79
Ақын түгіл әр адам жүрегінде
Сендік ғажап сезім бар алаулаған. [5].
Кең дала, біздің
ұғымымызда дала деген
дархандықтың, кеңдіктің белгісі.
7. Ақ Жайық, тасы, төгіл, көңіл қалдыр,
Аумалы - төкпелі ғой өмір бәрібір.
Айналған полигонға сор даланың
Бір рет тым болмаса шөлін қандыр [5].
Сор дала, топырақтың бетіне соры шығып жатқан
аппақ дала. Онда талай ниеті жамандар жарылыс
жасаған, бірақ ол даладағы қара жер мен ондағы халық
оны көтеріп келеді.
8. Ақ ұлпа дала төсінде
Сал атты көрсем дір етем.
Сонау
бір жағдай есімде
Сақталып әлі жүр екен ... [5].
9. Дүние көшкен көзіммен
Қараймын қарлы моншаққа.
Ақ дала мендік сезіммен
Үндесіп кеткен сол шақта [5].
Ақ ұлпа дала, Ақ дала сортаңы бетіне шығып жатқан,
аппақ даланы суреттеген.
10. Жанымды еліктірген дала, сағым,
Бар менің бала шағым, болашағым.
Сендермен таласпаймын, асқар шыңдар,
Сендерден әлденеше аласамын [5].
Жанымды еліктірген дала, жаныңа қуат-күш
беретін
дала.
11. Боз жусан дала, боз белдер,
Құландар еркін кезген жер.
Маңқиған дала-мінездің
Қадірін аздау сезгендер [5].
Боз жусанды дала, Сұлтан Бейбарыс бабамыздың
аңсаған, сағынған жусанды даласы да осы дала.
12. Өтетін сырт айналып мұнар белді,
Соқпақты дала жолы бұраң еді.
Жүйіткіген
машинаның жолын орап
Бір қасқыр қыр астынан шыға келді [5].
Соқпақты дала, ол кезде ата-бабамыз малмен
күнелткен. «Малым жанымның садағасы, жаным –
арымның садағасы» дейтін қазақ халқы «Амандасқанда
да, мал-жан аман ба?» деп жөн сұрасатын. Сол
малының салған ізі арқылы да талай жерден адаспай
соқпақтар арқылы елден-елге жететін. Сол соқпақты
даланы айтып отыр.
Қорыта келгенде, әдеби шығармалар тіліндегі дала
тұжырымы арқылы қасиетті туған жердің тасы мен
тауын ғана емес, даласының қадіріне жетерміз деп ой-
лаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: