Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет183/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Кеңселерде қазақтандыру шабан жүріп отыр. Себебі, 
кеңсе ісін жүргізе білетін қазақ аз
», – деген жолдар әлі күнге дейін маңызын 
жойған жоқ десе болғандай. Публицист сынап қана қоймайды, мұның себеп-
салдарын айқындаудан да енжар қалмайды: «
Кооператив көбейіп келе 
жатыр. Көбісінің есеп-қисабы шатақ. Себебі, қазақтан есепші (бухгалтер) 
аз, ел арасында ауру көп, бірқатар пункттерге фельдшер табылмай отыр, 
табылғанының білімі тайыз. Мектеп көбейіп келеді, бірақ оқытушы 
жетпей жатыр. Бар оқытушыларымыз лекер ғана. Сот, милиция 
қызметкерлеріміз де тиісті мамандық білімін алғандар емес, барымен базар 
қылып, лаждап жүргендер, айта берсек, толып жатыр. Бәрі де аз, бәрі де 


256 
кеміс. Қазіргі екпінді жұмыс – осы жоқты табу, бардың «жыртығын» 
жамау – білімін толықтыру
». Автор бұл мақалада қай саланың да 
мамандардың жетіспеушілігінен ақсап жатқанын боямасыз көрсеткен. 
Аулақтан оқыту мәселесінің өзекті жайттары қамтылған мақаланың сол 
кезеңдегі мәні ерекше болғаны белгілі. Бұл жарияланым публицистің 
парасатты пайымдаулары мен талдау тереңдігін айқын аңғартты. Бұған қол 
жеткізу үшін жоғары дәрежедегі біліктілік, сарабдалдық қажет еді. Автордың 
мұны меңгергені сезіледі. 
Тағы бір елеулі мақаласы «Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп» 
деп аталады (117). Мұнда автор өзінің отандастарының тезірек сауатсыздық 
қамытынан құтылуын армандайтынын жайып салады. Осыған бағытталған 
нақты шаралардың бірі ретінде сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектепті
көбірек ашудың қажеттігіне көңіл бөледі. «Халық ағарту ағысында төңкеріс 
толқыны» атты мақаласы да халықтың сауатын ашу мәселесіне арналған. 
Мәселені бұрынғыдан да терең қарастыруға деген ұмтылыс байқалады. 
«Кедейдегі» публицист мақалаларының өзгешеліктері бірден көзге түседі. 
Стильдік айшықтылығымен, сөз қадірін терең түсінетінімен қоса, ойдың 
айқын айтылуы, зәру мәселені жеріне жеткізіп көтере білу машығы 
жарияланымдардың әлеуметтік әсерін арттыра түседі. Әсіресе, халық ағарту 
мәселесіне келгенде публицистің тың пайымдаулары оқырманды баурап 
алады. «Басшылық күшейтілмек» деген айдармен оқырманға жол тартқан 
«Мұғалімдер, зер сал, губатком, жәрдем ет» деген мақаласы бір қарағанда 
науқандық сипаттағы туынды тәрізді көрінгенімен, қазақтың ұлттық мектебі 
туралы ой толғамдарының өзектілігімен ерекшеленеді (118). 
«
Қазақ ұлт мектебі – 5 жасар бала
, – деп жазады Жұбанов-публицист 
– 
Қазақ қатыны бала тәрбиелеуге қандай кеміс болса, бұл жас бала ұлт 
мектебінің тәрбиелеуші шешесі – қазақ мұғалімі де сондай шорқақ
». 
Публицист мұның себебін былайша жіліктеп, ашып көрсетеді: «
Қазақ 
қатынының кемістігі тұлғасының қазақтығынан болмай, надандығынан 
болғаны секілді, қазақ мұғалімдерінің шорқақтығы да дөрекілігінен, көбісінің 
шалағайлығынан емес, білімі кемістігінен
». Публицист бірнеше мәселеге 
ерекше назар аударады. Оның ең бастысы – оқу бөлімі 
«
қызметкерлерініңбалаңдығы
» деп біледі. Ал, екіншісі, публицистің сөзімен 
айтқанда, «
бюджеттің жарлылығы
». Нарықтық экономика тұсында күнде 
әңгімеленетін мәселе қаржыға тірелетіндігін сол кезде-ақ айқын сезініп, бұл 
мәселені барынша өткір қоюға тырысқан. «Мектепті гүлдендіруге», «керек-
жарағын толықтыруға», «мұғалімдерді еңбекақыдан мұңсыз етуге» 
қаржының жетіспейтіні туралы ашына жазады. Тіпті «оқу-білім шығынына» 
да, «инспекторлардың жүріс-тұрысы расқотына» да қаржының бөлінбеуі
қынжылтады. Публицистің «
Мектептердің бәрін бірдей инспектор аралап, 
нұсқау беру мүмкін болмады
», – деген түйіні назар аударарлық. Сол кезеңде 
де қысқарту мәселесі өткір қойылғаны мына жолдардан аңғарылады: «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет