Түсінік хат
Тіл де, əдебиет те –
ғасырлар бойы жасалған, ұлттың дүниетанымы мен ғылыми-философиялық ойлау жүйесін танытатын
құндылықтар.
Дəл бүгінгі таңда жаһандану дəуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл
ұлттық
құндылықтардың ұйтқысы қазақ тілін пəн ретінде оқытудың басшылыққа алынған тенденциялары, оларды жүзеге асыру жолдары мен
қағидалары мыналар: 1) Қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау. 2) Тілді оқытуды белгілі бір пəндік
дағдыларға емес, білім алушының тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау. Тілдік білім мен біліктерді
ХХІ ғасыр адамының бойында
сөйлеу мəдениетін, ойлау мəдениетін жəне кісілік мəдениетті қатар дамытуға, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру. 3) Тілді оқытуда
жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға басымдық беру. 4) Қазақ тілін
оқытуда білім мен ғылымның
интеграциясын жүзеге асыру. Тілді ғаламның бір бөлшегі ретінде таныту. Қазақ тілі – мектепте оқытылатын барлық пəндердің, ғылымның
кілті.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пəнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мəнін түсінетін тұлға
қалыптастыру, сондай-ақ қазақ əдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге жəне сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пəні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін
функционалдықкоммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға негізделген:
1) тыңдалым жəне айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) əдеби тіл нормаларын сақтау
«Қазақ тілі» оқу пəнін оқытудың негізгі міндеттері: 1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып,
өмірлік қажеттіліктерінде
коммуникативтік əрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады; 2) білім
алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде
танып-білу дағдыларын қалыптастырады; 3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін жəне олардың табиғатын танып
біледі; 4) тіл бірліктерінің
қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау
құралы болу қасиеттерін
функционалдықкоммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады; 5) «Қазақ тілі» пəні
бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы
мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу
қабілетін дамытуды жəне ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
«Қазақ тілі» пəні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сəйкес оқу бағдарламасы негізінде
əзірленді.
Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады жəне оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі
белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін
олардың ретін ауыстыра алады, тарау
барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады жəне оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта
кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс. Жылдық жүктеме: 34 сағат, аптасына 1 сағат.