100
жалпақ жапырақты орман өседі.
Орманда ағашты өсімдіктердің әсерінен өзгеше ауа
райы микроклимат қалыптасады. Желдің қарқыны
төмен, даламен салыстырғанда ауаның температу-
расы мен ылғалдылығы жоғары. Орман топырақтың
түзілуіне әсерін тигізеді. Жыл сайын ағаштар
жапырақтарын, бұтақтарын тастайды. Олар орман
топырағы бетіне жиналады. Біртіндеп микроорга-
низмдер (бактериялар мен саңырауқұлақтар) әсерінен
қарашірікке – гумусқа айналады.
Сонымен бірге төсемікке түсетін жапырақтар
мен бұтақтар көктемде қар ерігенде, жазда жаңбыр
жауғанда, суды жинайды. Нәтижесінде ағашты
өсімдіктер жақсы өседі. Орманды қоршаған терри-
торияда да микроклимат түзеді, температура мен
ылғалдылығында кенеттен өзгерістер жүрмейді.
Орманға жарық шашырап түседі. Ормандағы
бірлестіктер, ондағы доминанттар ярустылығы анық
байқалады. Өсімдіктер бірлестігіндегі өсімдіктер көп
түрлі болады. Бірақ әртүрлі өсімдіктер туыстарының
түрлерінің даралары саны әртүрлі болады.
Кез келген орманда оның негізін түзетін ағашты
өсімдіктердің түрлері болады. Оларды орман түзушілер
немесе доминанттар деп атайды. Сол өсімдіктерге
байланысты қарағайлы орман, жалпақ жапырақты,
шыршалы қайыңды орман деп атайды. Әрбір орманда
тарихи филогенетикалық даму үдерістерінде тіршілік
үшін күресте өздеріне тән экологиялық ерекшеліктері
қалыптасады. Нәтижесінде биоценозда орманда жақсы
жетілетін өсімдіктердің ярустылығы қалыптасады.
Жерасты ярустылығы да болады. Нәтижесінде
әртүрлі өсімдіктер әртүрлі деңгейден топырақтағы
суды және онда еріген минералдық заттарды сіңіреді.
Орманда өсімдіктердің ботаникалық құрамына тек
ауа райы мен топырақ қана әсер етіп қоймайды, со-
нымен бірге жануарлар да әсерін тигізеді. Орманның
құрылысына оның өзгеруіне, адам да өзінің іс-
әрекетімен ықпал етеді (антропогендік фактор). Көбіне
орманның құрылымының өзгерісінде антропогендік
фактор шешуші роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: