Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


небо – аспан, небо – таңдай



Pdf көрінісі
бет162/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

небо – аспан, небо – таңдай

қазақ тіліндегі 
таң=адам
 әлемінің аты, яғни жоғары жаққа тән қасиеттің 
иесі; 
таңдай=адам
денесінің жоғары жағы... Адамның жекелеген 
бөлшектердің белгілерін 
түйсіну 
арқылы 
атрибутивті 
портрет 
қалыптастыра отырып, ғаламды таниды
». «...
Таңырқады

таңғалды; 
таңыр=таң+ыр=тәңір; Таң=аспан бөлегі; ір – аспан
. Бұрын адам өзін 
кішкене дүние деп есептеген. Бет-ауызды аспанға ұқсатқан бет – 
таң 
атып келе жатыр
. «Таң қалу» деген тіркесі кейде қысқартып 
таңырқау
 
дейміз. 
Ұятсыз
деуді 
бетсіз 
деуіміз де осы конкреттік бар. Бұл 
қолданыстың да ым тілінен шыққандығы байқалады (бетін сызу – ым 
тілінен қалған қалдық; заттық көрсеткіші (материальное выражение)
» (8. 
94-120).
Ғалым қазақ тілінде сақталған көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің 
тілдік табиғатын түсінудің уәждік (мотивациялық) және танымдық төркінін 
ежелгі заман түсінігінен, көп жағдайда мифтік таным т.б. түп-негіздерден 
іздейді. Осымен байланысты профессор Қ.Жұбановтың мифтік таным 
деңгейіне сай қалыптасқан сөздер мен сөз тіркестері, тотемдік, сакральдық, 
киелі атаулар туралы ғылыми топшылауларының кешендік сипаты
Н.Я.Марр ілімімен сабақтастығы ғалым танымының көкжиегін, бүгінгі 
күнмен жалғасқан өміршеңдігін дәлелдейді. Оның нақты көрінісін проф. 
Қ.Жұбановтың мынадай мысалдарға қатысты тарихи этимологиялық 
талдауларынан да көреміз. Қазақ тілінде 
сүлдерім құрыды, құр сүлдері қалды 
деген тіркестер бар. Осындағы 
сүлде//сүлдер 
компонентінің жеке алғандағы 
мағынасы түсініксіз. Ал моңғол тілінде «сүлдэ» сөзі «ерекше бір рух», 
«тәңірден келген күш-қуат», «қорғаушы», «құт» деген мағынаны білдіреді. 
Моңғолдардың түсінігінде 
сүлдэ-тенгри 
сөзі «патшаның өзінің қол 
астындағы елін, халқын қорғап тұратын ерекше бір күш-қуаты» дегенді 
білдірген (8). 
Проф. Қ.Жұбанов тіл мен таным проблемаларын зерделеу барысында 
сонау грек философтарынан бастап, өз заманына дейінгі аралықтағы 


222 
ойшылдардың лингвогносеологиялық ой-пікірлерін қысқаша шолып өтеді. 
Олардың ішінде Аристотельдің, Ж.Руссо мен А.Мейердің пікірлеріне ерекше 
тоқталады. Сондықтан Қ.Жұбановтың тіл жөніндегі зерттеулері – 
лингвогносеологиялық
ақпараттарға толы деп айтуға негіздемелер баршылық. 
Оның «Дүниеге көзқарас арқылы заттарға ат қою», «Микрокосмостық 
кезең», «Функционалдық семантика», «Сөз өзгешелігі мен сөз қызметі» т.б. 
ғылыми-танымдық мақалалары мен лекцияларында, түрлі конференциялар 
мен басқосуларда жасаған баяндамаларында: а) қоршаған орта мен жеке 
адамның тілдік танымы арасындағы байланыс; ә) ақпаратты қабылдау 
қабілеті және оны еске сақтап, басқаға жеткізу; б) танылған заттар 
(құбылыстар) мен сөздік қордың сәйкес болуы; в) жекелеген сөздердің өзіне 
артатын ақпараттық-танымдық жүгі; г) сөздердің тіркесім тәртібіндегі 
заңдылық; д) құндылық бағдары; е) таным теориясы т.б. когнитивтік 
лингвистиканың түбегейлі, базалық ұғымдарымен сәйкес келетін, бүгінгі 
күннің зерттеушісіне үлкен ой салатын өзекті мәселелер сөз болады. Осы 
орайда Қ.Жұбанов: «
адам өзiнiң тipшiлiк таpтысында ұшырасып, пайдасын 
я зиянын көpген нәpселеpдi ғана елеген, солаpды ғана бiлген
» дейді. Зат 
танылғаннан кейін оған бір ат таңылады. Ат қою кезінде өмір шындығы мен 
ақиқат болмыстың абстракциялану жолымен тілдік формаға айналып, 
халықтың тұрмыс-тіршілігінен, еңбек тәжірибесінен, наным-сенімінен хабар 
беретін белгілі бір сөз атаулары түрінде санаға бекиді. Бірақ осы тұста 
Қ.Жұбановтың танымына сәйкес ескеретін бір жайт мынадай: «
Сөз деген – 
зат бiткеннiң бәpiнiң аты емес, әp елдiң өзiнiң бiлген затының, бiлген 
құбылысының ғана аты. Ел-елдiң білгені де, білмегені де толып жатыp. 
Мәселен, шөптеp мен жәндiктеpдiң көбiсінiң аты тiлiмiзде жоқ. Өйткенi, 
олаp бізге көп аса кездеспеген, кездестірсек те елемегенбiз... Айталық, 
шөптеpдiң iшiнде мал жейтiндеpiн, отын болатынын, бояу болатынын, ем 
болатынын, не у болатындаpын бiледі де, солаpға ғана ат қояды. Танымаған 
заттың атын бiлмегенiмiз сияқты, бiлмеген нәpсенiң аты да тiлiмiзде 
болмайды
», – деп ғалым сөздің номинативтік, когнитивтік және 
коммуникативтік қасиеттеріне 
құндылық бағдары
тұрғысынан нақты 
лингвогносеологиялық анықтама береді. Мұның себебі дүниенің болмыс 
бейнесі адам санасында толығымен орнықпай, тек оның әрбір адамға 
маңызды саналатын құрамдас бөліктері ғана көрініс табатындығында. 
Аксиологиялық модельдеу туралы проф. Б.Момынованың пікірінше: «Әрбір 
ұлттың ой-санасында бағалауыштық модель қалыптасқан. Басқаша айтқанда, 
әр халықтың түсінігінде, кез келген ұлттың 
тілдік санасында
адам үшін не 
құнды, жақсы немесе жаман қасиеттердің ажыратылуы, адамгершілік 
мақсаттар нендей т.б. күрделі бағалауыштық қатынастағы ұғымдардың 
жинақтық мәні ұлттық образды құрайды» (96). 
Қазіргі қазақ тіл білімінде де, ұлттық қазақ философиясында да біршама 
анықталып, теориялық-әдістемелік негіздемелері айқындалып қалған 
осындай бағыттағы зерттеулердің алғышарттары мен нышандарын 
Қ.Жұбанов еңбектерінен табамыз. 


223 
Нақты айтқанда, Қ.Жұбановтың тілдің дыбыстық, морфологиялық, 
лексикалық, синтаксистік деңгейлерін қарастырғандағы негізгі ұстанымы 
мағына 
мен
мән

тіл 
мен
ойлау 
байланысына негізделеді. Фердинанд де 
Соссюр негізін салған синхрондық тіл білімі тілдің бір дәуірдегі статикалық 
қалпын ғана қарайды деп сынайды (8, 86). Ғалымның пікірінше, тілді даму 
үстінде, уақыт пен кеңістік контексінде қарастыру диахрондық тіл біліміне 
тән. 
Осыған байланысты ғалымның, мысалы, сөз мағынасының өзгеруін 
(
күн+елту (ерту))=күнді ертіп жүру
– қазіргі тілде «тіршілік қылу»), 
синтаксис тарихына, оның ішінде сөздердің тіркесуінің өзгеру тарихына мән 
беруін (
қош+қар, күн+сұлу
– қазіргі тіл заңдылығына сай анықтауыш 
компонент алда тұруға тиіс) одағайларды мағыналық топтарға таптастыруын, 
түбір, сөйлемді, сөйлем мүшелерін таптастыруда формасына да, мағынасына 
да назар аударуын, жұрнақ, жалғауларды бұрынғы түбір сөздердің қалдығы, 
яғни тарихи категория ретінде қарауын (8, 113-236) т.б. атап көрсетуге 
болады.
Қ.Жұбанов диахрония мен синхрония тәсілін жеке-жеке бөліп қарамай, 
екеуінің бірлестігінің негізінде жүргізілген зерттеу ғана тілге деген 
диалектикалық көзқарасты туғызады деп тұжырымдайды. 
Осы жерде назар аударатын жайт – тілдің қандай күрделі мәселелеріне 
қатысты ойларын ғалым сол тілде сөйлеушінінің ой-санасымен соған 
сабақтас тарихымен, тұрмысымен, ой-пайымымен байланыстырады. 
Мысалы, «Тіл деген не?» деп аталатын тіл генезисі туралы тұжырымдарын 
таратып айтатын тақырыпшаларды қараңыз: 
кішкене космос дәуірі; кішкене 
дүние дәуірі: Тотемизм
(идеология); 
Дүниеге көзқарас арқылы әр нәрсеге ат 
қойылады; функционалды семантика
т.б. Демек, проф. Қ.Жұбанов ұлт 
болмысы мен мәдениетінің табиғатын, дүниетанымын тіл әлеміне сабақтас 
қарайды. 
Ұлттық философияның пәні – ұлттық дүниетаным. Ал, ол қазақ 
халқында өзіндік мәдениетіне сай тіл, дін, фольклор, жыраулар т.б. 
шығармашылығы арқылы беріледі де, рухани мұрасының өмір сүру тәсілі, 
наным-сенімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, тілдік тұлға, тілдік сана қалыптасады. 
Себебі этнодүниетанымның ежелгі элементтерінің тілдік санамыз арқылы 
реликтілік 
құрылым 
ретінде 
сақталғанын, 
яғни 
уақыттың 
этнолингвистикалық нысандардың тарихи тұрғыдан кеңістік бағдарға ие 
екені анықталып отыр. Яғни таным әлемі мен тіл әлемін сабақтас қарағанда 
ғана ұлттың да, тілдің өзіндік табиғаты айқындалмақ.
Сайып келгенде, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағида – тілдік 
философиядан 
тарайтын 
қазіргі 
қазақ 
философиясының, 
лингвомәдениеттанудың, 
психолингвистиканың 
т.б. 
жаңа 
ғылыми 
салалардың арқауы. Осы тұрғыдан қазақ тіл білімінің негізін салушылардың 
бірі, алғашқы лингвист-профессор Қ.Жұбановтың ғылыми-танымдық, тілді 
зерттеудегі философиялық ой-тұжырымдары жоғарыда аталған жаңа 
бағыттар мен зерттеулерге бастау болған қайнар көздер деп қарауға болады. 


224 
Табиғатпен 
біртұтас 
көпшенділердің 
рухани 
мәдениетінің 
психологиясының негізінде халықтың космогониялық, мифтік түсініктері 
жататыны да Қ.Жұбанов зерттеулерінде атап көрсетілген. Соған сай жансыз 
заттардың «жандануы» тілдік деректер арқылы сақталған. Мысалы: 
ақылы 
енді, есі кірді, ақыл-есін алды, аруағы риза, аруақ қолдасын, аруақ қысты, 
аруақ қонды, жыны келді, арқасы қозды, дегбірі қашты, делебесі қозды, 
бағы ашылды // жанды, қайтты, құт қонды, берекесі кетті 
т.б. 
Олай болса, осы тектес тұжырымдарға сүйеніп, тілімізден көптеп табуға 
болатын мифтік түсінік, наным-сенім негізінде қалыптасқан жеке сөздер мен 
сөз тіркестерінің лексикографиялық дефинициясын, этнолингвистикалық 
интерпретациясын беруге болады. Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет