Жұбановтану жалғастығы («Жұбановтану» зертханасының қызметі жайында) Профессор Қ.Қ.Жұбановтың ғылымда қалдырған мол мұрасы ғалым
ақталғаннан кейін ғалымның тілге, әдебиетке, мәдениетке, өнерге қатысты
еңбектері әртүрлі қырынан қызу зерттеле бастады. Дегенмен қазақ тіл
білімінің негізін салуға жанқиярлық еңбек етіп, басқа да ғылым салаларында
алғашқылардың бірі болып ғылыми мақалалар жазған, қоғам тіршілігіне
белсене араласа отырып, тамаша публицистикалық шығармалар тудырған
Қ.Жұбановтың мұрасын жүйелі зерттеуді жолға қойып, әрі қарай да зерделеу
ісін жалғастыратын орталық, ұйым қажет болды. Осындай мекеме –
«Жұбановтану»
зертханасын
құру
идеясы
1990
жылы
Ақтөбе
пединститутына