Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет58/269
Дата25.04.2022
өлшемі3,08 Mb.
#140773
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   269
Байланысты:
Жұбанов Қ.

-дай/-дей
қосымшасының екі жақты тілдік табиғаты, яғни оның 
көпфункциялы болып келуі түркі тілдерінде осы мәселе жөнінде түрлі 
бағыттардың қалыптасуына әкелді. Өйткені функционалды қосымшалардың 
ішінде 
-дай/-дей
қосымшасының семантикалық өрісі өте кең. Ол дәстүрлі 
грамматикаларда айтылып жүргендей сөзжасамдық жұрнақ бола тұра, түрлі 
сөйлеу жағдаяттарына қарай сөз түрлендіруші, яғни форма тудырушы 
жұрнақтар сияқты функцияларды игеріп, басқа сөзжасам жұрнақтарынан 
ерекше сипатқа ие болады. Мәселен, бұл қосымша тәуелдік жалғауынан 
кейін де жалғана алады (баламдай), тәуелдік формадан кейін де жалғана 
алады (
баланікіндей
), 
-дағы/-дегі
формасынан кейін де жалғанады 
(
баладағыдай
), -
ушы
формасына да жалғанады (
барушыдай
), болымсыз 
формадағы есімшеге де жалғана алады (
бармағандай
) т.б. 
-дай/-дей
қосымшасының осындай тілдік қолданысы оның жалпы 
жұрнақ па, шылау ма деген сұрақтардың тууына түрткі болған. Осыдан бұл 
форманың шығу тарихына деген қызығушылық туған. Дәстүрлі тіл 
біліміндегі осындай күрделі мәселелерді шешуде Қ.Жұбановтың да зор үлесі 
болды. Қ.Жұбанов 
-дай/-дей
қосымшасын «теңдес септік» деп атап қана 
қойған жоқ, осы тұжырымын дәлелдейтін тілдік деректер де берді.
Ғалым 
-дай/-дей
қосымшасының шығу төркінін моңғол тіліндегі «од-
шегін», од-тегін» сөздерімен байланысты қарастырады. Бұл сөздердің түпкі 
мағынасы – «бала» ұғымы. 
Кішкентай, тек, ұрпақ, тұқым, көбею
сөздерінің 
арасында табиғи байланыс бар деп есептеген. Қ.Жұбанов салыстыру мәнін 
білдіретін 
-дай/-дей
қосымшасын, кішірейткіш мәнді білдіретін 
-тай/-тей, -
шақ/-шек, -ша/-ше
қосымшаларының шығу төркінін 
шаған, тегін, шегін
сөздеріне балаған. Қазақ тіліндегі «бала-шаға» қос сөзінің құрамындағы 
«шаға» сыңарын, сондай-ақ «шағын» (кішкентай) сөздерін аталмыш 
сөздерден өрбіген деп көрсетеді. Қысқасы, Қ.Жұбановтың пікірінше, 
-дай/-
дей
қосымшасының шығу төркіні – «род», «происхождение» мәнін білдіретін 
«тек» сөзі. «Екі функциялы аффикстер» деген тақырыпта кандидаттық 
диссертация қорғаған Қ.Шаяхметов те бұл қосымшаның шығу төркінін «род» 
мәніндегі «тек» сөзінен шыққан деген Қ.Жұбановтың пікірін келтіреді.
Ал жалпы жинақтап, топтастырғанымызда түркі тілдері бойынша осы 
қосымшаның шығу тарихына қатысты мынадай ой-топшылауларды жіктеп 
көрсетуімізге болады: 
1)
-дай/-дей
қосымшасы «род», «происхождение» мәніндегі «тек» 
сөзінен қосымшаға ауысқан (Қ.Жұбанов, Қ.Шаяхметов, Б.Сағындықұлы т.б.); 


95 
2)
-дай/-дей
қосымшасы «жұғыстыру», «тию» мәніндегі «тег» 
етістігінен қосымшаға ауысқан (Н.К.Дмитриев, С.Исаев т.б.); 
3)
-дай/-дей
қосымшасы «равный», «часть поры» мәніндегі 
«тең/тенг» сын есім сөзден қосымшаға ауысқан (Ж.Дени, А.Н.Кононов т.б.); 
4)
-дай/-дей
қосысшасы «сказать» мәніндегі «де» көмекші 
етістігінен қосымшаға ауысқан (Г.И.Рамстедт, Хартман, Банг т.б.). 
Көріп отырғанымыздай, Қ.Жұбанов қана емес, бұл қосымшаның шығу 
тарихына қатысты пікір айтқан ғалымдар өте көп. Алайда Қ.Жұбановтың 
пікірі осы қосымша туралы пікір айтқан түрколог-ғалымдардан нақты тілдік 
дәйектемелерімен 
ерекшеленеді. 
А.Жаңабекованың 
функционалды 
қосымшалар мәселесін арнайы зерттеген кандидаттық диссертациясында осы 
қосымшаның шығу төркіні туралы Қ.Жұбановтың 
-дай/-дей
қосымшасы 
«род» мәніндегі «тек» сөзінен шыққан деген пікірін қуаттай отырып, 
мынадай пікір айтады: «Біздің ойымызша, «тег» етістігін қазақ тіліндегі 
«дейін, шейін» шылауларының арғы тегі деп топшылауға болады. Ал -
дай/-
дей
қосымшасының шығу төркіні «тек» есім сөз болу керек. Өйткені көне 
түркі жазба ескерткіштер тілінде қазіргі «сияқты» септеулік шылауының 
орнына «тек», «текті» септеулігі актив қолданылған. Мысалы, 
Тәңрі тек 
қаған
– небоподобный (всевышний) каган. Қ.Жұбановтың «тек», «ұрпақ», 
«бала», «тұқым» сөздерін сабақтастыруының ғылыми негізі бар (43, 53).
Қ.Жұбанов түбір мен қосымша мәселесінде олардың тарихына да 
ерекше зер салып отырады. Бұл мәселеге «Өлі қосымша», «Өлі түбір», 
«Қосымшалардың 
тарихы», 
«Түбірлердің 
құралу 
тарихы» 
деген 
тақырыптарда арнайы орын берілген. 
Осы орайда бір айта кететін нәрсе – Қ.Жұбановтың тілдік фактілер 
ретроспективтік әдіспен зерттеуге байланысты айтқанда, қолданған 
«палеонтология» термині туралы. Үлкен совет энциклопедиялық сөздігінде 
палеонтология – негізінен биологиялық ғылым, бірақ ол геологиямен тығыз 
байланысты туған термин деп көрсетіліп, былай деп анықтама берілген: 
«Палеонтология – лингвистическая и вспомогательная историческая наука, 
использующая языковые данные для получения информации об истории 
носителей языков и их материальной духовной культуры в дописьменный 
период» (БСЭ).
Проф. Қ.Жұбановтың осы анықтамамен үндесіп жатқан «палеонтология» 
терминін тілге қатысты қолдану себебін оның мына пікірінен толық түсінуге 
болады: «
Таким образом язык представляет собою накопление всей 
предшествующей истории человечества, отдельные этапы которой 
напластовались по порядку последовательности своего развития земли, 
оставили свои следы в виде последовательных отложений, пластов 
легшихдруг на друга чем и дают они о себе знать историкам земли
» (8, 404-
405). Әрі қарай автор тілге осылайша палеонтологиялық барлау жасаудың 
табиғилығын, заңдылығын дәлелдейді. Біріншіден, палеонтология негізгі 
зерттеу нысаны етіп тек жазба ескерткіштерін емес, жалпы сол тілдің өзіндік, 


96 
ауызекі сөздің (речь) тілдік фактілерін алады. Екіншіден, сол тілдің (қазақ 
тілінің) өзіндік ерекшеліктеріне, ішкі даму заңдылықтарына сүйенеді.
Осы жерде айта кететін бір жайт – Қ.Жұбановтың «палеонтология» 
терминіне берген анықтамадан оның еуропоцентризмді құптамайтындығын 
аңғарамыз. 
Бұл 
ойымызды 
ғалымның 
өз 
сөзімен 
жеткізейік: 
«
Палеонтологией называется лишь такое прослеживание на речевом 
материале путей развития языка особыми приемами, чуждыми 
традиционным приемам индоевропеистики, но исходящими из специфики, 
природы самого языка, – приемами, учитывающими исторические условия 
развития язык
. ... 
При бесспорной ценности этих работ как материала, все 
же они по достоинству своему стоят несравнимо ниже, чем последующие 
(в чем не сомневался и сам Н.Я.Марр), так как иная, открыто 
индоевропейская методология не могла не отразиться и на самом 
результате исследований, не могла не снизить качества, не уменьшить 
правдивость в восприятии и воспроизведении исследуемой языковой 
действительности
». 
Әрине, қазіргі тіл білімінде «палеонтология» термині қолданылмайды 
деуге болады. Иә, басқа балама, жаңа терминдер пайда болған. Бірақ әңгіме 
оның атында емес, затында десек, проф. Қ.Жұбановтың қазақ тілін тарихи 
зерттеу туралы бұл тұрғыдағы ойлары өз жалғасын қазіргі күнгі 
зерттеулерден тауып отыр (Ә.Т.Қайдаров, А.Ысқақов, М.Томанов, А.Ибатов 
т.б. еңбектерінде). Әсіресе, түркі тілдеріндегі агглютинативті құрылыстың 
тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі түбірдің күйі мен құрылымына 
қатысты жұмыстар палеонтологиялық зерттеуді қажет етеді, осы 
мәселелердің дұрыс шешілуіне көмектеседі.
Осылайша палеонтологиялық зерттеудің нәтижесінде анықталған 
түбірлердің көпшілігі дыбыстық тұлғасы ғана сақталып, мағынасы 
күңгірттенген, дербестігін жойған «өлі» түбірлерді тірілту үшін олардың 
өткен дәуірдегі тұлғалық, семантикалық қалыпқа келтіруді 
реконструкция
деп атап жүрміз.
Проф. Қ.Жұбановтың С.Аманжоловтың «Қазақ тіліндегі флективтіліктің 
элементтері» деген мақаласына жазба ескертпесінде 
ұят
және 
ұял
сөздеріндегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   269




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет