73
нақты мәлімет жоқ. Алайда Түркістан аталуының бір
себебі Ахмет Яссауимен және оның қалыптастырған
«түркілік және далалық ислам» ұғымдарымен байла-
нысады. Бұл Түркі жұрты үшін қасиетті атау болып
саналған.
Шымкент - ерте орта ғасырларда Ұлы Жібек бойын-
да орналасқан, елді мекен болып табылады. Түркінің
«шым» - жасыл қала, шыммен қоршалған қала және
иранның «кент» - қала, мекен деген сөздерінен
құралған. Кейбір деректерде шығыс тілінде «жасыл
алқап», «көк жайлау» деген мағынаны білдіреді. 1914
жылы Черняев қаласы аталып, 1921 жылы Шымкент
қаласы болып өзгертілген. Көне атауы Баршынкент
деген болжамдар бар. Қазақ даласының көне мәдениет
ошақтарының бірі. Көне заманда Сібір корпусының
тәржімашысы Филипп Назаров былай сипаттаған:
«Бадам өзені бойындағы қала биік дөңес басына са-
лынып, жарқабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр.
Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар
жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан
ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен
қазылған арналарды толтырады, бір қатарларына су
– диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді,
күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз
салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу
үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады» - деген
екен. Яғни, бұл көне Шымкент қаласының көрінісі.
Әулие ата – Ұлы Жібек бойында орналасқан мәдени,
саяси және экономикалық орталықтардың бірі. Сәулет
өнерінің ең озық нұсқалары мен ескерткіштерге
бай. Мәселен, «Айша бибі кесенесі», «Бабаджа Ха-
тун кесенесі» (ХІ ғ.), «Қарахан кесенесі», «Дәуітбек
кесенесі», «Тектұрмас кесенесі», секілді сәулет
өнерінің жауһарлары көне тарихтан сыр шертеді. Тыл-
сым сырлы «Ақыртас сарай» кешені, «Баласағұн»
(Ақтөбе) қалашығы, «Ақкесене» қарауыл мұнарасы»,
«Қарақожа» мешіті», «Әбдіқадір» мешіті секілді тари-
хи орындары белгілі. «Қарахан кесенесі» қараханидтер
әулетінің көрнекті тұлғасының бірі – Шах Мах-
муд Қараханға арналып салынған. Сондықтан да
Қараханның құрметіне 1836-1936 жылдары Әулие ата
деп аталды. Бұл шаһарды зерттеген Ресей ғалымы П.П.
Лерх болса, В. Каллаур «План крепости Аулие- ата»,
В. Лаврентьев «Схема бугров в черте города Аулие-
ата», шығыстанушы
Е.Ф. Каль Әулие ата уезінің ескерткіштеріне зерт-
теу жүргізіп, құнды деректер жинаған. Шығыстанушы
В.В. Бартольд сол кезеңдегі Әулие ата қаласының ор-
нында Тараз қаласы болғанын дәлелдеген. Қазіргі ата-
уы Тараз болып аталады.
Бішкек қаласының бұрынғы атауы Пішкек болып
атанған, кейіннен Фрунзе деп өзгертіліп, біз тәуелсіздік
алған жылдары Бішкек болып атанған. Бұрындары
Кеңес Үкіметінің құрамында болып, басынан тари-
хи оқиғаларды кешірген. Қазіргі күнде Қырғызстан
мемлекетінің астанасы болып аталады.
Самарқанд атауы күні - бүгінге дейін қолданылып
келеді. Ертеде Семізкенд, Шаш- Тәшкенд, Өзкенд,
Тункенд деп аталған. Бұл сөздерге парсының «кенд»
сөзі шаһар деген мағына береді. Түріктер бұл
шаһарды өздері салып, өздері ат қойған. Бір қызығы
бұл атауды Қазақстан жерінен де кездестіруге бола-
ды. Бұрындары Теміртау қаласының тарихы 1905
жылы Нұра өзенінің сол жағалауында Самарадан
жіберілген крестьяндардың қоныс тебуінен бастала-
ды. Ең алғашқы атауы Жауыр деп аталған болса, кейін
Самарқанд деп өзгертілген.
Ферғана атауы перілер мекені деген мағына береді.
Мағынасы парсы тілінен аударғанда Пері (періште)
және Хана (үй) сөздерінен алынған. Ортағасырлық
Йақұт әл – Хамауидің «Түркі тілінің сөздігі» еңбегінде
Сырдария өңірінің орта ағысын, Ташкент пен Ферғана
өңірлерін «Шахрухией» деп аталған .
Қорытындылай
келе,
жоғарыда
келтірілген
зерттеуші ғалымдар мен оқытушылардың ғылыми
пікіріне қосыла отырып, Молда Мұса Байзақов жы-
рына түркі жұртының елдігіменен атауларын қосып
жырлаған, заманының жер картасын, атаулар сырын
терең меңгерген тұлға болды дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: