Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет185/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Жалпы қазақ әйелдерінің теңдік алып, тепкіден құтылуы жалпы әйелдердің 
сауаты ашылуына байланысты. Қашан қазақ әйелінің сауатсыздығы 
жойылса, сол күннен бастап теңдікке қолы жетеді. Соның үшін әйел 
теңдігін жақтайтын орындарға қазақ азаматтары жоғарғы орындардан 
оқуға кісі жібергенде, қазақ әйелдерінен оқуға еркектермен бірдей кісі 
жіберуге тырысулары керек. Губернияда, орталықта ашылған әйелдер 
курсына бару туралы әйелдерге түсінік беріп, үгіт-насихат тарату керек
».
1926 
жылы 
Ақтөбе 
қаласында 
Құдайберген 
Жұбановтың 
режиссерлығымен М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Осы 
оқиғадан кейін «Еңбекші қазақ» газетінде оның елеулі публицистикалық 
туындыларының бірі – «Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық» деген 
сыни-библиографиялық мақаласы жарияланды. Публицистикалық мақаланың 
негізгі желісі – желтоқсан айының аяқ шенінде Ақтөбе қаласындағы қазақ 
қызметкерлерінің жиналып, бас қосып, қазақ сахнасын құралдауды қажет деп 
санап, қиындықтарға қарамастан, «Еңлік-Кебек» пьесасын қойып, мәдени 
өмірге тың жаңалық әкелуі.
Мақалада қомақты ойлар айтылған. Автор шенеуніктердің қаракетсіз
отырғанын батыл сынайды: «
Бұған қаржы жинау үшін губерниялық ішкі 
сауда бөлімі басындағы жолдастардың өздеріне керек сахна түгел 
болғаннан болса керек, мұндай игі іске маңдайлаған уақытта бір суыртпақ 
жіп те болса ырым қыла алмады
». Публицистің айтуынан жұрттың өнерге 
деген ықыласының жоғары деңгейде болғаны сондай,ойынға келген 
адамдардың театр үйіне сыймай, көбіне билет жетпей қалғанынан хабардар 
боламыз. Өнер өлкесіне бет бұрғандардың сахнаға әр беруге бар күшін 
салғанын аңғару қиын емес. «
Тек ыңғайсыздық – баяғы қақсай беретін киіз 
үй декорациясында болды
, – дейді автор білгірлікпен, – 
Шым-шилі, бау-
басқұрлы ақ боз үйдің орнына шоқиған қараша үй тігілді
». Аталмыш 
мақалада сахна декорациясы ретінде киіз үй проблемасы жан-жақты сөз 
болады. «
Қызылорда өзінің жасатқан үйінің моделін жіберсе, тәуір болар 
еді
», – дейді автор. Публицист мақаланың нүктесін: «
Өстіп біз де ұлт 
театрына қарай маңдайлап келеміз
», – деген сөйлеммен қояды. Бұл жерде 
публицистің соны көзқарасына тәнті болмасқа лажың қалмайды. Өйткені, 
«ұлт театрына қарай маңдайлау» мәселесі әлі күнге дейін өзекті 
мәселелердің бірінен саналады. 
Араға бірнеше жылдар салып, дәл осы тақырыпқа «Первый серьезный 
успех казахского драматического театра» (Қазақ драма театрының алғашқы 
күрделі жеңісі) атты мақала жазуы да оның жүйелілікті қатаң ұстанғандығын 


260 
айқын аңғартады. Бұл жолы қаламгер М.Әуезовтің «Түнгі сарын» 
пьесасының қойылымы туралы қалам тербейді. «Түнгі сарын» – 1916 жылғы 
Қазақстандағы ең үлкен көтерілістің шынайы бейнесін суреттеп берген пьеса. 
Публицистің көтерілістің тарихи маңызына берген бағасы назар аударарлық: 
«
1916 жылғы көтеріліс әр жерден тиіп-қашып, тұтанып басылған 
кездейсоқ көтеріліс емес, бүкіл қазақ елін тұтас көтерген ұлы қозғалыс 
болды
». «Ұлы қозғалыс» жайындағы қойылымды іштерінде көтеріліске 
қатысқандары, өз көздерімен көргендері бар Бүкілқазақстандық ІХ сьездің 
делегаттары тамашалаған. Солардың арасында Қ.Жұбанов та болды. 
Спектакль барысында кемшіліктер байқалып тұрғанымен, келешекте 
театрдың осы ұжымының өзі-ақ жетілдіруге мүмкіншіліктері бар екені 
көрініп тұр. Театр негізінен пьесаны меңгерген, оның алдында тұрған 
мақсатты да түсінген, автордың ой-түйінін іске асыра білген. Бұл – театр 
ұжымының өз жұмысына тыңғылықты қарағанының белгісі. «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет