Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Құдайберген жөніндегі есімдегілер



Pdf көрінісі
бет257/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

Құдайберген жөніндегі есімдегілер 
 
Профессор Құдайберген Жұбановпен мен 1933 жылы, жаз айында
Алматыда таныстым. Оны маған жазушы Бейімбет Майлин таныстырды. 
Бейімбет тауда, қазіргі бала-шағасымен дем алып жатыр еді. Бір жексенбі 
күні мен сонда қыдырып бардым. 
Менен кейін, көп ұзамай-ақ Бейімбеттің үйіне Құдайберген мен Елубай 
Өмірзақов келді. Бәріміз де күні бойы сонда бірге болдық: тау аралап, 
әңгімелесіп, дойбы ойнап, сөйлесіп отырдық. 
Құдайберген жайдары, ашық-жарқын, әңгімешіл адам екен. Іркілмей
тартынбай неше түрлі қызық әңгіме айтып, мейірімізді қандырып, күлдіріп 
отырды. 
Кейде Елубай, Құдайберген, Бейімбет – үшеуі кезек-кезек домбыра 
тартты. Елубай ән салды, өлең айтты. Кездейсоқ ұшырасуымыз әдейі 
ұйымдастырылған ойын- сауықтан кем болмады. 
Ұмытпасам, сол жылы күзде болу керек: өлкелік партия комитетінің 
үгіт-насихат бөлімі үш кісіге: Құдайбергенге, Молдағали Жолдыбаевқа
маған қазақша саяси оқулықтарды қарап, тексеріп, пікір жазып беруді 
жүктеді. 
Осы қызметті орындау үстінде Құдайберген өзінің жұмысқа үлкен 
жауапкершілікпен мұқият қарайтынын, іскер адам екенін байқатты. Тиісті 
кітаптарды түгел, жіті қарап шықты. Басқаларымыздан да солай істеуді талап 
етті. Бізге жетекшілік істеді. Қорытынды жазғанда, келелі пікірлер айтты. 
1934 жылы күзді күні мен «Социалистік Қазақстан» газеті 
редакторының орынбасары болып істеуші едім. Газет Абай Құнанбаевтың 
қайтыс болғанына отыз жыл толуына байланысты бірсыпыра материалдар 
берді. Оларды мен жинастырдым, қолымнан өткіздім. 
Сонда Құдайберген «Абай және күншығыс әдебиеті» деген тақырыпта 
көлемді мақала жазып берді. Мақаласында автор Абайдың түркі текті 
халықтардың ерте замандардағы жазба әдебиетімен, әдебиет нұсқаларымен 
жете таныс болғанын, олардан көптеген үлгі-өнеге алғанын айқын көрсеткен 
еді, Абай творчествосы түркі текті халықтар әдебиетімен тығыз, дәстүрлі 
байланыста екенін дәлелдеген еді. 
Құдайберген өз мамандығы – тілге, тіл мәселелеріне ғана жетік емес, 
сонымен бірге әдебиетті, әдебиет мәселелерін жақсы білетін еді, әсіресе түркі 
текті халықтардың, қазақтың бұрынғы жазбаша, ауызша әдебиеттерін көп 
білетін еді. 


429 
Адам, азамат, ақылды ғалым Құдайберген Жұбановты мен жақсы 
көретін едім. 
(«Қазақ университеті», 1964 ж., 23 декабрь) 
 
 
Ә.Шәріпов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет