1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет69/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Тірек сөздер:
зат есім сөзжасамы, синтетикалық тәсіл, жұрнақ тәсілі, сөзжасам тәсілі.
Аннотация:
В статье рассматриваются вопросы морфологического или синтетического, т.е. формы и пути 
создания словообразовательных суффиксов в словообразовании имени существительного, особенности их при-
менения в художественной литературе, частоты применения.
Ключевые слова:
существительное словообразование, синтетический подход, способ суффикса, способ 
словообразования.
Аbstract:
The article deals with the morphological or synthetic issues, i.e. the forms and ways of creating word-
formative suffixes in the word formation of a noun, the peculiarities of their application in the literature, the frequency 
of application.
Keywords:
noun word formation, synthetic approach, suffix method, word formation method.
Зат есім – туынды сөздерге ең бай сөз табы. 
Бұның түрлі себептері бар. Ең алдымен, ол өмір 
шындығымен байланысты. Өмірде ең көп нәрсе - 
ол заттар, олар үздіксіз өмірге қосылып отырған. 
Екіншіден, адамдар өздері таныған заттарын атап
отырған. Заттарды атау зат есім сөзжасамы арқылы 
жүзеге асқан. Сондықтан зат есім сөзжасамы көне за-
мандардан бастап, үнемі даму үстінде болған. Бұл зат 
есім сөзжасамын өте дамытқан.
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамында зат есім 
сөзжасамы өте күрделі және сөзжасамдық қабілеті 
ерекше сөз табы деп саналады. Зат есім сөзжасамында
сөзжасам тәсілдерінің барлығы өте белсенді қызмет 
атқарады. Ол барлық сөз таптарының сөзжасамына 
тән емес екені белгілі. Бұл тек үш табына қатысты, 
соның бірі – зат есім сөзжасамы болып саналады.
Ал зат есім сөзжасамында үш тәсіл де, барлық 
сөзжасамдық бірліктер де белсенді қызмет атқарады. 
Ол зат есім туынды сөздердің құрамына да әсер ет-
кен. Сондықтан туынды зат есімдердің құрамында да 
үлкен ерекшелік бар екені айдан анық. 
Туынды зат есім сөздерге тіліміз өте бай. Туынды зат 
есім сөздердің тілден мол орын алатыны зат есімнің 
шындық өмірге байланыстылығын былай қойғанда, 
зат есімнің сөзжасамдық ішкі мүмкіншіліктерінің 
молдығына, күрделігіне байланысты. Зат есім 
сөзжасамында тілдегі сөзжасамдық тәсілдердің бәрі 
белсенді қызмет атқарады. Осымен байланысты туын-
ды зат есім сөздердің құрамы да алуан түрлі. Туынды зат 
есім сөздердің құрамында сөзжасамдық жұрнақтар,
түбір сөздердің барлық түрі, түрлі қарым-қатыста кез-
десе береді. Туынды зат есімдердің жасалуында негіз
сөз қызметін зат есім сөздермен бірге басқа сөз тапта-
ры да атқара береді. Яғни зат есім сөзжасамы сан есім 
сөзжасамы сияқты өз ішінде ғана тұйықталмайды, ол 
басқа сөз таптарының сөздерін зат есімге айналдырып, 
өз құрамын басқа сөз таптарының сөздерінің негізінде 
де толықтырып отырады. Бұл үрдіске, әсіресе, сын 
есім сөздер мен етістіктер белсенді қатысады.
Жалпы зат есім сөзжасамы – ертеден зерттеліп 
келе жатқан мәселе. Ол мәселені алғаш А.Ысқақова, 
А.Төлеуов сияқты ғалымдар зерттеді. Демек, зат есім 
сөзжасамы ерте танылғанын барлық зерттеушілер де 
атап көрсетеді [1.165-166]. 
Тілдің тұтас сөзжасам жүйесінен зат есімдік 
сөзжасамның алатын орны ерекше. Өйткені зат есім 
жасауға қатысатын жеке сөздермен жұрнақтардың 
сан мөлшері өзге сөз таптарымен салыстырғанда 
әлдеқайда қомақты. Жасалу тәсілдеріне қарай
тіліміздегі зат есімдерді негізгі үш топқа бөліп қарауға 
болады. Мысалы, жұрнақтық тәсіл туынды зат есімді, 
сөзқосымдық және сөзқысқарымдық тәсілдер күрделі 
зат есімді, ал семантикалық тәсіл көп мағыналы, омо-


85
ним және субстантивті зат есімді жасайды.
Зат есімнің негізгі құрылымдық типтері оның 
жасалу тәсілдерін немесе жасалу тәсілдері оның
құрылымдық типтерін анықтайды, белгілейді. 
Қысқасы, зат есімдік сөзжасамның жұрнақтық, 
сөзқосымдық, сөзқысқарымдық және семантикалық 
тәсілдерін жай ғана санамалап шығудың сыртын-
да тағы да зат есімнің құрылымдық типтері (жалаң, 
күрделі зат есімдер, көп мағыналы, омоним және 
субстантивті зат есімдер) туралы да түсінік жатады, 
яғни оның осы бір обьективті сипаты ойда тұрады 
[2.102].
Зат есім сөзжасамында жұрнақ тәсілі негізгі тәсілдің 
бірі болып табылады. Сондықтан сөзжасамдық
жұрнақ тәсіл арқылы жасалған туынды түбір зат
есімдерге тіліміз өте бай. Сонымен бірге, туын-
ды түбір зат есімдердің жасалуы тек сөзжасамдық 
жұрнақтарға ғана байланысты емес. Туынды түбір зат 
есімдерді сөзжасамдық жұрнақ лексикалық мағыналы
уәждемелер жасайды. Сондықтан зат есімдердің 
құрамы уәждеме сөз бен сөзжасамдық жұрнақтардан 
құралады.
Зат есімнің сөзжасамына уәждеме болатын белгілі 
сөз таптары бар. Бұл - зат есім кез келген сөз табы-
на жасала бермейді деген сөз. Зат есім сөзжасамына 
негізіннен зат есім сөздер, сын есім, етістік сөз тап-
тары уәждеме қызметін атқарады. Әрине, басқа сөз 
таптарының жекелеген сөздерінен жасалған бірлі-
жарым туынды түбір зат есімдер де бар. Мәселен, 
ондық, жүздік, жетісі, қырқы т.б сияқты туынды түбір 
зат есімдер тілде бар. Бірақ олар санаулы (1.167-бет) 
Н.Оралбай «Қазақ тілінің сөзжасамы».
Зат есімінің сөзжасамдық жұрнақтары түрлі
сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын
жұрнақтар жатады. Мысалы, тыңшы, қызметкер, 
арбакеш, сыпырғаш, қуаныш, елеуіш, жақсылық, 
үлкендік, ондық, жүздік т.б. Мұндай жұрнақтар зат 
есімннен (тың, қызмет, арба) туынды зат есім жасаған, 
етістіктен (сыпыр, қуан, еле) туынды зат есім, сын есім 
(жақсы, үлкен) сан есім (он, жүз) т.б. Туынды түбір зат 
аталымдарын жасайтын тілде сөзжасамдық жұрнақ 
бар. Олардың құрамы, мағынасы, қызметі жағынан әр 
түрлі.
Жалаң жұрнақтар құрамы бөлшектеуге келмейтін 
жұрнақтар аталады. Мысалы, -шы,-ші, -кер,-гер,
-тыр,-тір, -ыр,-ір, -ес, -ық, -ша, -сын т.б. 
жұрнақтар бір морфемадан тұрады. Сондықтан 
олардың құрамы бөлінбейді. Аталған жалаң жұрнақтар 
көркем әдебиетте өте көп кездеседі. Мысалы: Бірақ 
Тобаниязға тыңшы боламыз дегенін анық естідім. 
Бәрібір артының жоқтаушысы бар ғой «Аса білімді,
үлкен саясаткер, бірақ, совет өкіметіне жаны қас», 
дегенді Жалау Мыңбаевтың ауызынан естігені 
барды. Неде болса, мылжың күзетшіні қорқытты 
ғой әйтеуір, өзі айтқан ібілісін өзіне қарсы қойып. 
