1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет70/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Н.Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. - Ал
-
маты, 2002.
2.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Ал
-
маты: «Ғылым» баспасы, 1989. 
3.М.Мәжитов. Тобанияз: роман. - Ақтөбе: 
«А-Полиграфия». - 2009. – 367 б.
«ҮРКЕР» АТАУЫНЫҢ СЕМАНТИКАСЫ
Бақытбекқызы Анар
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 Сакенова Б.Ә.
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №10 орта мектеп
Түйіндеме.
Мақалада көпке танымал атау «Үркер» сөзінің семантикасы қарастырылған.Я ғни ол тек жұлдыз 
ғана болып қалмай, оның мифтік кейіпер,қыз немесе өлілер дүниесінің әмірші қызы болған деген тұжырымдар 
келтірілген. 
Тірек сөздер: 
Семантика, жұлдыз, мифтік бейне, компонент, көне атаулар, салыстырмалы талдау.
Семантика ( грек. semantikos таңбалаушы, білдіруші) 
– тіл және тіл бірлестіктері (сөз, грамматикалық тұлға, 
сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, зат-
тар мен құбылыстардың мән-мазмұнын зерттейтін тіл 
білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің 
бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы 
элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, 
сөз мағынасы түрлерінің даму заңдылықтарын 
зерттейді[1, 278-б].
Мақсатымыз – Үркер сөзінің қалыптасуын, шығу 
тегін, семантикасын анықтау. Үркер атауы туралы
1)Үркерлердің тұлғалануы варианттары
2)Үркер – қыздар
3)Үркер – өлілер дүниесі әміршісінің қыздары
4)«Үркер» сөзінің мағынасы. Өлі рух жасағы. 
Үлпілдек – Йелбі – Вельва 
5)Валькириялар мен Эйнхерийлер
6)Скиф ғұрпы, Үркерлер және қызының ауылы.[2, 
384-б]
Үркер – Торпақ (Сәуір, Телец) зодиактық 
шоқжұлдызының ауқымына кіргізілетін шашыранды 
галактикалық жұлдыздар шоғыры.
Жай көзбен 6-9-ын ғана көруге болады (Үркердің 
кескіні, келбеттенуі, оған кіретін жұлдыздар саны, 
қозғалу уақыттары жөніндегі деректерде бірізділік 
жоқ, оның жеке жұлдыздарының санын біреулер 12-
15 жұлдызға жеткізеді, расында, оның жұлдыздық 
шоғырында екі жүзден астам жұлдыз бар). Олардың 
ішіндегі ең жарығы – Альциона (немесе Торпақтағы 
«альфа»). Жалпы Үркердің (Плеядалар) белгілі 
жұлдыздары мыналар: Альциона, Атлас, Электра, Ме-
ропа, Плейона, Целено, Астерия, Астеропа. Қазақты 
(түркілік) «Үркер» атымен біріктірілген жұлдыздар 
шоғырының конфигурациясы ресми (бүгінгі астро-
номия ғылымындағы нақтыланған) Үркерлерге 
қарағанда өзгеше, сандық жағынан ауқымдырақ 
болғанын топшылауға болады. Бұл жерде қазақтық 
үркерлер қатарына «ресми» аспан картасындағы «Гиа-
даларды» да жатқызуға болатын сияқты[2, 385-б].
Үркер – қазақ танымындағы түнгі аспандағы бағдар 
тұтар нысандарының ішіндегі негізгісі болып табылған 
түнгі шырақтардың бірі. Қазақ ғана емес, басқа түркі 


87
халықтары да осы жұлдыз шоғырын жақсы білген. 
Арабтар Үркерді «ас-Сурейя» , парсылар – «Пірәйн», 
пуштулар – «Пәруана», моңғолдар – «Мечит» неме-
се «Суғ мүшен», орыстар – «Лось» (сондай-ақ, Во-
лосыни – С.Қ.) десе, санскрит тілінде ол «Криттика» 
деп аталады. [ 3, 159-бб]. Гректер осы шоқжұлдызды 
«Плеядалар» деп атаса, ежелгі римдіктер «Вергиялар» 
деп атаған.Үркердің бүгінгі орысша атауы – «Плея-
ды», яғни «Плеядалар» деп атаған. Плеядалар – Үркер
шоқжұлдызының грекше баламасы, тек орыстың 
қазіргі тіліне осы тілден ауысқан.
Байырғы римдіктерде де, гректерде де, 
бабылдықтарда да Үркерлер ең маңызды бағдарлық 
аспан шырағы қызметін атқарған[4, 195-б].Міне, 
осылардың арасындағы римдіктердің «Вергилий» 
жағынан да ұқсас болуы назар аудартады. Қараңыз, 
қырғыз, қарақалпақ, түрікменде бұл шоқжұлдызды
«Үркер» деп атаса, оның айтылуы катонша – «Үркөр», 
өзбекше – «Ұқыр» немесе «Хұлкәр», башқұрт, тувада 
– «Өлкер», татарда – «Өлгәр», анадолылық түрік пен 
әзірбайжанда – «Үлкәр», ұйғырда – «Үкәр», балқар, 
қарашайда – «Ілкер», чувашта – «Елкер», қарақаста 
– «Ырғар», якутша – «Уөр» немесе «Уөргәл» бо-
лып шығады [3,206-б.]. Қарап отырсаңыз, саха-
якуттық «Уөргәл» сөзі мен римдік «Вергилия» 
атауы сәйкес келіп тұр («уөргәл»«вургел» «вергил-
ия»). Мұның да өзіндік себебі болуы тиіс, бұл жер-
де түркі халықтарының бұл атауды римдіктерден 
емес, керісінше, ежелгі римдіктердің бұл атауды 
илион (троялық) – этруск делдалдағы негізінде дей-
түркілерден алғандағы қисындырақ болатын сияқты. 
Өкініштісі, римдік вергилияларға қатысты ешқандай 
мифтік материалмен таныс бола алмадық.
Үркерге қатысты тұрақты «сөз» көп, мәселен: 
«Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар», «Ел 
жатқанша Үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда 
несі бар», «Толған Ай тұрса Үркерге қарсы қарап, қыс 
түсер шақырайып боран сабап», «Үркер мен ай ауыл 
қонысты, Үркер мен Ай тоғысты», «Үркер 40күн жерде 
жатқанда ұрық болмайды, қошқар күйекке түспейді», 
«Үркер түсе жер қызады», «Үркер туса сорпа ас бола-
ды», «Үркер көтерілсе шөп көтеріледі, бидай тас тар-
тады», деген сияқты басқа да тұрақты ұйқастар бар.
Қазақтағы Үркерлердің адами кейіптенуін төр түрлі 
вариантта көрсетуге болады:
1.Оларды тек қыздар деп есептеу. «Үркер деген жеті 
қыз екен, біреуін қарақшылар ұрлап алып кетіп, ал-
тауы қалыпты. Содан «жеті қарақшы» атаныпты [5, 
24-б]. Темірқазыққа арқандалуы жүрген Ақбозат пен 
Көкбозатты бір күні жеті қарақшы ұрламақ болады, 
бірақ күзетші айдаһар [Айдаһар жұлдызы] cол түні 
алдырта қоймайды.Сол кезде жеті қарақшының біреуі 
Үркердің кіші қызын алып қашады. Егер анықтап 
қараса Жетіқарақшы шөмішінің сабына тақау кішкене 
бәсең жұлдызды байқауға болады.
2.Оларды тек ер жігіттер деп есептеу. Маңғыстаулық 
(Шетпе кенті) Ілияс Түгелбаев (1930-2002) деген қарт 
Үркердің бір шалдың он бес баласы екендігін, олардың 
ең кішісінің есімінің Кенжеқара екендігін, сондай-ақ 
олардың бірінің соңынан бірінің шұбатылып көріне 
бастау уақытының жарты айға созылатындығын 
айтқан еді.
3.Олардың біреуін еркек, қалғандарын қыздар деп 
есептеу.Бұл варианттағы еркек – қыздардың ағасы не 
әкесі (хан) болып суреттеледі.
4.Олардың біреуін қыз, қалғандарын еркектер 
деп есептеу.Ерлер – жалғыз қыздың ағалары деп 
есептеледі. «Үркер, негізінде, жеті жұлдыз екен, 
бұлардың жылтылдап көрініп тұратыны алтау.
Жетіқарақшы келіп шапқанда, бұлар үркіп, «Үркер» 
атаныпты.Оның арасындағы бәрінен жарығырағы 
қыз болған соң, Үркер қызын қорғаймын деп, оны 
көрсетпей, бір жерге жиналып, жиналып,то топта-
лып тұрады, әйтпесе Жетіқарақшы ұрлап әкетеді[7, 
91-б]. «Үркерлер ағайынды жігіттер болған, олардың 
жалғыз қарындасы болған, оның аты – Үлпілдек 
екен (Жетіқарақшының сабының омырылып тұрған 
жерінен екі жұлдыз көрінеді.Үнді ертегісі бойынша 
бұл екі жұлдыз – бала арқалап жүрген кемпір, арабта 
– артына бала мінгестірген салт атты (Мицар мен Аль-
кор), ал қазақтар осы жұлдыздың біреуін «Үлпілдек» 
деп есептейді). 
Міне, осы Үлпілдекті Қыран Қарақшының жеті 
қарақшысы ұрлап қашқан, сол заманнан бері 
Жетіқарақшы қызды алып аспанда қашып келеді, ал 
Үркерлер олардың артынан қуып келеді, екінші аңыз; 
Жетіқарақшы Темірқазыққа байланған екі аспандық 
аттың [Ақбоз – Көкбоз] күзетшілері болып табылады, 
ал Үркерлер осы атты ұрламақ болған ұрылар, бұл 
аңыздың керісінше айтылуы да кездеседі, мұнда тағы 
да жеті қарақшы екі атта ұрлап кетеді, ал Үркерлер 
үнемі қуып жүреді[3, 107-б].
Біздің әзірге басты көңіл бөлетініміз – «қыз кейіпті 
Үркерлер» болмақ, өйткені осы бейне, біздің ша-
малауымызша, тым көне заманғы (матриархаттық) 
түсініктермен байланысты болып табылады.Қыз 
үркерлердің бізге белгілі, дәлірек айтқанда, анықтап 
отырған екі мысал бар.
Үркердің қыз кейіпті болу варианты – мифтік 
тұрғыдан ең көнесі, біздің зерттеуіміз үшін – ең 
маңыздысы болып табылады. «Үркерлер – қыздар» 
кейіптік мысалы мынадай нұсқалар арқылы көріне 
алады:
1.Үркерлер – жеті қыз. Мәселен, эллиндік мифтегі 
үркерлер (плеядалар) – Атлант пен океанида (мұхит 
аруы) Плейонның жеті қызының жалпылама атауы, 
ол қыздар: Алкиона, Меропа, Келено, Электра, Сте-
ропа, Тайгета, Майя.Жеті қыздың алтауы құдайларға 
күйеуге шықса, біреуі (Меропа) адам баласына (Си-
зифке) әйел болған.
2.Үркерлер – тоғыз қыз.
3.Үркерлер – қырық қыз. Қазақ (жалпы түркі) 
фольклорындағы «қырық қыз» бейнесі аспандық-
күнтізбелік миф деңгейінде осы Үркермен байланы-
сты.
4.Үркерлер – есебі нақтыланбаған қыздар.
5.«Үркер сөзінің» мағынасы.
«Үркер – қыздардың» мифтік сипаты: а) олардың 
бір кісінің (ханның, ханшаның, кемпірдің, т.б.) 
қызметіндегі қыздар, б) біреудің (әлдебір ханның, 
кемпірдің) қыздары болуымен ерекшеленеді.Яғни, 
олар не біреудің қыздары, не біреуге қызмет етуші 
қыздар («шашбау көтерушілер», свита) болып 
суреттеледі [2, 388-389-бб].М.Орынбеков өзінің 


88
«Предфилософия протоказахов» деген еңбегінде 
алтайлық түркілерде «өлілер дүниесінің» әміршісі 
Ерліктің (Эрлик) қыздары жөніндегі деректі келтіреді; 
мұндағы қыздардың сипатттамасының қазақшысы 
тым анайы болып шығатындықтан аудармастан беріп 
көрелік: «Если о сыновьях Эрлика... ничего плохого 
не говорилось, а наоборот, их уважали..., то о дочерях 
этого не сказать. В слабом варианте легенды у Эрли-
ка было две дочери (Сегіз көзді Кіштей ана и Ерке 
Сұлтан), о которых мало что известно.Зато в сильном 
варианте у царя подземелья имелось девять дочерей, о 
которых имеются заклинания:
Без коленных чашечек – изгибающиеся,
Без штанов голозадые,
С лицами, черными как клей.
С черными курчавыми волосами,
С косами, пять завитыми,
Бесстыдные, насмешливые,
С vulva-ми, как земная трещина,
С грудьями, как холмики,
Задницами влияющие,
Грудьями болтающие,
Девять черных дочерей Эрлика...
Налицо резкое противопоставление дочерей 
как праздных и любвеобильных бездельниц и сыновей 
Эрлика, защищающих людей наземных аулов от злых 
существ и потому почитаемых ими в качестве родовых 
покровителей [9, 203-204-бб].
Үркер қай аңызда болса да Жетіқарақшының 
қарсыласы болып табылады, бұл жерде ұрланған 
«үркерлік» қыз Үлпілдектің болу-болмауы негізгі 
емес, ол қыз тек мифологиялық антагонизмді 
түсіндіруге керекті салдар ғана. Ал «Үркер» де-
ген сөздің мағынасына үңілу осы қарама-қарсылық 
жағдайында актуалды болып шығады. «Үркер шерік» 
сөзін «Үркер әскер» деп оқуға болады, яғни сөздің 
қандай да бір әскерге қатыстылығына сеніміміз арта 
түседі.Сөздің екі варианты да ежелгі мәнге ие, «үрк» 
- «үрей» - «өлген адамның жаны, аруағы, рухы», бұл 
осы күнгі «аруақ» сөзінің ежелгі түбірлес синонимі 
(аруақ – аруқ – арұқ – арқ және үрк), бүгінгі қазақ 
тілінде «қорқынышты» мәнге ие болған (үрейленді, 
үрейі ұшты, маңғыстаулық қазақтарда бұл сөз «аруақ» 
сөзінің орнына қолданылған, мысалы, «ата-бабаның 
аруағы» - «ата-бабаның үрейі»). Сонда «үр-кер», 
«өлген ата – баба әскері» деген мағына берсе, қазіргі 
мағынасы – «үрейлі, қорқынышты өліктер жасағы» 
болып шығады.
Сөз соңындағы «-ер» компонентін дей-түркілік 
көптік жалғау, бүгінгі түркі тілдеріндегі «- лер» (-лар, 
т.б) жалғауының бастапқы нұсқасы деп қабылдар 
болсақ, онда «үркер» сөзін «үркітер, рухтар», «үлкер» 
сөзін «үліктер, өліктер» деп оқыр едік, яғни алдынғы 
тұспалдық нұсқада айтылған тұжырым іс-жүзінде 
өзгермей қалады,- деп зерттеуші С.Қондыбай өзінің 
еңбегінде пайымдаған [2,394-б]. 
Бізге қазақ аңызынан белгілісі – екі қарулы жауын-
герлер тобы – аспандық әскер бар, олар бір-бірімен 
жау, осы жауластықтың себепкері – қыз – Үлпілдек, 
осы есім бүгінгі қазақтың осы мәнге ие сөзі де болар 
(үлпілдек – пухлый, пышный, пушистый), бірақ осы 
жаңа мағына белгісіз ежелгі атауға сырттай ұқсас 
болғасын қойылуы да әбден мүмкін [2, 396-б]. 
Үркерлердің қазіргі мамыр (бұрынғы – көкек, на-
урыз айларындағы) жерге қонуын, егер біз Үркерлерді 
«өліктердің рухы» деп түсінер болсақ, өлген ата-баба 
рухтарының жер бетіне түсуі, ұрпақтарымен көрісуі 
деп қабылдауға, сондықтан көктемгі ата-баба рухтары-
на құрбандық беру шараларын осындай «ата-баба рух-
тарын қонаққа шақырып, ас беру ісі» деп түсіндіруге 
болады [2,398-б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет