Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет174/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

бiрiне жасаған ықпалын, бiрi мен бiрiнiң араласып айқасқанын тексеру
»
.
Ғалым бұл еңбегінде тіл мен тарих деректеріне сүйене отырып, қазақ 
өнеріндегі синкретті жанрлардың даму заңдылықтарын, олардың ән, би, өлең 
және күй болып жіктелуін, көптеген музыка терминдерінің шығу, қалыптасу 
жайын мейлінше терең байыптылықпен, әрі қызғылықты етіп баяндаған. 
«Қазақ музыка тану ғылымы қашан және қалай басталған?» – деген сұраққа 
біз ойланбастан профессор Құдайберген Жұбановтың осы зерттеуін ғылыми 
һәм тарихидерек етіп ұсынған болар едік. Ұсақ попурилерден құралып, 
желілене дами келе, симфония іспетті күрделі музыкалық форманың 
қалыптасатыны сияқты қазақтың «инструментал» (аспапты) музыкасының 


240 
«вокал» музыкадан іргесін аулақтап, өз алдына дербес күй жанры ретінде 
дүниеге келуі талай замандардан бастап кешірген қоғамдық құбылыс екенін 
ғүлама автор асқан көрегендікпен топшылап берді. 
«Ой мен таным негіздері қатар жүретін өлшемдер болғандықтан, 
ғалымның интра- және экстралингвистикалық факторлары шығыс елдерінің 
танымдық пәлсапасын саралаған тілдік деректермен ұштаса талданады. 
Автордың бұл мақаласы эстетикалық таным мен халықтық дәстүр 
ұғымдарын сабақтастыруға негізделе отырып, әр халықтың мәдениеті, өнері 
сол этностың танымымен, тілімен, тарихымен тұтастықта дамитынын 
дәлелдеуге бағытталды», – деп баға береді профессор Ж.А.Манкеева (106).
Профессор Құдайберген Жұбанов қазақ музыка шығармаларының 
ішіндегі ең ірі жанрларының бірі ретінде күйлерді айрықша атап алады да: 
«
Композиция жағынан, музыка мәдениетінің басқа өлшеулері жағынан 
қарағанда да, күйлер халық музыкасының жетіскен ірі тарауы екендігіне 
дау болмауы керек
», – деп астын сызып көрсетеді. Осы тұста қазақтың 
ұлттық ерекшелігіне ерекше тоқталады: «
Қазақтың өзі де күйді артықша 
бағалайды: онда айтып тұрған әңгіме, сөйлеп тұрған сөз болмаса да, 
күйлердің өзінің музыка тілі халыққа сондай жақын, сондай түсінікті, оны 
сол тілсіз түрінің өзінде жақсы таниды
». Автордың қазақта ән мен күйдің 
екеуі екі басқа болушылығының өзі халық музыкасының жақсы ғана 
жетіскен сатыда тұрғандығын көрсетеді деуінде үлкен мән жатқандай. Ол, 
әдеттегіше, қазақ музыкасын талдаумен ғана шектелмейді. Татар, өзбек 
халықтары музыкасының ерекшеліктерін де келтіре кетеді. 
Күй феномені Қ.Жұбановты баурап алғандығы анық. «
Күйлер халық 
музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе
, – деп жазады ол, – 
Бұл – осы күнгі 
Европаның симфониясы тәрізді
». Ал енді оның қазақ халқы, оның мәдениеті 
жайындағы ойлары әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ десек, сірә, 
қателеспейміз. 
«Қазақ күйі қашаннан бері жұртқа белгілі? Не себепті «күй» деп 
аталған?». Қ.Жұбанов осындай сауалдарды қояды да, оған өзі жауап береді. 
Қазақтың «күй» деген сөзі ертеректе «көк» түрінде болып, ән-күй 
мағынасында қолданылғандығын тілге тиек етеді. ХІV ғасырда жазылған 
иран музыканты Әбдіқадыр Мұрағидың «Зүбдәтел әдуар» деген кітабында 
күй жайында бірқатар мәлімет беретіндігі де әңгіме өзегіне айналған. Бұдан 
автор мынадай тұжырым жасайды: «
Әбдіқадыркітабынан біздің көретініміз: 
күй жалғыз қазақта ғана болмаған, ерте кезде де, біздің қазақ – қазақ 
болып құралмай тұрған кезде, ХІV ғасырларда да болғандығы, оның үстіне 
хан сарайында, жоғары таптың қолында болған музыка түрі екендігі
». 
Бір ғажабы – Қ.Жұбанов шығыс музыка зерттеушілерімен қатар Еуропа 
зерттеушілерінің еңбегін де назардан тыс қалдырмаған. 1842 жылы шыққан 
Кизеветтердің кітабынан туындаған ойларын жайып салған. Аталмыш 
кітабында Кизеветтер түрік халқының музыка мәдениеті болмаған деп, соны 
дәлелдеуге тырысады. Ерте кездегі варварлар туралы Александр 


241 
Кизеветтердің пікіріне қосылмайтындығын айта келіп, профессор Қ.Жұбанов 
өз тұжырымының дәлелі ретінде нақты мысалдар келтіреді. 
Сондай-ақ түрік музыкасын зерттеген Виктор Беляев пен Виктор 
Успенскийдің кітабы да дереккөз ретінде қарастырылған. Бірақ, бұл кітап та 
профессор Қ.Жұбановтың талғамын қанағаттандырмағандығын мына 
жолдардан аңғаруға болады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет