Дәрістер мазмұны бастауыш сынып оқушыларының жобалау әрекетін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет114/335
Дата11.05.2022
өлшемі2,73 Mb.
#141889
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   335
Байланысты:
Д рістер мазм ны бастауыш сынып о ушыларыны жобалау рекетін й

Төртінші қадам. 
Мектептің даму жоспарын дайындау. Жобалық семинарға
қатысу үшін әкімшілікпен жұмыс топтарының өкілдері енген ұшқыш
топтарды қалыптастыру. Жоба семинары барысында педагогикалық аудит 
мәліметтерін, ауданның білім беру жүйесінің даму бағытының
концепсиясын, мектептің оқу тәрбие жүйесін анализдеуді қосатын 
мәліметтер пакетімен жұмыс негізғнде мектептің даму жоспарын құру. 
Бесінші қадам.
Педагогикалық кеңес отырысында жоспарды көрсету мен
нақтылау. Жоба жоспарын, мектеп миссиясы және оның негізгі даму
бағыттарын ұжымдық нақтылау. Жобаны жүзеге асырудағы ұжымның әр 
бір қатысушының ролін анықтау. Мектептің негізгі құжаттарын жасауда 
көптеген адамдарды қатыстыру. 
Алтыншы қадам. 
Әрбір бағыт бойынша жұмыс жасау, оқу және
әдістемелік өнімдердің жаңа түрлерін жасау; мектеп ішілік құжаттарды
бірігіп жасау; өзіндік құалыптасу бойынша жұмысты жоспарлау.
Жетінші қадам.
бағыттар бойынша іс әрекеттер нәтижелерін жалпылау.
Жоба алды кезеңді жобаны халық алдында көрсету аяқтайды. Жобалауға 
қатысты кең түсіндірілетін көрнекіліктерге педагогикалық талаптар тек
қана адамның мәселені табуға араласуы ғана емес, сонымен қатар оны
басқа адамдарға дәлелді түсіндіруді қамтиды. Ойды жеткізу сурет, сызба, 
іс әрекет принциптерін сөзбен бейнелеу арқылы көрсетілуі мүмкін.
Жобаны көрсету формасына талаптарды қалыптастырған пайдалы.
Мысалы ретінде «жазға лагерь: болжамы» жобасына қойылған талаптарды 
көрсетейік.
Жобада тұжырымдамалы тақырыптардың біреуі өңделеді: «Бала және 
лагерь», «Лагерьдегі педагогика», «Қоғам және лагерь». Жоба ұжымдық 
шығармашылық негізінде жасалады.
Жобаның мазмұны мәселелер жүйесін шешуді немесе бір, бірнеше
мәселе блоктарын мақсатты жасауды бейнелеуі мүмкін.
Жоба логикалы, дәлелді көрсетілуі, бүгінгі күндегі кемшіліктер
позитциясымен негізделуі керек. Ол уақытты озуы мүмкін, бірақ
шынайы түрде қалады.
Жобаны көрсету формасы бойынша ғылыми, бұқаралық немесе әдеби
шығармашылық болуы мүмкін. 
Жобаның сызбамен, суреттермен және т.б көрсетілгені дұрыс. Көркем 
әсемдеу және театрализация элементтерін қолдануға болады. 
Әр бір құрлымдық бюро және әр бір жобаның визиттік карточкасы
болады: девиз, атау, эмблема. 
Жобаның бастауы туралы соңғы шешімдерді қабылдау презентация
барысында немес одан кейін оның сәттілік алғашарттарын эксперттік
бағалау қабылдайды. Осындай авторлық және сыртқы, тәуелсіз, кешенді,
экспертиза кезінде тарихи педагогикалық аналогия әдістерін, мамандар
бағалауын эмитациялық моделдеуді, рейтингтік бағалауды қолдануға
болады. Ойды түзету экспертиза шешіміне байланысты жүреді, сонымен
жоба алды кезең аяқталады. Әрі қарай жобалық ойларды өмірде жүзеге
асыру бойынша жұмыстар басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   335




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет