1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЕСІМДІ ЫРЫМДАП ҚОЮ ҚұПИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет79/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ЕСІМДІ ЫРЫМДАП ҚОЮ ҚұПИЯСЫ
Торба Ангелина 
Жетекшісі:Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Мельдеханова Меруерт Тилегеновна 
Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ ауылы №32 орта мектеп
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір тала-
бына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп 
отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып са-
налады. Ата-ана дүниеге келген перзентке мағынасы 
айқын, әдемі де, айшықты сұлу есім беруді қалайды, 


97
бірақ олар қай атты таңдауда, одан кейін оны жазуда 
қиналысқа ұшырап отырады.
Бұл - өмірлік мәселе. Сондықтан адамдарға есім 
беру мәселесі барлық уақытта да адамдарды толғантып 
келді, қазіргі кезде өзекті күйінде қалып отыр. Балаға 
жарасымды есім беруге ата-ана, олардың туған-туыс, 
жора-жолдастары ғана емес, жергілікті халық депу-
таттары кеңестері мен Азаматтық хал актілерін тіркеу 
бөлімдері де толық мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі 
мен оны қоршаған ортамен тығыз байланысты. 
Адамдарға есім беру мәселесі барлық уақытта 
да адамдарды толғантып келді, қазіргі кезде өзекті 
күйінде қалып отыр. Балаға жарасымды есім беруге 
ата-ана, олардың туған-туыс, жора-жолдастары ғана 
емес, жергілікті халық депутаттары кеңестері мен 
Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері де толық 
мүдделі. Адам есімі қоғам өмірі мен оны қоршаған ор-
тамен тығыз байланысты.
Ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе 
жатқан, ізі суымаған жалпы халықтың игі дәстүрi. 
Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп, 
ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үшін 
қарт шежіре сияқты ұрпаққа жеткізіп отырады.
Балаларға ат қоюды ертеде белгілі дәрежеде ырым 
мен дәстүр ерекше орын алып отырған.
Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде 
ата-анасы ең сыйлы, қатты құрмет тұтатын адамына өз 
сәбиінің есімін қойғызады. Кейде олар келісе отырып, 
бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-
әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін 
солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – 
заң. Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, 
сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет. Тек 
есте болатын бір жағдай, сәбиге ат қойғанда айтылуы 
қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін, 
немесе айқайлап тұрған есімдерді қоймаған жөн. 
Олардың кейбірін сөздің киелі күшімен де байланы-
стырып отырушылық көне дәуірден бар құбылыс. Сол 
ескі замандарда балаларға көз тиюден немесе жын-
шайтаннан сақтау мақсатымен елеусіз оғаш есімдер 
қойып отырған. Мәселен, Итбай, Күшікбай, Жаманбай 
тағы басқа.
Біздің дана халқымызда «Балаға қандай ат қойылса, 
оның болашақ тағдыры соған байланысты болады», - 
деген наным-сенім бар. Адам есімі келешек тағдырына 
қаншалықты ықпал етеді? Аттас адамдардың көбісінің 
мінез-қылығы неліктен бір-біріне ұқсас? Адам 
есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, 
есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді 
неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың 
тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі. 
Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүрі. 
Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен 
кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. 
Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз 
тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына 
әдейі түпкі мағынасы сиықсыз есімдерді де қойған. 
Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда 
да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардали-
он (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, 
Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған. 
Жалпы, Шоқан Уәлиханов ырымды әдет-ғұрыпқа 
жатқызса, Сейіт Кенжеахметұлы «Ырым – халықтың 
жақсы ниетінен туған ғұрып, халықтың сенімі мен ақ 
ниетінен, шын көңілінен туған ұлттық ерекшеліктің 
бір саласы»,- дейді. 
Олай болса, ырымдап ат қоюдың айыбы жоқ. Қайта 
ол – жақсы дәстүр. 
Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз 
есімдерді балаға қоймағанымыз дұрыс. 
Бұрындары балаға есімді бесікке бөлер алдында 
қойған. Қазақтың салт-дәстүрін зерттеушілердің бірі 
Ю.Бошняков бұл туралы былай деп жазады: «Баланы 
бесікке бөлерде күн ілгері ауыл-аймаққа хабар беріліп, 
әркім қал-қадірінше той жасайды. Тойға жиналғандар 
балаға қатысты екі шараны жүзеге асыратын болған. 
Бірінші кезекте балаға ағайын-туысының ұйғарымымен 
өздері іштей құптап жүрген есімді қою. Мұны сол 
ауылдың ең беделді азаматы сәбиді қолына алып азан 
шақырып, үш рет бала есімін құлағына қайталайды. 
Ал, ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран 
оқып, кітапқа қарап қояды. Мұнда көптеген ырым-
жорамал бар. Маңдайы нұрлы болып туған бала тіл-
көзден аман жүруі үшін оған Итаяқ, Күшік, Жаманба-
ла, Сасықбай деп, әдейі жиіркенішті есім қоя салады. 
Баламның аты затына сай болсын деп небір жаһангер 
қолбасшы, дінбасы, пайғамбар есімдерін де беретіндер 
болған. Бірақ, олардың есімін әке-шешесі ержеткенше 
жасырын атап жүреді. Себебі, бала ол есімді көтере ал-
май, өліп қалуы ықтимал деп жорыған» (Ю.Бошняков, 
Денсаулық, 1991, № 11, 25 бет). Иә, баласының атын 
ырымдап қою – ата-анасының ниетін білдіреді. Қазір 
де көп адам баласына ғұлама болсын деп – Марғұлан, 
Қаныш, ақын болсын деп – Абай, батыр болсын деп 
– Едіге, Жәнібек, Алпамыс, ақылгөй ана болсын деп – 
Зере, Айғаным деп ырымдап ат қойып жатады. Кейінгі 
кезде елімізде Нұрсұлтан есімді балалар да көбейе 
бастады. Бір ғажабы, кейбір елдерде «тағдыр» деген 
сөз ат қою деген мағынаны білдіреді екен. Бұл сөздің 
жаны бар. Өйткені, ертеректе адамдар атын өзгертуді 
өз өмірін басқа арнаға бұру деп қабылдаған . 
Есімдерді ырымдап қою бірнеше топқа бөлінеді. 
Олар негізінен, мынандай: атақты, белгілі, ғұлама, 
жақсы адамдарға тартсын деп олардың есімін қою, 
бала тілеп, тілеуі қабыл болғанда шүкіршілік айтып, 
соған лайықты атау (Ондай есімдер: Тілеуқабыл, Ал-
лаберген, Құдайберген, Тілеуберген, Тәңірберген). 
Шаңырақта сәби шетіней бергенде сәби тұрсын деп, 
жағымсыз аттарды қою. Ат ұстар ер бала тумай, қыз 
өмірге ке-ле бергенінде қыздың есіміне «ұл» сөзін 
тіркес етіп, сәбиді, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, 
Ұлтуар, Ұлжан тәрізді есімдермен атап, ұл күту. Егер-
де баланың бойында меңі, қалы бар болса, қазақтар 
ұл-қызын соған сәйкес Қалдыбай, Меңді-гүл, Меңсұлу 
деген тәрізді есімдермен де атаған. Тіпті, қазақ 
халқында ырымға да қатысты мынандай есімдер бар: 
Ырымкүл, Ырымбала, Ырымтай, Ырымжан. Баласы 
қайтыс болғаннан кейін шаңырақта тағы да бір сәби 
дүниеге келсе, біздің ата-бабаларымыз оны өлген ұл-
қызының орнына келген санап, сол баланың өтеуі деп, 
ұлдарын Төлеген, Төлеу, Төлеубек, Төлеуқадыр деп 
атауды ырымға айналдырған. 
Тіпті, Шыңғыс атамыздың өзі Шоқан өмірге 
келгенінде ол Сегізсерідей әрі ақын, әрі батыр болсын 


98
деп оның есімін Мұхаммед – Қанапия қойған көрінеді. 
Сәбиге ат қоюда салт-дәстүрге негіздеп ат қойғанда 
ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-
дәстүрі бар. Олар: 
1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: 
Артық, Артықәлі, Артық-бай, Қосекен. 
2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. 
Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. 
Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай, Берік, 
Қайрат. 
4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. 
Есімдері: Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, 
Тұрсын, Тұрсынкүл т.б.
5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жаса-
сын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, 
Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқ- сан-
бай, Ұзақбай.
6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байла-
нысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Най-
забек, Садақбай, Шоқпарбай т.б. 
7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солар-
дай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа 
туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, 
Жәнібек, Иса- тай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, 
Сырым, Төлеби, Ыбырай т.б.
8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. 
Есімдері: Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, 
Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет. 
9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. 
Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, 
Оспан, Сүлеймен, Хадиша. 
10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл 
тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің 
атын қою. Есімдері: Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, 
Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, 
Шолпан, Шынар т.б. 
11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. 
Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек. 
12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат 
қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат. 
13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, 
Кенжегүл, Кенжетай. 
14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат 
қою. Есімдері: Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, 
Қойшыбай, Сандуғаш т.б. 
15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: 
Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлмекен, Ұлбосын, 
Ұлтуар, Ұлжан, Ұлту т.б. 
Басқа халықтан сіңісіп кеткен есімдер қазақ 
халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат 
қойылуға тиісті. 
Бұл да бұлжытпай орындалатын заң. 
1. Бала дәулетті де бай, ауқатты болсын деген 
тілекпен қойылған есімдер: Байбол, Дәулетбай, Ал-
тынбай, Малбай т.б. 
2. Күшті де батыл, қырағы да сақ, ержүрек болсын 
деп қойылған есімдер: Арыстан, Батыр, Тарғын т.б. 
3. Бала сұлу да көрікті, ажарлы да әдемі болсын деген 
тілекпен қойылған есімдер: Айсұлу, Әсем, Нұрсұлу, 
Ботагөз. 
4. Денсаулығы зор болып, ұзақ жасасын деген 
тілекпен қойылған есімдер: Ұзақ, Өмірзақ, Мыңжасар. 
5. Бала ақылды да тапқыр болсын деген тілекпен 
қойылған есімдер: Ақылбай, Ақылбек, Данышпан. 
6. Бала мырза да жомарт болсын деп қойылған 
есімдер: Жомарт, Мырзабек, Мәртай. 
Есімдерді таңдап, талғап қоюда бұлардан басқа да 
белгілер мен түрлі нышан, әр түрлі жағдаяттар болып 
отырған. Мәселеге, Аманжан, Қаржаубай, Жолай тағы 
басқа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет