Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет113/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

е, к, г. 
Олар үнемі 
жіңішке естіледі. Тіліміздің бұл заңдылығы 1912 жылдан бастап 30 жылға 
дейін, яғни 18 жыл бойы қолданылып келген араб графикалы емлемізде 
ескеріліп келген еді. Бірақ латын әліппесін қабылдағанда Бүкілодақтық 
жаңа әліп кіндік комитетінің ғылыми кеңесі біздің ырқымыздан тыс бұл 
емлені қабылдамай тастады. Қазақ сөздерінің не бірөңкей жуан, не бірөңкей 
жіңішке болып келетіндігі ешкімнің ойлап тапқан нәрсесі емес, тіліміздің 
табиғи заңы болатын. ...Енді біз осы заңдылықты негізге алып жазу 
емлемізге жіңішкерткіштік белгі енгізсек, онда әліппеміздегі әріптердің 
санын қазіргідей 29 емес, 24 таңба етіп қысқартуға болар еді. Бірақ бұндай 
жазу жүйесіне қазірде екі түрлі себеппен қарсы болуы мүмкін: 1)бұл жүйені 
қазақ жазуы бұрын басынан кешіргендіктен, ескі ережеге қайта айналып 
соғу деп санаса; 2) жазуда дәйекші таңбасын қолданудың тұңғыш авторы – 
қазақ еңбекшілерінің «тап жауы» А.Байтұрсынов болған деген желеуге 
сүйену. Бірақ болуы мүмкін осы екі түрлі наразылықтың екеуі де ескі 
қисынға қайта келу ретінде негізсіз деп білемін
», – дейді ғалым. 
Келтірілген сілтемеден аңғаратынымыздай, араб әліпбиіне негізделген 
қазақ жазуындағы дәйекшінің артықшылығын Қ.Жұбанов өте жоғары 
бағалаған. Ғалым араб қарпінің табиғатына тән кейбір ерекшелігі болмаса, 
бұл жазудың еш кемшілігі байқалмағанын, сондықтан одан бас тартып, 
латынға көшу мәселесі жоғары жақтың қысымы екендігін ескертеді. 
А.Байтұрсынұлының өзі де, егер араб қарпінен латын жазуының артық 
екендігіне анық көз жететін болса, онда латын графикасына деген қарсы ой 
болмайтындығын білдірген еді. Қ.Жұбанов жазу мәселесіндегі теориялық 
зерттеулерінде орфография мен орфоэпия мәселесінің ара жігін ашып, жазу 
емлесін жасау барысында, әсіресе, түбір мен қосымша арасындағы 
дыбыстардың айтылуы мен жазылуына сингармонизм заңдылығы 
тұрғысынан жете көңіл бөлген.Осы орайда «Репрессированная тюркология» 
атты еңбектегі: «...Жубанов стремился сохранить в казахской латинице 
принципы, применявшиеся Байтурсуновым в реформированном арабском 
письме», – деген мәлімет жоғарыдағы айтылғандардың негізділігін айқындай 
түседі (14, 202-207). 
Осы жерде ғалымның А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасын 
насихаттауға қолдау көрсеткендігі туралы жайында Есет Жұбановтың 
мақаласындағы мына деректерді көрсете кетуді жөн санадық: «Тергеушінің: 


172 
–Ұлтшылдық мақсатымен істеген қылмысты істеріңді ата! – деген әмірінен 
де Жұбанов қаймықпайды. 1937 жылғы 19 желтоқсандағы тергеуде де ол 
ұлттың қамын жеген ойларын жалғастырады: «
В апреле 1936 г. мне стало 
известно, что студент 3-курса литфака пединститута ... пропагандировал 
в 
общежитии 
байтурсыновскую 
грамматику 
и 
идеализировал 
Байтурсынова. Когда студенты начали его прорабатывать на собраниях, я 
взял его под свою защиту, мотивируя тем, что он отличник учебы и что ему 
должны прощаться его «случайные грехи»
. ... Тағы бір студент туралы айта 
келіп, былай дейді: «...
я ему дал пробное задание сделать доклад на зачетной 
конференции студентов о грамматике Байтурсынова. Этим я хотел заодно 
и популяризировать Байтурсынова среди студентов
» (79, 80-86). Бұл 
келтірілген дерек ғалымның А.Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміндегі 
ерекше орнын құрмет тұтуымен қатар оның азаматтық қасиетінің 
жоғарылығын да айғақтай түседі.
Қ.Жұбанов басқа тілден енген сөздерді дұрыс жазу үшін олардың 
дыбысталу қалпын бұзбау қажеттігін, яғни әліпбиге сол тілдің дыбысын дәл 
жеткізе алатын таңба болуы қажет екендігін айтып, халықаралық мәні бар 
сөздерді дұрыс таңбалау мақсатында қазақ әліпбиіне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет