1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет85/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

Ключевые слова:
Великий человек, казахское ханство, Нурсултан Назарбаев, энциклопедический парк.
Abstract:
The article is devoted to the analysis of the article of the presidential program “Spiritual Ascent” entitled 
“Seven Wonders of the Great Steppe”. Knowledge of our history, its assessment and bringing to our future generations 
is our main goal.
Key Words:
Great man, kazakh khanate, Nursultan Nazarbayev, encyclopaedic park
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаевтың 
«Рухани 
жаңғыру» 
бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» 
атты мақаласында ашық аспан астында «Ұлы даланың 
ұлы есімдері» атты энциклопедиялық саябақ ашуды 
ұсынған болатын. Төл тарихымызды білу, оны бағалап 
қадірлеу келешек ұрпағымызға еш өзгеріссіз жеткізу 
біздің алға қойған ең үлкен мақсатымыз. Елбасымыз 
Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Таңдамалы сөздер» 
атты кітабында былай делінген еді «Тарих дегеніміз 
тек өткеннің сабағы ғана емес. Ол – едәуір дәрежеде 
болашақтың да көрінісі» деп айтып кеткен. Тарихы-
мызды білумен қатар тарихта қалған тұлғалардың ерен 
еңбектерін болашақ жастардың бойына сіңіруміз керек 
.Тарих беттерін парақтасақ қарапайым халық ішінен 
шыққан көптеген ұлы адамдарды көруге болады. Қазақ 
елінің тарихы тереңде сонау VІІ ғасырдан ХХІ ғасырға 
дейінгі қазақ тарихынан көптеген ұлы тұлғаларымызды 
айтсақ болады. Ұлы тұлғалардың көшін ,көне түркі 
мемлекетінің билеушісі Білге қағаннан бастағанымыз 
дұрыс болар. Білге қаған алты жасында жетім 
қалады. Байсалдығымен, ақылдылығымен және зор 
әскери дарынымен ерте ел көзіне түсіп, түрік-қытай 


105
билеушілерінің ықыласына бөленген.31 жасында 
қаған тағына отырып, 19 жыл ел билейді. Бітік тасқа 
қашалған ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы 
даналық дарындары сезіледі. Білге қағанның халықты 
бірлікке ,ерлікке шақыруы арқылы сол заманнан қазіргі 
таңдағы жастарға дейін қағанның ерлік істерінен үлгі 
алады. Қазақ елі тек жауынгерлік өнерге ғана емес 
оқу білім саласына көңіл бөлген ұлы тұлғаларымен 
ерекшеленеді, мысалға Махмұд Қашқари – ұлы 
ойшыл, энциклопедист-ғалым .Қарахан әулетінен 
шыққан. Қашқарда ,Бағдатта білім алған .Түркі 
тілімен қатар араб және парсы тілдерінде де еңбектер 
жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» бізге белгілі Махмұд 
Қашқаридің ең ұлы шығармасы.Ұлы тұлғаларды жіпке 
тізер болсақ өте көп екеніне көбіне аян сол себептен 
қысқада нұсқа Қазақ хандығының негізін қалаушы 
ұлы екі тұлғаның бірі-Керей хан.Алғашқы қазақ ханы 
. Ақ Орданың ханы Ұрыстың ұрпағы. Жәнібек ханмен 
бірге ХV ғасырдың 50- жылдарының аяғында Қазақ 
хандығының құрылуына қатысты оқиғаларда алғаш 
рет аты атала бастайды. Жәнібек хан-қазақ тарихында 
туысқан ағасы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының 
негізін қалаған. Тұңғыш президентіміз айтпақшы 
«Дешті Қыпшақты билеп тұрған Шайбани тұқымымен 
ат құйрығын кесіп , қол астындағы ұлыстардың 
Шу бойын алып келіп, Қазақ деген ел еткен Ке-
рек мен Жәнібектің орны бөлек». Осылайша қазақ 
хандығының құрылуына үлкен үлес қосқан. Қазақ 
халқының маңдайына біткен дара тұлғалар Керей мен 
Жәнібек хандарымыздың есімі қазақ тарихында алтын 
әріппен мәңгілікке қалады. Ұлы тұлғаларымыздың 
қатарына кіретін Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл 
кісі қазақ халқының маңдайына біткен биік тұлғамыз. 
Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауда-
нына қарасты Шамалған ауылы. Днепродзержинск 
техникалық училищесін (1960), Қарағанды метал-
лургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу 
орынын (1967), Кеңес Одағы коммунистік партиясы 
Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін 
(1976) бітірген. Экономика ғылымныңдокторы, акаде-
мик. Еңбекжолын 1960 жылы Теміртауқаласындағы 
Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы 
жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газ 
даушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан-
бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. 
Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 
1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара 
бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республика-
сы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), 
әрі Кеңес Одағы Коммунистікпартиясы Орталық 
Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), 
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы 
Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуірайлары) 
болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 
24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік 
Социалистік 
Республикасының ең алғашқы Президенті етіп 
сайлады. Қарапайым қазақ отбасында туып өсіп, 
тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық 
еткендіктен халық тұңғыш президенттерін сыйлайды, 
кұрметтейді, қадірлейді. Шерхан Мұртаза атамыз ай-
тып кеткендей «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-
баев адамзатты топан судан аман алып шыққан Нұх 
пайғамбарға ұқсап, Қазақстанды сонау 90-жылдары 
Тәуелсіздік жолында басталған күресте аман алып 
шығып, ел қылды» деп өз сөзі арқылы көркем жеткізген 
еді. Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы,
ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адам-
зат баласына, күллі әлемге танымал болған осындай 
Елбасымыздың барына қуанамыз да,матқанамызда. 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың 
ұлы есімдері» атты энциклопедиялық саябақ ашу-
ды ұсынған еді. Ашық аспан аясында қазақ елінің 
ұлы тұлғаларының мүсіндерін энциклопедиялық 
саябақ та қоюуы ,Болашақ жастардың сол кісілердің 
мүсіндерін көруі арқылы, сана сезімдернің да-
муына, ұлы тұлғалардың ерлік істерін өз бойына 
сіңіруге, өте үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бул 
іс шараның қолға алынуы Қазақстанға шет мемле-
кеттерден туристерді тартуға, туристердің де қазақ 
елінің дара тұлғаларын танып білуге үлкен ықпалын 
тигізетіні сөзсіз. Энциклопедиялық саябақтың болуы 
бір шетінен қалада архитектуралық нысанның бой 
көтеруі, қаланың сәнін келтіреді.Мен үшін бұндай 
іс шаралардың Қазақстанда көптеп қолға алынып 
жатқандығы қуантады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет