303
жоқ. Адамдарды рухани көтермелеу, биік адамгершілік мұраттарды алға қою жаңа
жағдайларға бейімделе түсуге ықпал етті. Адами жадыға «тарихи ақтаңдақтар» теріс әсер
бергені бүгінгі күні жасырын емес. Мысалы, Кеңес Одағы дәуірінде Қазақстан мектептерінде
оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алған тұста, жас ұрпақ ата тарихынан
мүлде алшақтап қалды. Тіпті, Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы
хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады.
Елімізде ханның, не
батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мәдениет
нысандары, керек десеңіз, жалғыз-жарым көше де болған жоқ. Қазақ хандарының аты атала
қалған жағдайда оларға үстем тап өкілі ретінде келеңсіз баға беріліп, қисынсыз айып
тағылды… Ұлт жадының тамырына балта шабуға арналған осындай сұрқай саясаттың небәрі
ширек ғасыр бұрын орын алғанына сенудің өзі қиын. Бірақ кеңес заманының ащы шындығы
дәл осындай болатын» [4]. Ұлт тағдырына қатысты бабалар аманаты - тұтастыққа, ынтымақ
пен
бірлікке, тыныштық пен қоғамдық келісімге негізделді. Бірлік - елдіктің бастау көзі.
Бірлік арқылы тәуелсіздік туы көтерілді. Тарихи сананы жетілдірудің тетігі - әрбір азаматтың
жасампаз тарихты мақтан етуіне қатыстылығы, заңдылық. Жас ұрпақты бүкіл әлемдік
өркениеттің сан ғасырлық рухани және мәдени мұраларының бай қазынасымен
сусындатудың маңызы зор.
Нарықтық қатынастарға сәйкес қоғамда азаматтардың жеке жауапкершілігіне
қатысты мүлде жаңа сана қалыптастыру қажеттілігі туындады. Әркім жеке басын, отбасын
өзі қамқорлыққа алуы тиіс болды. Әлем дамуындағы тынымсыз өзгерістер, біртұтас күш
жұмылдыру арқылы ілгері жылжуға бағытталған жаңа талаптар қойды. Мемлекет басшысы
әрбір парасатты азамат ел ішінде келешекте болатын өзгерістердің ортасынан өз орнын
анықтау қажеттігіне мән берді. Әсіресе, қоғамның даму
бағытын аңдай отырып, ең маңызды
істі айқындап алу қажет болды. Ал мемлекеттік қызметте жүргендерге жыл сайын
жарияланатын Мемлекет басшысының Жолдауы, олар үшін басшылыққа алатын басты
бағдарға айналды. Осы орайда, Президент Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі дамыған елдердің
даму тәжірибесін, олардың тарихын зерделеу арқылы әлемдегі ортақ процестердің мәні мен
серпінін пайымдауға ден қойғанын баса айту керек . Оған қоса, Елбасы өткен тарихымен ғана
мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр екенін үнемі халық жадына салып отырды. Әрбір
ұрпақ өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында
беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болатынын баса айтты.
Осы тұрғыдан келгенде, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жас буынының бабалар аманатына
адалдық танытып, Қазақстанның абырой-беделін бұрын-соңды
болмаған биікке көтеруге
үлес қосып отырғаны қуантады.
Тарихи әділеттілікті толығымен қалпына келтіру мақсатында 1997 жыл – «Қоғамдық
келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланды. Кеңестік
тәртіптің қылмыс-қимылдары әшкерленді. Мемлекет басшысының Жарлығы аясында, жыл
сайын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, түрлі іс-шаралар өткізу
дәстүрге айналды. Ұйысқан ұлтаралық қатынастарды сақтаған Қазақстан Республикасында
2016 жылдың 1 наурызынан бастап, бұл күн қазақ халқына – «Алғыс айту» күні ретінде атап
өту дәстүрі ата тарихқа енді. Тарихи оқиғалар желісін объективті қарастырудың басты
факторлары айқындалды. Оның ішінде, жалпыұлттық бірегейлік пен бірлікті
қалыптастыру,
мемлекеттік және тарихи сананы қалыптастыру, елдің егемендігі мен мемлекеттілігін
нығайту, дамудың сапалы жаңа үлгісін қалыптастыру, азаматтыққа және патриотизмге
тәрбиелеу маңызға ие болды.
Достарыңызбен бөлісу: