235
Ғалым-публицистің пікірінше, Қожа Ахмет жалпы адам баласы үшін
ізгі ниетті, әлеуметшіл ағартушы болған. Өйткені, ол ел-аймақта әділ үкімет
болуын тілейді. Адам баласының бір-біріне мейірімді болуын арман етеді.
Осы жолда өзі аянбай қызмет істеуге даяр екендігін білдіреді. Шынында да,
Қ.Жұбановтың түркі әдебиеттер тілінің танымы жөніндегі аталмыш
публицистикалық ой-толғамдары оны соны қырынан танытты.
Ғалым-
публицистің «Диуани хикметті» талдауы өзгелерге ұқсамайтындығы өз
алдына, ғылыми байыптылығымен, тұжырымдарының тереңдігімен, түркі
әдебиеті турасындағы пікірлерінің біліктілігімен ерекшеленеді. Аса
тағылымды тұсы – «Диуани хикметтен» қазақ халқының ежелгі мәдениетіне,
әдебиетіне, тарихына және этнографиясына
қатысты бағалы да құнды
деректерді табуға болатындығын дәлелдеп шыққандығы.
Профессор Қ.Жұбанов Хожа Ахмет Ясауидің шығармасынан үзінді
келтіре отырып, «қоғамдық-әлеуметтік тұрмыстың ең төменгі сатысында
жүрген адамдарға, яғни жетімдер мен кедейлерге жәрдемдесуге шақыру»
аталған еңбектің негізгі идеясы екендігін баса айтып, мынадай тұжырымдар
жасайды:
«
1) Хожа Ахмет қараңғы бөлмеге кіріп алып, құр жылаумен бос қарап
жата берген адам емес, ол ізденген ойшыл адам: ол адам баласының
бақыты үшін шындық жол іздеген адам.
2) Ол адам баласын бақытка жеткізерлік шынайы жолды көктен де,
жерден де іздеп таба алмаған соң, тарығып, түрлі хиялға түскен. Хожа
Ахмет Мұқамбет сияқты тәсілқой емес, түптеп келгенде, ағынан
жарылатын – ақкөкірек адал адам.
3) Хожа Ахмет – «адам баласы өзі аңсаған мұрат – мақсатына жету
үшін, сол мақсатын алдына махаббатты қойып, ең соңғы мүмкіндігі
қалғанша жан аямай, шын беріліп іс істеу керек!» – деген идеяны
уағыздаған адам. Бақытқа жету үшін үлкен қиыншылықтарды бастан
кешіруден қорықпау керек деген батыл пікірді қолдаған адам
».
Қ.Жұбановтың топшылауынша, толғаумен танысқанда бірер ой түйінді
пікір туындайды. Біріншіден, шет ел басқыншылығының жауыздығына
ызаланған Қожа Ахмет осы толғауды өз атынан айтуға мәжбүр болған.
Екіншіден, сол кездегі түркістандық елдердің
ауыз бірлігі кем болғандығы
байқалады. Үшіншіден, аталмыш толғаудан түркістандық халықтардың әдет-
ғұрпы көрініс береді. Төртіншіден, түркістандық халықтың дүниетану
дәрежесі әлі тотемдік, шамандық көзқарастан әрі аса алмаған. Бесіншіден,
сол кездегі шаруашылықтың негізі мал өсіру екендігі аңғарылады.
Алтыншыдан, 95 толғаудан түркістандық халықтардың
әйелге құрметпен
қарайтындығы көрініс береді.
Проф. Қ.Жұбанов «Диуани хикмәт» тілінің түркі тілдерінің қайсысына
жақын екендігін, авторының ұлттық тегін шығарманың грамматикалық,
лексикалық белгілеріне қарай анықтау мүмкін бе? деген сұрақ қоя отырып,
оған жауап табу үшін түркі халықтарының тарихын шолып өтеді: «...
бұл
сұраққа «қолға таяқ ұстатқандай ғып» үзілді-кесілді жауап бере қою оңай