 миллион кітаптың 85 пай-
ызы ағылшын тілінде жазылған екен. Ол ғылымның 
негізгі жолы. Ағылшын тілін меңгерген жағдайда осы 
кітаптарды еркін оқи аласыз. Иновациялық ағымға 
жол ашылады [10;14-15 б].


23
Қазақ тілін жітік білген маманға жұмыс табу 
мүмкіндігі артады. Жұмысқа орналасу барысында 
мемлекеттік тілді білу жұмыс талабы болып сана-
лады. Оны меңгерген жағдайда оңай жұмысқа тұру 
мүмкімдігі бар.
Бұдан бөлек, үштұғырлы саясаттың арқасында 
Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіреді. Дамыған 
30 елдер ағылшын тілін жақсы меңгерген. Осы арқылы 
Қазақстан үздік 30 елдердің құрамына ене алады.Сөзсіз 
осы мүмкіндіктер арқылы көптеген жетістіктерге же-
туге болады
Қауіп-қатерлер 
Осы мәселе туындау барысында, біршама қауіп-
қатерлер анықталды. Біріншіден, үштілділікті 
меңгереміз деп жүріп, шетелдің мәдениетіне артық 
еліктеушіліктерпайда болады. Шетелдің кейбір 
дәстүрлері біздің елге енеді. Соның кесірінен, өзіміздің 
мәдениетіміз шетке ысырылып қалуы ғажап емес. 
Келесі қауіп қаржымен байланысты, яғни үштілділікті 
меңгеру үшін сол салаға көптеген қаржы кетеді, соның 
әсерінен басқа да маңызды салаларға көңіл бөлінбей 
қалады. Жоғарыда айтылғандай үштілділікке қыруар 
қаржы кетеді. Оның орнына әлеуметтік жағдайдың 
сапасын арттыруға немесе басқада салалар назарсыз 
қалу қаупі бар.
Өкінішке орай, орыс тілін білмеуден адамдар 
арасындағы түсініспеушілік татулықтың бұзылуы. 
Таза орыс тілде сөйлейтін адам таза қазақша сөйлейтін 
адамды түсінбей жатуы түрлі жағдайларға әкелу қаупі 
бар.
Практиканың жетіспеушілігі. Теория мен практика 
қатар жүретін процесс болғандықтан практика үрдісін 
арттыру керек. Үш тілдің де тыңдалым, жазылым, 
оқылым сияқты практикалық тапсырмалардың санын 
арттыру. Қоса кеткенде, ағылшын тілінің дағдылары 
қиындық туғызады. 
Үйретуге арналған кітаптардың үйренушіге 
қызықты, тартымды болмауы. Көптеген оқулықтарды 
оқып отырғанда үйренуші адамның іші пысып кетеді. 
Сол себептен оқуға ынталандыратын мазмұны 
қызықтырақ, әрі көркем тартымды оқу құралдар ба-
спасын шығару. 
Сөз қорының аз болуы да мәселе болып табылады. 
Бірте - бірте тілді үйренушінің деңгейі артқан сайын 
әдеби шығармаларды түсінуге жол ашады. Ол оның сөз 
қорының көбеюіне алып келеді. Әдеби шығармалар 
сөздік қордың дамуында үлкен рөл ойнайды. 
Тілдің шұбарлануы, яғни қазақша сөйлеп тұрып 
орысшаны қосу. Тілдің тазалығы сақталмайды. Бір 
сөзі қазақша келесі сөзі орысша болып жатады. Ана 
тіліміздің шұбарлануы ол үлкен мәселе болып табы-
лады. Сенің ойың бір тілде толыққанды жеткізілуі 
керек. Басқа адам оның ойын түсінбей қалады деген 
мақсатпен сөйлемге орысша сөздер қосқан дұрыс 
емес. Сонымен қатар тілдің бұрмалануына төтеп бере 
білгеніміз абзал. 
Барлығымыз адам болғандықтан жалқаулық 
пен еріншектік мәселесі бар. Ол адамға рахат 
сыйлағанымен арты үлкен қиындықтарға алып келеді. 
Сондықтанда арлы адам болуымыз керек. Тілде бар да 
істе жоқ. Егер де шынымен қаласаңыз, ол істі жасай 
аласыз. Сондықтан да жалқаулықтан арылуымыз өте 
маңызды. Қазақ «Ерінбесең еңбегін өнеді» деп бекер 
айтпаса керек. 
Шешу жолдары
Зерттеу барысында, мәселеге қатысты шешу жол-
дары анықталды. Біріншіден,баланы бала-бақшадан 
бастап үш тілділікке баулу арқылы ынтасын ашу. Ба-
лаларды кішкентай кезінен бастап жан-жақты ету. Осы 
кезеңде олардың жады өте жақсы жұмыс істейді. 
Екіншіден, әрбір Қазақстан азаматы саналы түрде ат 
салысып, оның маңызын сезіну керек. Кейбір азамат-
тар бұл мәселеге немқұрайлықпен қарауда. Кез-келген 
мемлекет тұрғыны тіл тазалығынатолыққанды қарап, 
тіл үйренуде нәтижелі түрде ілгерілеуі керек. 
Қазір 21 ғасыр болғандықтан, тіл құралдарын 
мобильді түрде енгізу мүмкіндіге бар. Ғаламтор 
арқылы ұялы телефонға арнайы қосымшаларды 
жүктеп, күнделікті қолдануға болады. Ол қосымшаның 
құрамында грамматика, сөздердің аудармасы т.б 
қамтыла алады.
Айтып кететін жайт, шет тілінен енген халықаралық 
терминдерді аударуға тырыспау. Қазір барлық мемле-
кеттерге сай халықаралық сөздердің қазақша аударма-
лары бар. Мысалы «альтернатива» сөзінің аудармасы 
– баламалы, «интернет» - ғаламтор, «прогресс» - үдеу. 
Осы сөздерді қазақша жаттау қиындықтар туғызады. 
Білгір мамандарды даярлау. Өз саласының маманы, 
білікті де білімді оқытушыларды дайындау. Соны-
мен қатар, ол мамандар қызықты методикалар арқылы 
үйренушінің тарапынан қызығушылықтар ояту 
арқылы нәтижелі жұмыс жасауы тиіс. 
Көптеген адамдар, өзінің бос уақытын қызықты ки-
ноларды көруге арнайды. Сол себептен, субтитрмен 
киноларды шығару. Фильмды көре отырып, сонымен 
қатарлас тілді үйрене алады. 
Мектеп қабырғасындағы тілдер сабақтар санын 
көбейту және сабақтан кейін қосымша сабақтарды қою 
арқылы оқушылардың білімін арттыру. Оқушыларды 
жандандыру үшін, мотивация беру.
Сонымен қоса, SWOT-талдау арқылы жағымды 
және жағымсыз, мүмкімдікттер мен қауіп-қатерлерін 
анықталды. 
Жалпы айтқанда, мемлекетіміздің болашағы оның 
тілінде. Кейбір мәселелер туындағаны мен тіліміз 
ілгері дамуда. Оның үстіне үштілділік саясаты 
көбіне жағымды әсер беруде. Болашақтағы тіліміздің 
мүмкіндіктері мен келешегі жоғары. 
Тілдің тағдыры – елдің тағдыры екенін ешқанашда 
жадымыздан шығармауымыз керек. Әр елдің азаматы 
өзінің тілін жітік білуі тиіс. Мемлекеттік тіліміздің да-
муына барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол 
шығарып жұмыла ат салысуымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет