43
Тергеу хаттамаларының алғашқысы 1937 жылдың ақпанында, ал
соңғысы 17 қарашада толтырылғандығын ескерсек, Қ.Жұбановты ұзақ уақыт
бойы назарда ұстаған сияқты.
19 мәшіңкелік беттен тұратын 1-куәгердің тергеу хаттамасы 8
қыркүйекте толтырылған. Тергеуді II рангілі мемлекеттік қауіпсіздік
комиссары Залин, бөлім бастығының көмекшісі, аға лейтенант Розенфелд, 4-
бөлімнің оперативтік уәкілі Оспанов жүргізген. Тергеу хаттамасының 14
мәшіңкелік бетінің соңғы жағында ғана: «Сонымен қатар ҚазПИ-дегі ұйымға
мүше тарту жөніндегі тапсырма Халық ағарту комиссариаты кадрлар
бөлімінің бастығы Бекжанов пен ҚазПИ-дің профессоры Қ.Жұбановқа
берілді. ҚазПИ-дегі контрреволюциялық қызмет туралы маған 1934 жылы
профессор Қ.Жұбанов баяндады, өзінің
Бекжановпен бірге ҚазПИ-де
контрреволюциялық топ ұйымдастырғандығын айтты. Кейін мұны (соңынан
ҚазПИ-дің директоры болып тағайындалған) Бекжанов та растады» деген
жолдар бар.
Осы куәгерге 29 қарашада жүргізілген 17 мәшіңкелік беттен тұратын
қосымша тергеу хаттамасында 1935 жылы Алматыда мұғалімдердің съезі
өткендігі айтылады. «Мұғалімдердің осы съезінде менің тапсырмам бойынша
ұйымға жаңа адамдарды профессор Қ.Жұбанов та тартты, ол сол кезде
ұйымға
бірнеше адамды тартты, олардың аты-жөні қазір есімде жоқ», –
делінген.
Құдайберген Жұбановтың ісіндегі маңыздыларының бірі – 2-куәгердің
3 беттен тұратын тергеу хаттамасы. Мұнда ҚазМУ-ді өртеу туралы сөз
болады. 2-куәгер Бекжановтың (ҚазПИ-дің директоры) қазақ тіліндегі
оқулықтарды дайындау мәселесін сөз еткен болып, ұйымның жасырын
мәжілісін өткізгендігін айта келіп, 1936
жылдың қазанының екінші
жартысында өткен бұл мәжіліске қатысқан адамдарды санамалайды:
Бекжанов, Қ.Жұбанов, Т.Шонанов, Ш.Әлжанов, Есқалиев, Әбубәкіров,
Берімжанов, О.Б.Сарыбатыров. Одан әрі былай жазылған: «Өртті жүзеге
асыру жоспары ҚазМУ-дің химия лабораториясына оңай кіруге мүмкіндігі
бар ҚазМУ мен Қаз-ПИ-дің химия факультеттері студенттерінің бір тобына
жүктелді, олар әдейі өртемегендігін дәлелдейтіндей етіп жүзеге асырмақшы
болады. Орындаушыларды Есқалиев бөлуге тиіс еді. Өртті бақылауды
ҚазМУ-ге жақын жердегі 8 пәтерлік үйде тұратын Қ.Жұбанов, Ш.Әлжанов,
С.Есқалиев және Т.Шонанов өз мойындарына алу керек болатын». Қалған
куәгерлердің сөздері де осыған ұқсас. Қ.Жұбановтың
есімі көбінесе ұзақ
тізімнің арасында ұшырасады.
«Репрессированная тюркология» кітабында Қ.Жұбанов ісіндегі
ғалымға тағылған екі «нақты әрекетке» былайша тоқталады: «Во-первых,
Жубанов наряду с Шонановым обвинялся в «подготовке террористического
акта над Секретарем ЦК КП(б)К тов. Мирзояном» (л. 203). Речь шла о том,
что будто бы в апреле 1937 г. «центр нашей антисоветской
националистической организации, персонально Кулумбетов, Жургенев и
Кабулов, дали задание шонановской террористической
группе во время
44
первомайской демонстрации совершить террористический акт над
Мирзояном выстрелом из нагана при подходе колонны КазПИ к трибуне, где
должен находиться в то время Мирзоян» (л. 22).Жубанов якобы участвовал
«в подготовке колонны КазПИ, которую необходимо было оформить таким
образом, чтобы она не вызвала никакого подозрения и не говорила бы ничем
о том, что эта колонна является колонной КазПИ» (л. 22)(14, 202-207). Ал
екіншісі – жоғарыда аталған Қазақ мемлекеттік университеті ғимаратын
өртеуді ұйымдастырушылардың бірі болды деген айып.
«Тергеу хаттамасында» профессор Қ.Қ.Жұбановтың
мына сөздерінің
астарында терең ой жатқандығын аңғарамыз: «
Достарыңызбен бөлісу: