96
аты — Ибраһим — пайғамбар есімі. Кейін шешесі
еркелетіп «Абай» деп кеткен. Қазақта «Абай» — сақ,
көреген мағынасында қолданылатын сөз. Шешесінің
де, халықтың да оны Абай атауы сондықтан болуы
ықтимал. Біраз жұрт Абайды «Құнанбайдың Ыбы-
райы» деп те атаған» [5]. «Есімдер сыры» атты еңбекте
келтірілген: «Абай — ел ағасы дегенді білдіреді. Тува
тіліндегі абзыгай — от ағасы, аға, татар тіліндегі аб-
зыхай, ағай сөздерімен төркіндес» [6]. Ибраһимнің
бұл есімге ел ағасы болғанда ғана ие болмағанына,
әжесі Зере мен анасы Ұлжанның бала кезінен Абай
атандырғанына көңіл аудара отырып, Ибраһим —
Ибрай //Ыбырай — Абай тұлғасын кішірейту, еркеле-
ту мақсатымен аталған адамның төл есімінен жасалған
қосалқы есім, яғни антропонимиялық «аталым», болар
деп ойлаймыз. Ыбырай /Ибраһим/ Алтынсариннің
есімі де бұл ойымызды дәлелдей түседі. Ал Шоқан
есімінің жайы мүлде бөлек. Жазушы-композитор
І.Жақанов оның Мұхамедқанафия деген өз есімінің
Шоқан аталуына қатысты белгілі архитектор Шота
Уәлихановтың: «Естуімше, Шоқан бала кезінде әжесі
Айғанымнан бір елі қалмай, қасында тізесіне сүйеніп
шоқиып әңгіме тыңдап отыра береді екен. Содан
әжесі еркелетіп Шоқаш, Шоқыбай, Шоқан атап кет-
кен» деген пікірін келтіреді. Осы пікірге біз де қосыла
отырып, есімнің берілуіне, біріншіден, естеліктерде
сақталғандай, бала кезінде-ақ ойынның соңында
кетпей, үлкендердің әңгімесін шоқиып отырып
тыңдайтын, әжесінің соңынан шоқаңдап еріп жүрген
жас баланың тұлғасы уәж болса, екіншіден, Шоқан
есімінің Мұхамедқанафиядан қысқармайтыны тағы
белгілі.
Халқымыз мұндайда «Адам болар баланың кісіменен
ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» дер
еді.
Қосалқы есімдер, әдетте, отбасы не туыстар арасын-
да ғана қолданысқа ие болса (мысалы, Едіге/Едико, На-
урызбай/Нәукен, Мадияр/Мадико), лақап есімдердің
таралу ауқымы одан гөрі кеңірек, яғни ауыл көлеміне
дейін болуы мүмкін.
Қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен
замандардан бастап күні бүгінге дейін мәдени-тарихи
өмір бейнесін анық көрсетеді.
Лексикалық тұрғыдан қарағанда, олардың көне
қабаттары негізгі де ұйытқы тірек боп табылып,
төмендегідей лексика-семантикалық топқа жіктеледі.
Мал шаруашылығымен байланысты есімдер: Бота,
Бұқа, Аққозы., Құлыншақ, Жылқыбай, Қозы т.б.
Табиғат құбылысымен байланысты есімдер: Таубай,
Боран, Толғанай, Айым т.б.
Аңдар мен үй хайуанаттары және құстармен байла-
нысты есімдер: Арыстан, Түлкібай, Лашын т.б.
Асыл металдар мен қымбат заттар атауларына бай-
ланысты есімдер: Алтын, Болат, Маржан т.б.
Өсімдік аттарына байланысты: Қызғалдақ, Райхан,
Раушан, Гүлжан т.б.
Жеміс-жидек атауларымен байланысты: Алма,
Мейіз, Анар, Жаңғақ т.б.
Туыстық атаулармен байланысты: Атабек, Баба,
Туғанбай, Жиенбай т.б.
Жер-су аттарына қойылған есімдер: Алатау, Еділ,
Орал, Алтай т.б.
Үй-жиһаздарымен, мүліктерге байланысты: Шара,
Табақбай, Айнагүл т.б.
Түрлі тағам аттарына байланысты есімдер: Айран-
бай, Шырынбай, Шекер, Сүттібай т.б.
Батырлар жырларындағы халық батырлары мен
тамаша, ақылды да парасатты тарихи адамдардың
дәстүрлі есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, күні бүгінге
дейін қойылып келе жатыр.
Тіліміздегі кеңінен тараған екі не үш сөздерден
құралған күрделі тұлғасы есімдердің көбірек
кездесетіндері – құрамында бай, бек, би, хан, сұлтан,
төре, шах, ханым компоненттері (сыңарлары) бар
есімдер. Тарихи сипаты жағынан бұл сөздер архаизм
әрі историзм ретінде келмеске кеткен әлеуметтік тер-
миндер.
Қазақ халқы тарихында феодал ақсүйектер –
өздерінің әлеуметтік тегін немесе атақ дәрежесін
көрсету мақсатымен бай, бек, би, төре сияқты сөздерді
өз есімдеріне қосып, қосақтай айтып отырған еді.
Бұл анықтауыш сипаттағы тұлғалар сол замандар-
дан бастап жалпы халық есімдері құрамында да жиі
кездесетін.
Достарыңызбен бөлісу: