32
жеке адамның көңіл-күйі еңбекке деген ықыласына,
айналасындағы адамдарға, олардың қатынастарына,
жалпы өзара қарымқатынасқа әсер етеді де ұжымда
әлеуметтік-психологиялық ахуал пайда болады.
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде статустық
«баспалдақпен» өрлеу жылдамдығы ақырындаса,
тіпті тоқтап қалса, адам жабырқайтынын көрсеткен.
Адамдарда жоғары ұмтылыс пен үлкен үміт болған
кезде фрустрация күшті болады. «Иерархиялық
қозғалыс байынша статус төмен түсетін бағытта
болғанда ең қарқынды фрустрацияны бастан кешеді.
Жоғары лауазымнан айырылған адамдар деприва-
ция анығырақ және фрустрация тереңірек болады,
сондықтан осындай адамдардың «төмендеу» интер-
валы ұзағырақ болады, депривация анығырақ және
фрустрациялық жағдайы тереңірек болды». [4. 79б.].
Осындай жағдайда адам өзінің жаңа жағдайынан өз
бетімен әрдайым конструктивті жол таба алмайды,
сондықтанда олар психологиялық көмекке мұқтаж бо-
лады.
Психологиялық ахуалдың жақсы болуы ең алды-
мен ұжымның белгілі бір бағыттылығы мен оның
табысына байланысты. Мақсаттары айқын бол-
са ұжымның бірлігі мықты болмақ. Жалпы ұжым
ахуалына психикалық процестердің ерекшеліктері
(ой, сезім және ерік), сондай-ақ ұжым мүшелерінің
мінез-құлқы мен темпераменті әсер етеді. Адам
бойындағы терең ақыл-ой, тапқырлық, жасампаздық
ұжымды өзіне тартып, еңбек өнімділігінің артуына,
жалпы ұжым мүшелерінің психикасына ықпал жа-
сайды [3]. Ахуалды зерттегенде оның екі деңгейін
қарастыру қажет. Бірінші деңгейі – статистикалық.
Бұл ұжым мүшесінің тұрақты қарым-қатынасы,
олардың жұмысына, әріптестерінің еңбегіне деген
ынтасы. Бұл деңгейде әлеуметтік-психологиялық
ахуал түсінігі нық, қалыптасқан ұйым кездескен
қиындықтарға қарамастан ұзақ уақыт бойы едәуір
тұрақты жағдайы мен өзінің болмысын сақтап қалады.
Екінші деңгейі динамикалық, өзгермелі, толқымалы.
Бұл қызметкерлердің күделікті жұмыс процесіндегі
икемделуі және психологиялық көңіл-күйі. Бұл
деңгей «психологиялық атмосфера» түсінігімен
суреттеледі. Психологиялық ахуалдан айырмашылығы
психологиялық атмосфераның айырмашылығы бұнда
өзгерістер қысқа мерзімді және адамдар тез ұмытып
кетеді. Психологиялық атмосферадағы өзгеріс
тұлғаның еңбекке қабілеттілігіне және көңіл-күйге
жұмыс күні бойы әсер етеді [5].
Жеке тұлғаның көңіл-күйі, еңбек қабілеті, керек
десеңіз, өмір сүру қабілеті ұжымдағы әлеуметтік-
психологиялық ахуалға байланысты болады. Тұлғаның
көңілді ортаға тап болса, бұған дейінгі көңілсіздік
жағдайы ұмытып, жаңа ортаға қосылып кетеді. Неме-
се, керісінше, көңілді адам өздерінен өздері тырысып-
бүрісіп отырғандардың арасына түссе, оның да көңілі
пәс тартады. 200 Әлеуметтік-психологиялық ахуал
жеке тұлғаға ұжым мүшелерінің өзара қарымқатынасы
арқылы ықпал етеді. Жолдастық, өзара көмек, бірін-
бірі сыйлау орын алған жерде адам өз ісіне ғана
емес, бірлескен еңбекке деген қанағат сезімін байқап,
еңбектес жолдастарын көргенде қуанышқа бөленеді.
Ал ұжымда формалдылық, салғырттық, бірінбірі
жеккөрушілік орын алса, онда керісінше, тұлға
эмоциялық зардап шегеді, өзара қатынастағы адамға
тек ыстық ілтифатты аңсап, шеттеп қалады. Ашық не-
месе астыртын қақтығыстар тұсында онан да жаман
күй кешеді. Әлеуметтік-психологиялық ахуал мұндай
болған жағдайда тұлға ұжымға деген ықыласын жояды.
Бұл оның еңбекке деген құлқынын төмендеуіне әкеп
соғады. Ұжымдарда әлеуметтік-психологиялық ахуал
жеке адамдар арасындағы қарымқатынастардан туын-
дайды. Сондықтан да бүкіл ұжым мен басшы әрбір жеке
тұлғаға құрметпен қараса, әлеуметтік-психологиялық
ахуал да ойдағыдай болады. Қанша дегенмен әрбір
адам өзгелердің өзін тануын, құрметпен қарауын
қалайды. Ұжымда да сол сияқты жағдай дәл осындай
болғанда ғана ол қуаныш пен бақытқа кенеледі [6]. Со-
нымен қатар, тұлғаның өмірлік іс-әрекетіне ұжымдағы
психологиялық ахуалмен қатар әлеуметтік статус та өз
әсерін тигізеді. Әлеуметтік статус адамның дамуына
тікелей әсер етеді. Тұлғаның әлеуметтік статусының
өзгеруімен бірге қоғамдағы және оның шынайы
өмірдегі түсінігі де өзгереді. Қайта ойлау, өзіндік Мен
мазмұнын қайта бағалау нәтижесінде жаңа әлеуметтік
рөлмен сәйкестендіру, әлемге деген көзқарасын қайта
ойлау, санадағы «әлемнің картинасы» қалыптастыруға
әкеледі [7].
Қазіргі кездегі әлеуметтанушылар көрсетуі бойын-
ша қазіргі адамдар өздерінің жағдайын екі индекстің
көмегі бойынша бағалайды: - «Статустық-престиждік
сәйкестілік индексі», яғни тұлға өзінің әлеуметтік
статусын және өзінің әлеуметтік престижін зама-
науи қоғам континиумінде бағалайды; - «өмірлік
қамтамасыз етілген жағдай индексі» бұл тұлғаның осы
жағдайға қанағаттануы және болашағына сенімділігі.
Американдық психологтар көрсеткендей, жоғары ста-
тус өзін-өзі сыйлау және өзі туралы жағымды ойлау,
өмірге қанағаттануы, психикалық және физикалық
денсаулыққа байланысты проблемаларын ниверилеу
(жою). Әлеуметтік статусты жоғалтқанда белгісіздік
жағдайы, өмірлік іс-әрекетіндегі болжамдардың
сенімсіздігі,
күнделікті
өмір
іс-әрекетіндегі
дағдыланған жағдайдың бұзылуы, жағдайлық және
тұлғалық мазасыздану деңгейін көтереді. Қазіргі
кездегі психологтар өмірлік жағдайдағы компоненттер
деформацияға көбірек ұшыраса, соның салдарынын
жоғары әлеуметтік статусты жоғалту қаупі төнеді және
ол нақты бір адамның тұлғасына маңыздырақ болса,
осындай жағдайда жоғалту дағдарысы ауырлау бола-
ды деп санайды [8]. Дағдарыс жағдайынан шығуда
айтарлықтай рөл атқаратын жетістік мотивациясы.
Жоғары жетістік мотивациясы қоғамдық иерархиялық
қозғалыста жоғары әлеуметтік мобилділікке әкеледі.
Жетістік мотивациясы іскерлік белсенділігінің негізгі,
қоғамдағы экономикалық дамудың қозғаушы көзі
болып табылады. Зерттеушілер адамнан жетістік
мотивациясының табысты және сәтсіздік мотивация-
сын қашатын екі әртүрлі бағыттағы тенденциялар бар
екенін анықтады [9].
Достарыңызбен бөлісу: