Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес,
педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі
ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі
басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер
жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба
барысында пайда болған проблемаларды талдау, шешім қабылдау,
жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.
Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай
басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің, немесе элеметтердің
әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеааралық «көлденең»
байланыстардың болуына негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі –
оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім
қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады.
Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі
және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге
асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы
жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде
ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға
қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: