логикалық аргумент
– ақыл мен ойға жүгінетін дәлелдер.
психологиялық аргумент
– адам сезіміне жүгінетін дәлелдер.
дәлелдеме
– кез келген пайымның негізделуі.
ТЕОРИЯ:
Үшінші сабақта мыналарды білеміз:
•
Аргументті эссе басқа эссе жанрларынан қалай ерекшеленеді?
•
Эсседе аргументтеу теориясын қолдану
•
Аргумент түрлері ажырату
•
Негізгі бөлім қандай абзацтардан тұрады
- 4 -
1. ЭССЕДЕ АРГУМЕНТТЕУ (ДӘЛЕЛДЕМЕ) ТЕОРИЯСЫНЫҢ
ҚАНДАЙ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ҚОЛДАНЫЛУ КЕРЕК?
Эссенің негізгі бөлімі
аргументтеу теориясына
негізделіп құрылады.
Нақтырақ айтқанда, аргументтеу теориясы логика саласына жатады және
аргументтеу теориясының өзі пайымдау шындығы дәлелдемесінің тәсілдерін
зерттейді. Аргументті эсседе негізгі бөлім, әсіресе, негізгі бөлімнің мазмұны
логикалық ойлаудың заңдылығын көрсетуі қажет.
Эссенің негізгі бөлімін анықтау үшін, біз, ең алдымен, белгілі бір
түсініктер мен терминдерге тоқталамыз. Оларды білмесек немесе түсінбесек,
бұл тапсырманы орындау жеткілікті түрде қиынға соғатыны белгілі. Эссе
мәтінінде кіріспеден кейін келетін белгілі бір жеке азат жолдар ресми түрде
болады дей алмаймын, бірақ сарапшының баға беруі үшін эссе мәтінінің
талаптарға қатаң түрде сай келуі объективті критерий болып саналады. Одан
бөлек, тек мәтіннің логикалық құрылымының заңдарына ресми түрде бағыну
ғана емес (
логикалық көзқарас бойынша тезистен – дәлелдеме арқылы –
тұжырымға/ қорытындыға
), сонымен қатар эссе авторының
сыни ойлауға
– аргументтерді сыни түрде бағалай білуге икемділігін көрсету қабілеті де
эсседе баға беру критерийі болып табылады.
Эссенің негізгі бөлігін жазуға қажетті логиканың категориялары
көрсетілген 1-суретті қарастырайық. Эссемен жұмыс жасаудағы ең тиімді
1-ТҰЖЫРЫМ:
аргументті эссе деп мазмұны аргументтерді іздеу және қорғау болып
табылатын мәтінді атайды; аргументтер эссенің құрылымын да анықтайды
– әрбір аргумент жеке дара суреттеуді қажет етеді.
Біз сабақтардың осы сериясында аргументті эссенің мәтінін құру (жазу)
ерекшеліктерімен танысамыз. Бұл оның жанры: жанр мәтінге мазмұнды да,
форманы да (құрылым) негіздейді. Мысалы, «Сауысқан және түлкі» атты
ертегінің сюжеті (бұл ертегідегі оқиғаның дамуы, оның мәтіндік құрылымы)
белгілі бір оқиғалардан тұрады: 1) оқиға орны мен уақытын суреттеу
(қайда? және қашан?); 2) оқиға қатысушыларын суреттеу (кім? олар қандай
қарым-қатынаспен байланысқан?); 3) оқиғаның өзін суреттеу (не болды?
қалай болды?); 4) тартысты суреттеу (сауысқан түлкіні қалай алдады?);
5) қорытынды/ соңы (соңында не болды?).
Ең алдымен, осы эссенің мазмұны (бұл эссе не туралы? біз эссе арқылы
не түсінеміз?) ұсынылған тақырып бойынша аргументтердің суреттелуі/
мазмұндалуы болып табылатындықтан, ол аргументті деп аталады.
- 5 -
жолдардың бірі
сөздіктерді
қолдану екеніне эссе авторларының назарын
аудартуды жөн санаймыз: олар түсініксіз терминнің немесе сөздің мағынасын
нақтылауға көмектеседі, яғни, эссе авторының қарама-қарсы ойда қалуын,
дәлсіздікті (ол қателікке және тұтастай эссені төмен деңгейде бағалауға әкеп
соғады) болдырмауға мүмкіндік береді.
1-сурет – Эссе мәтінінде логикалық категорияларды қолдану
Тезис тұжырымдауды қажет етеді, тезис тікелей эссенің тақырыбына
тәуелді болады: эссенің авторы эссенің негізгі тезисін ой елегінен өткізу
және жоспарлау кезеңінде тұжырымдайды (эссе жоспарының немесе
карта-сызбасының құрылуы), ал азат жол мәтінінде ол өзінің көзқарасын
білдіреді. Тезис пайда болуының алдында көбіне мынадай клишелер
қолданылады:
Міне сондықтан. Бұны осылай дәлелдеуге болады. Осыны
дәлелдейік. Бұған көз жеткізу өте оңай. Бұны төмендегі жағдайлар түсіндіреді.
Бұл клишелер оқырманға/ сарапшыға мәтіннің келесі бөлігінің
дәлелдеме қатарына жататынын ескертеді. Дәлелдеме ретінде автор
пікірінше тезис шындығын дәлелдейтін пайымдаманы қарастырамыз.
- 6 -
2-ТҰЖЫРЫМ:
аргументтеу теориясы, оның негізгі түсініктері (тезис, аргумент, дәлелдеме,
тұжырым) маңызды эссе, көбінесе, эссенің негізгі бөлігін жазудың басты
жағдайлары болып табылады.
Тұжырымдар деп нені атаймыз?
Сонымен, осылайша
секілді қыстырма
сөздер,
сондықтан, сол себепті
деген сөздер мен сөз тіркестері,
Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылайық. Қорытындысын шығарайық. Жоғарыда
айтылғандардан шығатын түйін. Тұжырым жасайық...
сияқты сөйлемдер
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |