239
кеткен. Мен іссапарға шығатын болып, ағайдың үйіне соқтым. Өзі үйде жоқ
екен. Столының үстінде әлгі аяқталмаған қолжазбалар бұрқырап жатыр.
Үңіліңкіреп қарасам, күй жанры туралы жазылған 20-30 бет шамасындағы
қолжазба өз алдына бір дербес дүниедей көрінді. Баяғы менің «шатпағым»
емес, мүлдем жаңаша зерттеу. Мен сол жерде ағаға айтпастан, қолжазбаны
алдым да, «ендігі міндет музыка мамандарынікі» деген тәрізді бір сөйлеммен
очеркті «аяқтай» салып, алып кеттім. Ағаның кітапшасын, өзімнің
«Құрманғазымды», екеуін Қызылордаға алып барып, баспаға бердім. Үнемі
жұмысбасты болып жүретін аға бұны тіпті сезген де жоқ. Кітапшалар
басылып шыққанда әкеліп керсетсем: «Туу, мынау өзі әжептәуір кітапша ғой,
бұны сен қашан шығарып жүрсің?», – деп өзіме қарайды. Сондағы
жайрандаған қалпы бүгінге дейін есте».
Аталмыш мақаланы жазуға Қ.Жұбановтың музыка өнеріне құмарлығы
да себеп болса керек. Олай дейтініміз – В.Решетняк Құдайберген
Қуанұлының музыка саласына да бейім, өте жақсы көретіндігін атап
көрсетеді. Түрлі аспаптарда, атап айтса, скрипкада, ішекті аспаптарда ойнай
білетін В.Решетняктардың отбасына ол жиі қонақ болып, пікірлесіп қайтады
екен. Осындай дарынды, өнерлі отбасына өзінің інісі Ахметті ертіп баратын
болған. Өнерді жоғары бағалай білген мұндай жас дарындарға көңіл күйі
болған сәттерде Құдайбергенге фисгарморияны, ал Ахметке Затаевичтің
«Қырғыз халқының 1 000 әні» жинағын сыйға тартқан.
Профессор Қ.Жұбанов өнер, атап айтқанда музыка саласындағы бұл
еңбегінде күйдiң пайда болуы тарихын зерттеу үшiн мынадай материалдарды
пайдалану керектігін айтады:
«
Бiрiншi: бiздiң музыкамыз жайында түрлi мәдениеттi елдердiң
жазып қалдырған тарихи деректерi; екiншi: халықтың музыкаға
байланысты тарихи идеологиясы; үшiншi: сол идеологияның таратушысы
болған тiл материалдары. Тiл материалдары дейтiнiмiз – түрлiше музыка
терминдерi, бұлар мен басқа сөздердiң мағынасының арасындағы
байланыстар; төртiншi: ең маңыздысы – музыканың өз материалдары,
халық музыкасы шығармаларының, күйлердiң өзiнiң iшкi құрылысын
тексеру; бесiншi: осы жоғарыда айтылған материалдарды топтағаннан
кейiн, қазақтың халық музыкасы шығармаларын басқа жұрттың
шығармаларымен салыстырып, солармен арасындағы байланысын, бiр-
Достарыңызбен бөлісу: