227
Мақаланың жазылу тарихы туралы жазушы-драматург Шахмет
Құсайынов кезінде мынадай естелік айтқан: «Мен ол кезде «Әдебиет
майданы» журналының жауапты хатшысы болатынмын. 1934 жылы
Құдайберген ағаға Абайдың қайтыс болуының 30 жылдығына орай мақала
жазуға тапсырыс бердік. Әне-міне дегенше уақыт өте берді, ал мақала болса
әлі жоқ. Күте-күте, тіпті журналдың соңғы екі санын біріктіруге тура келді.
Содан соң редактор маған: «Бар да, мақаланы біткенінше алып кел», – деді.
Мен келгенде Құдекең 30 беттен аса парақты жазып тастапты. Бірақ, әзір
бітіретін түрі көрінбейді, әлі сілтеп отыр. Мен жағдайдың тығыздығынайтып,
қолжазбаның біткен жерін сұрап алдым да, соңына «аяғы бар», – деп белгі
соғып, ағамыздың «анау-мынау», – деп айтуына келтірмей, зытып отырдым.
Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген атақты мақала осылай жарық
көрді».
Бұл еңбек Абай жайындағы бұрынғы-соңғы пайымдауларды түбегейлі
қорыта келіп, оның қоғамдағы орны мен әдеби тілімізді жасаудағы атқарған
рөлін дәл көрсетіп бергендігімен, тақырыбы етіп ұсынған «Абай – классик»
деген тезисін жан-жақты дәлелдегенімен құнды.
Абайтануға сүбелі үлес қосқан Мекемтас Мырзахметовке сүйенсек: «...
ақын мұрасы жөнінде қалам тербеп, пікір білдірген қаламгерлердің жалпы
саны мыңнан асып, Абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектер
саны төрт мыңға жетеді» (104).
Қойшығара Салғараұлы ақын мұрасын зерттеушілерді үш топқа бөледі.
«Біріншісі – Абайды өз жұртына дұрыс түсіндіріп, таныстыруға бағытталған
насихаттық мақсаттағы мақалалар. Екіншісі – Кеңес өкіметінің алғашқы
жылдарындағы, сол кезең рухына сай, Абайдың қай таптың ақыны екені
жөніндегі айтыстан туған дүниелер. Үшіншісі – Абайды танып білуге
бағытталған зерттеушілер, ғылыми негіздегі талдауға құрылған мақалалар».
Зерттеушінің бұл пікірімен әбден келісуге болады. Біздің айтпағымыз –
Құдайберген Жұбановтың аталмыш туындысы үш топқа да қойылатын
талаптың үдесінен шығады. Абайтануда үзілді-кесілді «классик» деген атау
берген, әрі насихаттық сипаты басым, әрі «байшыл» деген айдардан
арашалап алуғасөздің небір сүлейін жұмсаған, сондай-ақ ғылыми жағынан
мұхиттай терең жазылған бұл еңбекті Абайтанудың қарлығашы деп
бағалаған лайық.
Сондықтан да болар, сыншы Сағат Әшімбаев «Шындыққа
сүйіспеншілік» кітабында: «... Абай тағылымына тағзым етуді өзінің
азаматтық борышына санауға тиіс санаткерлердің қай-қайсысы да бұл
мақаланы айналып өтуі мүмкін емес дер едік», – деп ерекше
сүйіспеншілікпен жазады.
Аталмыш еңбегін Құдайберген Қуанұлы былай бастайды: «
Қазақ
әдебиетінің тарихындағы Абайдың ұстайтын орнын босағаға қарай
ысырмалаушылар, оған да місе тұтпай, табалдырықтан шығарып
тастаушылар, менің байқауымша, даусыз бір моментті ескермей жүр; ол
Достарыңызбен бөлісу: