424
Рас, жапон-түркі тілдері арасында алшақтық мол.
Жапон тілі тұңғыс-
манжур тілі арқылы қытай-тибет тілдерімен ұштасатынын сезген Қ. Жұбанов
жоғарыда аталған тілдер иероглифінің кілті – жапон тілі деп есептеп, жапон
иероглифін игере бастаған-ды.
Үнді-европалық тілдердің негізін көне юнаннан (гректен) іздейтін
Құдайберген Қуанұлы герман тілдерінен неміс тілін жақсы білсе,
роман
тілдерінен француз тілін кейін игерген еді. Семит тілдерінен арабты, үнді
тобынан парсы тілін жақсы біліп қана қоймай, классикалық Шығыс әдебиетін
түркі халықтарының
әдебиетіндей бойына сіңіріп, еңбектерінде сонысын
талғап қолданғанын көреміз.
Полиглоттыққа академик Н.Я.Маррды, компаративистікке академик
Самойловичті, шығыстануға академик Алексеев
пен Позднеевтерді ұстаз
еткен профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов өз өмірінде көп еңбек етіп,
қазақ тіл білімінің іргесін қалап, түркологияға үлес қосқан, шығыстану
жөнінде құнды пікір айтқан тамаша ғалым еді.
Сондықтан да ол тек тілші
ғана емес, жалпы шығыстану саласында мол еңбек еткен ғалымдар сапында
тұрмақ.
Достарыңызбен бөлісу: