77
Рухтас сын. Рухы бір, бір рухтағы. Шынайы ху-
дожник қашанда өзінің халқымен рухтас келеді
(Ә.Тәжібаев Өмір)
Рухты сын. Рухы көтеріңкі, шабытты, жігерлі.
Қадырбаев, Жұмаханов, Ысқақов –бәрі де
сол кез-
де асқақ рухты іс үшін арпалысқан жандар (Жарық
жұлдыздар). Бағалардың ерлік тұлғасын суретші ақын
өлеңнің рухты сезіміне сай бейнелей алған (Ш. Са-
риев Арайлы) [5].
Рухтандырғыш
сын.
Күш-жігер
беретін,
шабыттандырғыш, қайраттандырғыш, Леонид Ильич
Брежневтің терең мазмұнды, рухтандырғыш сөзінен
біз жоғары партиялылықтың, шын мәнісіндегі
реализмнің және елдің селолық экономикасының
қазіргі кезеңдегі өркендеуінің нағыз актуал-
ды мәселелерін талапкерліктің талдаудың үлгісін
көріп отырмыз («Қазақст. Коммунисі»), Ұлы Отан
соғысының қан майдандарында «Құрыш қалай
шынықты» романы әр жауынгердің қойнында
жүргенін, Павел Корчагиннің рухтандырғыш күшін
баяндады («Қазақст. мект.»).
Адами рух. Гуманизм, адамгершілік. Осындай
көзқарастардан Қазтуған жыраудың адамдардың
қасиеті мен өзін қоршаған ортаның бірлігін
байқаймыз, осы қарым-қатынастарды көрсететін ада-
ми рухтың ахуалын сеземіз (Қаз. Дала.ойшыл).
Ел рухы. Бір елдің болмыс-бітімін көрсететін
патриоттық сезім рухани өзек. Даңқы ел рухын
айқындайтын деңгейдің,
Жас кезінде арыны жоқ
жігіттің, Ертең ерлік жасарына сенбеймін. Иә, жастық
бола алмайды ешқашан да жарлы ұғым, Аяу керек
Жастық отын ерте өшіріп алғандардың барлығын
(М.Шаханов Ғасырлар) [5].
Отаншылдық рух. Отанына деген патриоттық,
жоғары сезім. Мемлекет байлығы,табиғат және қаржы
қорлары ел халқының әр мүшесіне қызмет етер болса ,
отаршылдық рух та биік ( «Қаз.әдеб.»).
Рухы жақын. Идеялас, пікірлес. Азырақ құлағың сал
ақын інім, Ойымыз, рухымыз жақын, інім. «Ағалық
правосын қолыма алып , Келемін айтайын», - деп
ақыл, інім! (А.Байтұрсынов, Шығ.)
Рухы жоғары. Ерік-жігері күшті, мойымайтын. Рухы
жоғары адам тірліктің қиыншылығымен тұйықталып
қана қалмай, өзгенің адамгершілігін құрметтеп, оған
ілтипатпен қарап, көмсектесуге бейім тұрады. Ол
жағымды істен қанағат табады ( Қаз. тілі термин. Пе-
дагогика).
Рухтану етістік. Рухты болу, жігерлену, қайратына
міну. Жұмысқа кірісті.
Рухтан ет. Қайраттану, жігерлену, шабыттану.
Москвадан өз республикамызға көп ой, зор жігер
алып,жаңа батыл мақсаттарға рухтанып қайттық.
(Ғ.Мүсірепов Суреткер.).
Өздеріне ағалық еткеніне
біраз белденіп, рухтанып, жұмыстарына біраз
белсенділік лебі сезіле бастады (С. Бегалин Замана).
Адам санатына қосылып, бойыма жігер, қайрат, шабыт
беріп жібергендей бәрінен сілкініп бой жазып, рухта-
нып кеттім (Ө. Тұрманжанов Адам).
Рух қылды. Жан бітірді, рух кіргізді. Халық етті
жоқтан бар ғып Алла бізді, Мақфузға рух қылып
бұрын тізді. Жанған жан болғаннан соң, көрдік жарық,
Аспан, жер, ай менен күн, жаз бен күзді. Дүние – ел
шақырған бір үлкен той, Жіберген қызық көр деп
әммамызды (Ә.Найманбев Шығ.).
Рухы азат [азаттық тапты ]. Еркіне, еркіндікке қол
жеткізді. «Азат!» деп ауыз айтқаннан, Жарамас түгел
ол шынға! Айнымас ұран, ант, иман-Рухың азат
болсын да! (Ғ.Қайырбеков Көнсадақ). Дүниеден ол
да кетті- кім бар тынбас?! Кезі жоқ өз перзентін жер
қаусырмас. Алайда елдің жаны, Ел рухы Азаттық тап-
пайынша ер таусылмас (Ғ.Қайырбеков Көнсадақ).
Рухын азалады. Қайтыс болған адамның игілікті
істерін ардақтап, ұзақ уақыт жоқтады. Көп жыл
бойы Шоқанның Бір топ орыс достары Ұлы адамның
ұлы рухын азалап, Қайта-қайта ұлықтарды мазалап,
Сонау
Ташкент қаласынан алдыртып, Қырат үстін
балға үнімен жаңғыртып, Мәрмәр тастан белгі ор-
натты басына»Достан – дұға» осы да (М.Шаханов
Ғасырлар).
Рухына қармақ салды. Адамның жан дүниесін
азаптады, қорлады. Жігіттерім рухыңа қармақты
Салмақ болып, Тәніңді әбден қорлапты (М.Шаханов
Ғасырлар).
Рухына нәлет келтірді. Ата-бабасын қарғысқа
қалдырды; жаман іс қылды. Рухына нәлет келтірдің,
Қабың менен сабыңа. Бұзықты құрап ел етіп,
Қондырдың оң жағыңа (Д.Бабатайұлы Замана).
Рухын бойына сіңірді. Бар жақсы қасиетін үлгі
етіп қабылдады, сабақ алды, қадірлеп-қастерледі.
Міне, міне, асыл досым, қарашы. Тым тереңде шын
байлықтың бағасы. Егер Гитлер ұлы ақын бабасы Гете
рухын өз бойына сіңірсе, Тағдырына ақын көзбен
үңілсе, Пенделігі айнала төр құрса да Қаныпезер бо-
лар ма еді мұншама? ( М.Шаханов Ғасырлар.).
Рухын көтерді. Жігерлендірді, аруақтандырды. Екі
алып күрес аренасына шығып, дәстүр бойынша қол
алысқан кезде, орысша, қазақша, татарша құттықтау
сөздер бұлардың
рухын көтеріп, жігерлендіре түсті
(М.Танекеев, Қажымұқан)
Рухтандыру өзг. етіс. Сөзбен қайрап рухтандырды.
Рухтандыру, дем беру. Гриша депоның начальнигі
болады деп Степан жолдастарын рухтандырушы
еді (Әбдіқадыров). Ширатып кәрі бойды дем беріп
кет, Қайрат қос қайратыма, күшіме күш («Халық
ақындары») [6].
Қорыта келгенде, «рух» сөзінің семантикасы бой-
ынша бірнеше сөз туындайтыны байқалды. Жоғары да
келтірген мәліметтер бойынша сөздіктерді ақтара оты-
рып, «рух» сөзінің семантикалық мағыналарын зерт-
теп, олардың лексикалық мағыналарына көңіл бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: