221
Осыған қатысты тілдің ішкі формасына (мазмұнына) ерекше назар
аударған, осы лингвистикалық бағыттың негізін салушы ғалымдардың бірі В.
фон Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы, пайым
дүниесі бар (103). Соған сүйенген философиялық ой-пайым бар. Соның
ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші – тіл.
Яғни таным әлемі мен тіл әлемін сабақтас қарағанда ғана ұлттың да,
тілдің де өзіндік табиғаты айқындалмақ. Қазіргі қазақ тіл білімінде біршама
зерттеліп, теориялық-әдістемелік негіздемелері анықталып қалған осындай
үрдістегі зерттеулердің алғышарттары мен нышандарын Қ.Жұбанов
қарапайым түрде былай деп түсіндіреді:
«
Адам баласының табиғатында әуелі басқаны біліп алып, өзін кейіннен
білу қасиеті бар. Мысалы: адам фотографияны танып білгеннен кейін ғана
өзінің басқа заттарға ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата атайтыны –
өз басын кіші дүние деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы
таным тілге де әсер еткен. Мысалы, орысша
Достарыңызбен бөлісу: