69
ақын-жыраулар тілінде кездесетін сөйленістерді
фонетикалық ерекшеліктерді былай топтауымызға бо-
лады:
1. Дауыстылардың алмасуы
2. Дауыссыздардың алмасуы
3. Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
Дауысты
дыбыстардың
алмасуы.
Дауысты
дыбыстардың
алмасу
ерекшеліктерін
ақын-
жыраулардың
поэтикалық
шығармаларынан
кездестіруімізге болады. Осы алмасуларды жіктеп,
талдап көрсетейік:
Ақын-жыраулар шығармаларының тілінде әдеби
тілде жуан а дыбысы айтылатын сөздерде жіңішке ә
дыбысын қолданылғанын байқауымызға болады. Мы-
салы:
Ер жігіттің кәдірін,
Ағайын білмес, жат білер (Бұқар жырау) [1-том, 89-
бет].
Екі дәугер келгенде,
Төресін әділ береді (Абыл ақын) [1-том, 193-бет]. Бұл
өлең жолдарындағы дәугер сөзінде жуан а дыбысының
орнына жіңішке ә дыбысы қолданылған.
Кейбір сөздерде сөздің соңғы буынында айтылатын
қысаң е дыбысы ашық а дыбысымен алмасып бір-бірінің
орнына қолданылады. Бұл алмасу -республикамыздың
батыс және оңтүстік қазақтарының сөйленістеріне
ортақ құбылыс. Және бұл алмасу осы өлкені қоршап
тұрған көршілес өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз
тілдерінің әсерінен болуы да ықтимал.
Бұл алмасу түркі тілдерінің жүйесінде ортақ құбылыс
болып келеді. Мысалы, профессор Н.А.Баскаков бұл
дыбыстардың ноғай тіліндегі ауысуын айтады [2, 32-
б.].
Сөзімнің жоқ қатасы (Тәтіқара ақын) [1-том, 71-бет.].
Қатам болса, алдыңда кешір, тақсыр (Жанақ ақын)
[1-том, 176-бет].
Күнәм көп, кешкей Құдай қатамыздан (Мәделі
Жүсіпқожаұлы)
[2-том,
67-бет].
Осы
өлең
жолдарындағы қата сөзінде жіңішке е дыбысының ор-
нына жуан а дыбысын алмастырып қолданған.
Бірнеше сөздерде
ерін ұ дыбысының езу ы дыбы-
сына бейім болып, алмасып қолданылуы кездеседі.
Бұл құбылыс қарақалпақ тілінің әсіренен пайда
болған деуімізге болады. Себебі, қарақалпақ тілінде
дауыстылардың еріндік тобының қызметі күштірек.
Қас қасқырлар мында екен (Алмажан Азаматқызы)
[2-том, 99-бет]. Мында сөзінде еріндік ұ дыбысының
орнына езулік ы дыбысын қолданған.
Жалғыз соқыр халқыңа тиышсыз болса,
Құтылсаңшы мына отырған Құнанбайдан (Шөже
Қаржаубайұлы) [2-том, 51-бет]. Тыныш сөзіндегі и
дыбысы мен н дыбысының орын алмасуы байқалады.
Дауыссыз дыбыстардың алмасуы. Бұл алмасу түрін
шығармалар тілінінен жиі байқаймыз. Көбінесе
жалғаулар мен жұрнақтардың орын алмасуы кездеседі.
Сол жаман сырын сақламай,
Әрдайым дұшпанына әр ісіңді қор етер (Шалкиіз
жырау) [1-том, 39-бет.]. Сақламай сөзінде қатаң т
дыбысының орнына сын есімнен етістік жасалғанда,
үнді л дыбысын қолданған.
Мұңласатын таусылды тұтас тұрғым,
Әзілдесер таусылды тату құрбым (Жанақ ақын) [1-
том, 183-бет]. Мұңласатын сөзіндегі ұяң д дыбысының
орнына сын есімнен етістік жасалғанда үнді л дыбысы
алмастырылып қолданылған.
Қатаң с-пен айтылатын
бірқатар сөздер ш-мен ай-
тылады. Бұл құбылыс қазақ жерінің батыс, әсіресе,
оңтүстік аймағының тұрғындарының тілінде жиі
қолданылады. С.Аманжолов с дыбысының орны-
на ш дыбысының алмасып қолданылуын Жетісу
өңірін ертеде мекендеген үйсін, қыпшақ, жалайыр,
дулат тайпаларының тілінен қалған сарқыншақ деп
түсіндіреді [3, 237-238-б.].
Ертедегі кей түркі жазба ескерткіштерінде мысық,
есек, қыс, т.б. тәрізді сөздердің ш дыбысымен
айтылғаны көрінеді [4, 134-б.].
Ақсам батпай түн шықпас (Бұқар жырау) [1-том,
104-бет]. Бұл өлең жолдарында ақшам сөзі ш дыбысы
мен с дыбысы алмасып, ақсам түрінде қолданылған.
Аңдып жүрген көп дұспан (Асан қайғы) [1-том, 24-
бет.].
Ашу – дұспан, артынан
Түсіп кетсең қайтесің (Асан қайғы) [1-том, 29-бет].
Мұнда дұшпан сөзі ш дыбысы мен с дыбысы алмасып,
дұспан түрінде қолданылған.
Перістесін жұрт үстінен дулатқан (Бұқар жырау) [1-
том, 105-бет.]. Мұнда періште сөзі ш дыбысы мен с
дыбысы алмасып, перісте түрінде қолданылған.
Кейбір сөздерде
дауыссыз ұяң б дыбысының ор-
нына дауыссыз қатаң п дыбысының қолданылуы
кездеседі. Мына мысалдардан бұл құбылыс көбіне
бастапқы буында қолданылатынын байқауға бола-
ды. Осы ерекшеліктер көбінесе, қазақ жерінің ба-
тыс және оңтүстік аймақтарында, сонымен бірге
Түрікменстанның тұрғындарының тілінде кездеседі.
Бейіште нұры шалқығай (Тәтіқара ақын) [1-том, 90-
бет]. Пейіш сөзі қатаң п дыбысы ұяң б дыбысымен ал-
масып бейіш түрінде кездеседі.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа (Ақтамберді жырау) [1-том, 73-
бет]. Бәлекет сөзі ұяң б дыбысы қатаң п дыбысымен
алмасып пәлекет түрінде кездеседі.
Періктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай (Жиембет жырау) [1-том,
53-бет.]. Беріктік сөзі ұяң б дыбысы қатаң п дыбысы-
мен алмасып періктік түрінде кездеседі.
Бірқатар сөздерде үнді м дыбысы ерін п дыбысымен
алмасып айтылатынын көруімізге болады.
Табандасқан дұшманға (Бұқар жырау) [1-том, 106-
бет.]. Дұшпан сөзіндегі қатаң п дауыссызының орнына
үнді м дыбысы айтылып, дұшман түрінде қолданылған.
Дін пұсырман баласы (Үмбетей жырау) [1-том, 73-
бет.]. Мұсылман сөзіндегі үнді м дауыссызының ор-
нына қатаң п дыбысы айтылып, пұсырман түрінде
қолданылған.
Сар шыпшықтай шырлатып,
Ғазірейіл кімдерге құрық салмаған (Шалкиіз жы-
рау) [1-том, 41-бет.]. Шымшық сөзіндегі үнді м
дауыссызының
орнына қатаң п дыбысы айтылып,
шымшық түрінде қолданылған.
Еділде бұғады үйрек дабысынан (Абыл ақын) [1-
том, 194-бет].
Дабысың Алатаудай Бәйтік батыр (Шөже
Қаржаубайұлы) [2-том, 45-бет].
70
Дабысыңды сыртыңнан естуші едік,
Оқымай
көкірегің
нұрға
толған
(Шөже
Қаржаубайұлы) [1-том, 45-бет]. Осы өлең жолдарында
дауыс сөзі у дыбысының ұяң б дауыссызымен алма-
сып, дабыс түрінде кездескен.
Фана болған заман-ай (Бұқар жырау) [1-том, 95-
бет]. Пана сөзі п дыбысы ф дыбысымен алмасып, фана
түрінде кездескен.
Жаман фиғылың жетер басыңа-ай (Шалкиіз жырау)
[1-том, 50-бет]. Пиғыл сөзі п дыбысы ф дыбысымен
алмасып, фиғыл түрінде қолданылған.
Қайырылып барып тез сынар,
Қайың оқтың жарқасы (Шалкиіз жырау) [1-том, 52-
бет]. Жаңқа сөзі ң дыбысының р дыбысымен алмасып,
жарқа түрінде қолданылған.
Енді бекер тұрмайық сөзді ұзайтып (Жанақ ақын)
[1-том, 182-бет]. Ұзарту сөзі р дыбысы й дыбысымен
алмасып, ұзайту түрінде қолданылған.
Қуаныш қайғыменен жұбай дейді (Шал ақын) [1-
том, 149-бет]. Жұбан сөзі н дыбысы й дыбысымен ал-
масып, жұбай түрінде кездескен.
Күнде меһман күзетіп (Бұқар жырау) [1-том, 106-
бет.]. Мейман сөзі й дыбысы һ дыбысымен алмасып,
меһман түрінде қолданылған.
Кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
Ақын-жыраулар
тіліндегі
диалектілер
мен
сөйленістерде кейбір дыбыстардың тұрақсыздығы
кездеседі. Бұл құбылыстар әсіресе дауыссыз
дыбыстардың құрамында жиі байқалады. Сөз ішінде
тұрақсыздықпен сипатталатын дыбыстардың жүйелігі,
дәйекті түрде кездесуі бірдей емес.
Протеза (грек. рrosthesis – алдында тұру) – сөздің ал-
дынан басы артық дыбыстың қосылуы. Мұндай дыбыс
дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде
протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар р,
л дыбыстарынан басталатын сөздерге жамалады [5,
121-б.].
Ғадыл төре ел бастар (Шалкиіз жырау) [1-том, 49-
бет].
Ғаділдігін Наушаруан ғаділге жеткерген (Бұқар жы-
рау) [1-том, 106-бет.]. Әділ, әділдік сөздерінің алдына
ғ дауыссызы қосылып қолданылған.
Республикамыздың оңтүстік аймақтарында және
Қарақалпақстандағы қазақтардың тілінде әдеби
тілдегі а, ә дауысты дыбыстарымен басталатын кейбір
сөздердің алдына х, һ әріптері жалғанып, диалектілік
сипатқа ие болады [6, 42-б.].
Эпентеза (грек. tpenthesis – қыстырылу) – сөз ішіне
дыбыстардың қатыстырылып айтылуы [1, 44-б.].
Мұндай мысалдар ақын-жыраулар
шығармаларында
жиі кездеседі:
Ежелден бергі кегі үшін (Махамбет) [1-том, 239-бет].
Бері сөзіне р дауыссызы қыстырылып, бергі түрінде
кездескен.
Бұлұт болған айды ашқан (Қазтуған жырау) [1-том,
52-бет]. Бұлт сөзіне ұ дауысты қыстырылып, бұлұт
түрінде қолданылған.
Апокопа (грек. apokope – шолтию) - сөздің
соңындағы дыбыстың түсіп қалуы. Жыраулар тілінде
кездескен мысалдар:
Тазарт әуел ішіңді (Үмбетей жырау) [1-том, 84-
бет]. Әуелі сөзіндегі і дауысты дыбыс түсіріліп, әуел
түрінде кездеседі.
Барша әлемге даң болдың (Үмбетей жырау) [1-том,
77-бет.].
Артымда бір атақ, даң қалды-ау (Махамбет) [1-том,
234-бет]. Бұл өлең жолдарында даңқ сөзіндегі қ дау-
ыссызы түсіріліп, даң түрінде қолданылған.
Метатеза (грек. metathesis – орын ауыстыру) – сөз
ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ау-
ысуы [5, 123-б.].Бұл сөздер жергілікті тіл ерекшелігіне
байланысты пайда болып, қолданысқа енген. Жырау-
лар тілінінен де аздап байқауға болады.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ (Жиембет жырау) [1-том,
60-бет].. Аптығу сөзінде т, ғ, п дыбыстарының орны
ауысып, ағбыту түрінде қолданылған.
Ұжмақтан жаратылған жұпар қойын (Шал ақын) [1-
том, 139-бет].
Алдында жеті тамұқ, сегіз ұжмақ,
Қайсысына кіруің екі талай (Шөже Қаржаубайұлы)
[2-том, 49-бет]. Жұмақ сөзінің ұ, ж әріптерінің орны
ауысып, ұжмақ түрінде қолданылған.
Синкопа – сөз ішінде бір немесе бірнеше әріптің
түсіп қалуы [5, 126-б.]. Синкопаны жыраулар
шығармаларынан жиі кездестіруімізге болады:
Атасы беріш болса да,
Артық пайда көрмедім (Махамбет) [1-том, 214-бет].
Бергіш сөзіндегі г дыбысы түсіріліп, беріш түрінде
қолданылған.
Жығып сап тал төсіңді уаласам (Шал ақын) [1-том,
152-бет]. Уқалау сөзіндегі қ дыбысы түсіріліп, уалау
түрінде кездеседі.
Қабырғасын бір-біріндеп күйретпей (Махамбет)
[1-том, 238-бет]. Бір-біртіндеп сөзіндегі т дыбысы
түсіріліп, бір-біртіндеп түрінде кездеседі.
Эпитеза - протезаға қарама-қарсы құбылыс,
дыбыстың сөздің соңынан қосылуы [5, 129-б.].Яғни
бұл құбылыс жыраулар тілінде де сирек кездеседі. Бұл
құбылыс Таулы-Алтай өлкесінің Қошағаш ауданын-
да, Түркіменстандағы қазақтардың тілінде және қазақ
жерінің батыс өңірлерінде жиі кездеседі. Мысалы:
Ақылсыз достыдан
Ақылды дұспан артық-ты (Шалкиіз жырау) [1-том,
38-бет.].
Досты болып жүргендер
Жау болып келді көріне (Махамбет) [1-том, 209-бет].
Достың опат болған жер (Алмажан Азаматқызы) [2-
том, 98-бет]. Бұл өлең жолдарында дос сөзінің соңына
–ты дыбыстар тіркесі қосылып, досты түрінде қолданы
Қорытындылай келе, ақын-жыраулар тіліндегі
сөйленістерде қазақ әдеби тілінде кездесетін
фонетикалық нормадан өте үлкен айырмашылық
жоқ деуге болады. Дегенмен, осы туындылар тілінде
дыбыстық айырмашылықтар мүлде кездеспейді
дегенді білдірмейді. Қазақстандағы жергілікті
тұрғындар тіліндегі
айырмашылықтар осы ақын-
жыраулардың поэтикалық шығармаларында да бар.
Осындай фонетикалық өзгешеліктің ішіндегі ең ба-
стысына дыбыстардың алмасуларын жатқызамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы –
Алматы: «Ғылым», 2002