Жарықтық түйе сүті дегенің әрі сусын, әрі тамақ қой. 
Тап басып, иығынан қайыруға үлгере алмай мұны сол 
қырын күйінде ұстап қалып еді, дереу ысқырық дыбы-
сы шығып, төреші екеуін де орындарынан тұрғызды да 
бас палуанға қарады (М.Мәжитов).
Туынды зат есім жасайтын мұндай жұрнақтар зат 
есім сөзжасамында негізгі орын алады. Олар арқылы 
көптеген туынды түбір зат есімдер жасалған. Мыса-
лы, орындық, қаламгер, мұздақ, арбакеш, суат, шатқал, 
келіншек, түбір, сусын, діңгек, жеңгетай, ойыншық, 
тілмар, итақай, ойпат т.б. Мысалы: Жігіт жалт беріп 
шығып кеткен соң іле-шала ақшыл орамалды жағынан 
тартқан жап-жас, аппақ сүйріктей келіншек кіріп, тізе 
бүгіп сәлем берді (М.Мәжитов).
Құранды жұрнақтар деп құрамы ең кемі екі мор-
фемадан тұратын жұрнақтартар аталады. Мысалы,
-шылық, -шілік, -қыншақ, -ынды, -палық, -малық, 
-мшы, -нда жұрнақтарының құрамы екі морфемадан
тұрады, яғни бұрын олар екі морфемадан тұрған. Кейін 
тілдің дамуында кірігіп, бөлшектенбей қолданатын 
дәрежеге жеткен. Мысалы, адамшылық дегени туынды 
адам негізгі және –шылық жұрнағы арқылы жасалған, 
себебі тілде адашы деген сөз жоқ.
Туынды зат есім аталымын жасайтын жұрнақтардың 
мағыналық құрамы әр түрлі. Жұрнақтар түрлі 
мағыналы туынды зат атауларын жасайды. Мыса-
лы, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнағы түрлі 
мағыналы сөздер жасайды. Зат есім сөздердің 
өзінен түрлі мағыналы туынды сөздер жасайды. Мы-
салы, аспаздық, шабандық, патшалық, қалыңдық, 
жиендік,апталық, қолтық, қастық, оттық сияқты туын-
ды түбірлердің мағыналары әр түрлі. Аспаздық-кәсіп, 
шабындық–егіс, бастық-лауазым, қалыңдық –дәстүр,
жиендік-туыстық, 
апталық-мезгіл, 
қолтық-дене 
мүшесі, жастық-дерексіз ұғым, т.б. мәнді білдіреді. 
Көркем әдебиеттен мысал келтірелік. Тәңірден еліне, 
жеріне, туған халқына амандық амандық сұрайды. Ана 
екеуі шынында да өз қателіктерін бірден сезінді ме, 
үндеген жоқ. Әй, бәрекелді, құдай саған қай жағынан 
да ұтқырлықты берген сияқты. Жылдар жылжып өтіп 
барады, кәрілікке де иек арттық, қисая кетсек иегімізді 
көтеріп сүйемелдейтін жаныңда жанашыр болмағаны 
тым қиын екен. Бір сәт төңіректі де тыныштық басты. 
Әрине, менікі ағаттық болды. Ал палауды басуға, 
яғни пісіруге аса шеберлік керек.
-Лық,-лік жұрнағы түрлі мағыналы зат атау-
ларын жасауда ерекше орын алады. Зат есімнің
сөзжасамдық жұрнақтарының ішінде көпмағыналы 
жұрнақтар біраз: -ым,-ім,-дақ,-дек; -шық,-шік; -мыс,-
міс; - ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; -мақ,-мек,-пақ,-пек,-
бақ,-бек; ық,-ік,-қ,-к; -ақ,-ек. Мысалы: - Апырай, 
осы кейбір қазекемдер мәдениеттілік деп айтпай-ақ 
қояйын, жай инабаттылыққа қашан бой ұсынар екен. 
Бір ұстамдылық деген, айналаға қарап, өзгеден тәлім-
тәрбие алу деген қашан бойымызға қонар екен, - деп 
Қаражан ашына сөйледі. Жанарында мейірімділікпен
қатар тояттану бар секілді. Дарақылыққа, бөспелікке 
үйірлеуміз. Әркім қонағына қолда барын береді, 
ол жоқ болса қайдан табады. Тап басып, иығынан 
қайыруға үлгере алмай мұны сол қырын күйінде ұстап 
қалып еді, дереу ысқырық дыбысы шығып, төреші
екеуін де орындарынан тұрғызды да бас палуанға 
қарады. Тегінде жылқы баласы күтімді аса қажет етеді 
деп ойлайды да қайтадан кібіртіктеп жол жорғасына 
түсірді (М.Мәжитов).
-Ым,-ім жұрнағы математикалық терминді білдіреді: 
бөлім, алым, заттық ұғымды білдіреді, білім, өлім, 
өсім, өнім, тыйым дерексіз ұғымды білдіреді: 
шақырым, тұтам, мөлшер мәнді, мейірім, қайырым 


86
дерексіз ұғымды білдіреді. Мысалы: - Өлімге қимап 
едім, енді өз қолыммен-ақ өлтірейін, ондай еркекке 
обал жоқ, - деп тапаншаны қайтып алды (Ә.Сараев). 
Енді менің жүз өтінішім емес, бір өтінішімді орында 
(М.Мәжитов).
-дақ,-пақ,-тақ. Бұл жұрнақ тамақ атауын жасайды: 
қуырдақ, нақтылы зат атауын жасайды: суыртпақ
-шық,-шік нақтылы зат атауларын білдіреді: 
ойыншық, қапшық, түбіршек; кішірейту мәнді 
білдіреді: көлшік, үйшік; өсімдік атауын білдіреді: 
жуашық.
-мыс,-міс нақтылы зат атауларын жасайды: тарамыс, 
тұсамыс; дерексіз ұғымды зат атауларын жасайды: 
болмыс,тұрмыс,қылмыс; өсімдік атын жасайды: жеміс
-ма,-ме 
бірнеше 
мағынада 
қолданылады, 
нақтылы зат атауын жасайды: бөлме, қаптырма, 
кездеме,қойма,тартпа; тамақ атауын жасайды: 
баспа,сықпа, бүрме; іс-қағазына қатысты атаулар: 
көшірме, кіріспе, мәлімдеме, жолдама, анықтама
музыкалық атаулар: желдірме, терме т.б.
-мақ,-мек жұрнағы да бірнеше мағынада 
қолданылады. Деректі зат атауын жасайды: оймақ, 
сырмақ, өрмек, шақпақ; тамақ атауын жасайды: 
құймақ, қойыртпақ; дерексіз заттық ұғымды білдіреді: 
қыспақ, салмақ, түтрпек т.б.
-ық,-ік,-ақ,-ек жұрнағының мағынасы әралуан: 
1) адам мүшелерінің атын білдіреді: жүрек, білек, 
тырнақ; 2) нақтылы зат атауын білдіреді: күрек, 
дөңгелек, қармақ, орақ; 3) мекен орын мәнді зат атау-
ларын жасайды: қорық, тұрақ,жатақ,бұлақ 4) дерексіз 
заттық ұғым атауын жасайды: тілек, сезік, сезім, 
күйік, түсінік, ырық, қылық; 5) саз-әуен ұғым атау-
ын жасайды: ырғақ (3.79-81бет. Балқия Қасым. Қазақ 
тілінің сөзжасамы, 2014). Мысалы: Қорыта айтқанда, 
зат есім сөзжасамының синтетикалық тәсілі ең 
өнімді тәсіл. Оның дәлелі негіз сөзге сөзжасамдық 
жұрнақтардың зат есім сөзжасамында ерекше орын 
алатыны айқындалды. М.Мажитовтің «Тобанияз» ро-
манында құранды жұрнақтар да, жалаң жұрнақтар 
да, сондай-ақ барлық жұрнақ түрлері кездесті.
Дейтұрғанмен, адамның қасиеттері мен мамандық 
түрлерін жасайтын синтетикалық жұрнақтар көбірек
қолданыс тапқанын байқадық. Олар түрліше
мағыналық топтарды құрайтыны аңғарылды. Бұның
өзі зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы 
көптеп кездесетіні тағы да дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет