ГЛОССАРИЙ:
(эссенің) негізгі бөлімі
– әр абзацта бір аргумент сипатталатын, 3 немесе
одан да көп абзацтан тұратын эссе мәтіні; абзацтың шартты түрдегі көрінісі
ретінде қыстырма сөздер қызмет атқарады (мысалы, біріншіден, екіншіден,
үшіншіден).
(эссе) көлемі
– белгілі бір сөздер мен сөйлемдер саны, эссе көлемін
есептеуде қолданылған сөз саны қарастырылады: орта көлемдегі эссенің
көлемі – 250-300 сөз.
(эссенің) карта-схемасы
– мәтін түзудегі нақты параметрлерді, яғни
аргумент арқылы сипаттау, тезис құрау, жазылатын эссе тақырыбын жоспарлау
сияқты параметрлерді қамтитын эссе құрылымының визуалды сипаты.
(эссе) жоспары
– эссенің мазмұны мен құрылымы туралы түсінік беретін
сөйлемдер түріндегі пайымдау.
тезис (эссе)
– тақырып бойынша автордың позициясын білдіретін пайымдау
түрі, ол эссенің негізгі бөліміндегі дәлелдеменің негізі болып табылады.
кілт сөз
– сөздің (сөйлемнің) негізгі мағыналық өзегі болып табылатын сөз
немесе сөз тіркесі.
аргумент
– тезис дәлелі ретінде келтірілетін негіз (тұжырым).
Достарыңызбен бөлісу: |