Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қожантаева Ж.Ж «Экология және сыртқы
ортаның тұрақты дамуы» Алматы 2011.
2. Мухитдинов Н.М. Геоботаника негіздері. Алма
-
ты, 1992.
3. Чупахин В.М. Высотно-зональные геосистемы
Средней Азий и Казахстана. Алма-Ата. 1987.
4. Утешев А.С. Климаты Казахстана. Очерки по
физической географий Казахстана. Алма-Ата. 1952.
5. Работнов Г.А. Фитоценология. М, МГУ, 1992
ЭКОНОМИКАЛЫҚ КІРМЕ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Ерубаев Дамир
Орталықазия техника-экономикалық колледжінің 2-курс студенті
Ғылыми жетекшісі:
Наурызалиева Майра Кенжалиевна
Қандай сөздерді, яғни, терминдерді «кірме сөздер»
(интернационалдық) деп атаймыз ба?» – деген сұраққа
ғалымдардың пікірімен жауап береміз.
Ғалымдар А.А.Белецкий, В.В.Акуленко пікірінше,
қандай сөз бол¬масын кірме терминдер болу кеңінен
тараған әлемдік бір-бірімен туыстық жақындығы жоқ
тілдерде қолданылуы тиіс екен (1).
Терминтанушы Ю.А.Бельчиков жоғарыдағы пікірді
қолдай отырып, кірме терминдердің кем дегенде бір-
бірімен туыстық жақындығы жоқ тілдердің ғылым,
техника, экономика, әдебиет, өнер т.с.с. салаларда
қолданылуы деп есептейді (2).
Біздің пікірімізше, кірме терминология – әрбір кірген
тілдің халықаралық лексикалық қоры. Оған құрамында
ең кемінде үш бір-бірімен туыстық жа¬қындығы жоқ
тілдердегі жазылуы, айтылуы, лексикалық мағынасы
бір сөздер жатады. Кірме терминдердің кіруі,
қалыптасуы, орнығуы жеңіл мәселе емес. Ол көп
жағдайларға байланысты, айталық, өмір қажеттілігі,
баламасының болмауы т.б. Мысалы, қазақ тілінің
экономикалық терминдер құрамында кірме сөздер
аз емес. Солардың ең алғашқыларына араб-парсы
тілдерінен кірген сөздерді жатқызуға болады. Бұл
сөздер бір жағынан экономикалық, рухани байланы-
стар арқылы кірсе, екінші жағынан, тікелей тілдік
қатынастардың рөлі де аз болған жоқ.
Орта және Таяу Шығыс халықтарының тіл жағынан
дамуында классикалық араб тілі едәуір рөлі атқарды.
Бұл дәуірде Таяу және Орта Шығыс халықтарының
мәдени өмірінде араб тілі халықаралық тілдің
қызметін атқарды. Тап осы күнге дейін түркі, парсы,
ауған, тағы басқа кейбір тілдердің сөздік құрамында
араб сөздері көптеп қолданылып келеді. Н.К. Дмитри-
ев: «Араб тілінің түркі тілдерімен ара қатынасы, бұл
сөздің мағынасында тілдердің әдеттегі өзара ықпал ету
шең¬берінен шығып кетеді», – дейді. (3). Мұнда біз
түркі тілдерінің байырғы сөздігіне сырттай ғана қат-
қабат қосылып жатқан араб лексикасын емес, қайта
одан да гөрі терең, әрі мейлінше табиғи процесті көріп
отырмыз. Араб лексикасы тұтас бірқатар түркі тілдері
үшін нәр алатын тамырлардың бірі болып табылады.
Араб тілінен: карз-қарыз (135), акы (40), хәзинә-
қазына (67), саясат (90), шарт (92), файда-пайда, олжа,
өсім, процент (125) ,кәсіб-кәсіп, ұтыс, ұтып алу (142)
,мирас (1073), маалумат-мәлімет (252), мулк-мүлік
(264), сафат-сапа (273).
Араб және парсы тілдеріндегі лекси¬калық
элементтерінің қазақ тіліне ауысуына тағы бір ықпал
жасаған нәрсе, көптеген елдердің арасындағы сауда-
экономикалық қарым-қатынастар. Орта Азияны Ре-
сеймен, Сібірді Қытай және Монғолмен байланы-
стыратын үлкен жол қазақ даласы үстінен өтті. Бізге
дейін жеткен жазба деректер Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу қалаларының араб елдерімен, Иранмен, Орта
Азиямен, Кавказбен, Византиямен, Сібірмен, Шығыс
101
Түркістанмен тығыз сауда байланысы болғанын, бұл
регионның халықаралық саудасында «Ұлы Жібек
Жолы» зор рөл атқаратынын дәлелдейді.
Парсы тілінен: барж-баж – бір елден екінші елге
алып барылған товар мүліктен алынатын салық (40),
базар-сауда-саттық орын, базаркәш-ба¬заршы (92),
бәһә-баға сөздері енді (51). Осы тілден гер аффиксы;
мұрагер. «Дама»жұрнағы парсы тіліндегі «наме»-
нің фонетикалық өзгерген түрі. Бұл жұрнақтың қазақ
тіліндегі фонетикалық варианттары – деме,-тама,-теме.
Парсы тілінде «наме» сөзінің өзіндік дербес мағынасы
бар. Наме-хат, грамота, кітап, документ деген сөз.
Қазақ тілінде оның дербес мағынасы жоқ. «Дама»
және оның варианттары зат есім жұрнақтарының
ролін атқарады, әрі есімдерге жалғанып жаңа сөз
құрайды. Соның өзінде бұл аффикстік морфема өзінің
«хат» деген мағынасын сақтаған: бұрыш-бұрыштама,
мәлімдеме (4).
Нарықтық экономикаға байланысты «интернацио-
налды» терминдердің өзі де тілімізге еніп, күнделікті
өмірімізден тұрақты орын алып отыр. Олар: акция,
брокер, аукцион, вексель, валюта, стандарт, сертифи-
кат, дебитор, депозит, дэмпинг, дивиденд, инвестиция,
инфляция, капитал, дисконт, маркетинг, консорциум,
баратрия, консумент, картель, конглоремат, нотис, мо-
нополия, фиксинг, стагфляция, санация, сальдо, рента,
т.б. Ең көп қолданылатын сөздердің бірі – «бизнес».
Республикамызда бизнес орталықтары бар. Бизнес
сөзінің мағынасы -пайда беретін кез-келген қызмет
түрі. Презентация – экономикада бірінші төлемді
төлеуге міндетті адамға аударма вексельді ұсыну;
екінші таныстыру және жарнамалау мақсатымен фир-
маны, кәсіпорынды, тауарды т.б. көрсетуі. Ал, осы
«презентация» сөзінің мағынасы бүгінде түбегейлі
кеңейе түсті. Қазір мерзімді баспасөзде, радио, теле-
дидар хабарларында презентация терминінің орнына
«тұсау кесу» деген қазақ тілінің фразалық тіркесін
қолданып жүр.
Елімізде экономикалық қатынастар жаңа бағытта
өзгере бастаған алғашқы кезеңнен бастап «стандарт»
және «сертификат» деген сөздер жиі-жиі естіліп, оның
әсерін сан алуан мамандықтың иелері, өндірушілер
мен өнім өткізушілер, сатушылар мен тұтынушылар,
толып жатқан бақылаушы органдар және тағы
басқалары анық сезе бастады.
Стандарт – үлгі, эталон, модель, олар өздеріне ұқсас
басқа объектілерді салыстыру үшін негізгі дерек-
тер ретінде қабылданады; шама бірлігін белгілейтін
нормативтік технологиялық құжат, терминдер
мен олардың анықтамалары, өнімге және өндіріс
процестеріне қойылатын талаптар – адамдардың
қауіпсіздігін және материалдық құндылықтардың
сақ¬талуын, т.б. қамтамасыз ететін талаптар.
«Мағынаның даму барысында тұрақты мағына да,
жаңа мағына да, ауыспалы мағына да, контекстік
мағына да туып, кеңейіп, тарылып отыруы – тілдік
заңды құбылыс (5).
Сертификат – оның мағынасы белгілі бір фактіні
куәландыратын құжат, арнаулы заем облигацияларының
атауы, сыртқы саудада – мемлекеттік инспекциялар
мен басқа да уәкілетті ұйымдар беретін тауардың
сапасы туралы құжат. Осыдан келіп, «стандарт»,
«сертификатқа» байланыс¬ты алдарыңызға тартып
отырғандай тіркестер жасалды, олар стандарттық
мәміле, топталым, лот, тауар, ақша нарығының сер-
тификаты, сапа сертификаты, тауардың шығарылған
жерінің сертификаты, сертификат орталығы.
Жалпы, сөздердің ыңғайына қарасақ, олар жанды
организм сияқты жаңа қолданыс тауып, құбылып оты-
рады. Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа
тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында бар. Сөздік
құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге бо-
лады.
Дүниежүзіндегі түрлі-түрлі тілдерде сөйлейтін
халықтар өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болады
да, бір – біріне сөз ауысады. Шығу төркіні жағынан
алып қарағанда сөздердің тілден тілге ауысуының
тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын
екі түрі болады. Зерттеулерге қарағанда, экономикалық
терминдерде кірме мағыналы сөздер баршылық. Орыс
тіліндегі «казна» деген сөз – шығу тегі жағынан
араб тілінің сөзі. Макроэкономикада ол төмендегі
тіркестермен жиі қолданылады: қазына эмиссиясы,
қазына бонасы, қазына міндеттемесі, қазына векселі
т.б.
Басқа тілден енген сөздер уақыт озған сайын
әбден кірігіп, грамматикалық және семантикалық
жақтан игеріліп, сіңісіп кетеді. Қазақ тілінде айыптау,
пай¬далану, қаржылау, есептеу деген етістіктер, араб
тілінен енген айып, пайда есеп, қаржы деген зат есім
сөздерге тиісті аффикстер жалғану арқылы жа¬салған.
Шет тілінен енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің
мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп
ұшырамайды. Бұрын қазақ жерін монғолдардың жау-
лап алуымен байланыс¬ты, монғол тілінен де көптеген
сөздер ауысқан.
Мысалы, «менеджер» де¬ген термин «manager» де-
ген ағыл-шын сөзінен алынған. Мағынасы – кәсіби
басқарушы, іскер адам, өндірісті басқару жөніндегі ма-
ман. «Реприманд» та солай, ағылшынша «reprіmand» –
ауызша cөгіс, деген мағынаны білдіреді.
«Рейтинг» – ағылшын тіліндегі «ratіng» деген
сөз¬ден алынған. Қазіргі таңда олар өте-мөте көп
қолданылады. Ма¬ғы¬насы – ба¬ғалау, тапқа, дәрежеге
немесе кате¬го¬рияға жат¬қызу; Макроэкономикада
жиі кездесетін бұл сөз кредит рейтінгі тір¬кесімен
белгілі. Ол – қарыз алушының кре¬дит алу қабілетін,
оның міндеттемесінің сенімділігін бағалау, тәуекелдің
денгейіне байланысты әріп белгілері немесе арнаулы
есеп¬телетін индекс мағынасын білдіреді (6).
Ағылшын тілі арқылы кірген нарықты экономикаға
байланысты шетел терминдері өзгеріссіз алынады.
Төменде солардың біразын мағыналарымен берейік:
Аванс- бірінші, Материалдық игілік, атқарылған
жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдағы
төленетін төлем есебінен берілетін ақшалай сома.
Екінші, есеп айырысу тә¬сілдерінің бірі, онда кре-
дитор (несие беруші) келісім шартта көрсетілген
банкіден өзіне тиесілі төлемді келісім шарт жасасқан
жақтар белгілеген шарттармен және мерзімінде алады.
Үшінші, есеп айырысатын құжат немесе ақша құжаты,
ол жөнелтілген тауар үшін тауар-көлік құжаттарын
арнайы қалдырылған қаражат есебінен немесе
аккредитивті ұсынушыға белгілі бір ақша сомасын
102
беру жөнінде бір кредит мекемесі басқа бір мекемеге
жүктейтін тапсырма.
Агент – басқа бір адамның, прин¬ципалдың, мүлік
иесінің тапсыруы бойынша, оның есебінен және оның
атынан белгілі бір операциялар жасайтын, сондай-
ақ, келісімнің даярлануын қамтамасыз ететін, бірақ,
келісімге қол қоюға құқы жоқ заңды ұйым немесе жеке
адам.
Аккредитив – оның екі мағынасы бар. Бірінші, Есеп
айырысу тәсілдерінің бірі. Екінші, Кредитор (несие
беруші) келісім шартта керсететін төлем.
Актив – есепке алу категориясы, оған нарық
субьектісі мүлкінің құны, қарыз¬дарды төлеуге
арналған қаржы мен сақтық қорлары кіреді.
Акциз – бағаға немесе тарифке қосылып, тауарға
және көрсетілген қызметке салынатын қосалқы
салықтың бір түрі.
Кірме терминдер дыбыстық құрамы, тұлғалануы мен
дыбысталуы жағынан төл терминдерден ерекшеленіп,
оқшауланып тұрады. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне
икемделінбей қабылданғандықтан олар үндестік
заңына бағынбай жұмсалады.
Қазақ тілінің экономикалық терминдері де өз ба-
стауын халықтың өмір сүру, күн көрісіне байланысты
байырғы, қарапайым сөздерден алған: айырбас, төлем,
өнім, қүн, қор, несие, мұра, қарыз т.б. Орта ғасырларда
қазақ халқының басқа елдермен халықаралық бай-
ланысы «Жібек жолы» арқылы күшейген. Бұл
дәуірлерде қазақтың экономикалық өз терминдері де
біраз дамыған, сонымен қатар араб, парсы, монғол,
қытай тілдерінен де бірқатар экономикалық терминдер
енген. Бұл терминдер қазақтың өз терминіне айналып,
сіңісіп кеткендігі сондай, этимологиясын ақтарып
зерттемесе, қайсысы қандай тілден кірді деп айту да
мүмкін емес.
Экономика – өмірдің күре тамыры бола тұрып, ол өз
дәуірінде болып жат¬қан өзгерістерден бейтарап қала
алмайды. Әсіресе, қазақ халқының егемен¬дігінің нық
болуы, нарықтық экономиканың серпінді дамуы – то-
лып жатқан шетелдік терминдерді де, олардың заттық
мазмұнын да қоса әкелді. Бұндай жағдайда кірме тер-
миндер өмірге тез сіңіп, дамыған елдермен байланыс
жасауға қолайлы жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |